4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы», «Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа
Оқу мақсаты:
|
10.1.4.1 прозалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау;
10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру.
|
Бағалау критерийі:
|
Білім алушы :
Жалпыадамзаттық мәселені анықтайды;
Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыра отырып, ортақ идеяны түсіндіреді.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Қолдану
|
Орындау уақыты:
|
25 минут
|
Тапсырма
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Иелі ауру
Біз Тілеуқабыл қажының үйіне келіп түстік. Көне тартқан абажадай үлкен үйі бар екен. Кіріп келгенде-ақ салақтығы көзге шалынды. Үйінің іші қоқыр-соқыр, күл-топырақ. Оң жақ босағада айран құйылған табақ, төгілген сүт, шала жаланған аяқтар, аяқ алып жүре аларлық емес...
Бойжеткен қызы, жас келіншегі бар екен, бізден ығысып шығып кетті. Алпыс-жетпістерге келген кәрі кемпір ақсаңдай басып үйге кіріп отырды. Амандаспады, өзі мен өзі болды: көзінің соқырлығын, кәріліктің қиын екенін айтып зарлана бастады:
— Жас жеткендік бір шара, көз көрмегені қиын екен. Екі-үш жылдан бері осы бір дерт пайда болды, — деді.
Ұзамай мырзасы келді. Көзін көлеңкелей қарап отырып, жөн сұрасып амандасып болған соң, көз аурудан бұ да зарлана бастады.
— Көзден мүгедек болғаныма екі-үш жыл болып барады. Табан ізді зорға көрем.
— Докторға қаратпадыңыз ба?
— Ой, шырағым-ай, құдай сәтін салмаса, доктордың қолынан не келеді дейсің. Былтыр Бермеғамбеттің баласы да осындай дертке ұшырап, докторға қаратқан екен, сылимын деп көзін ағызып жіберіпті, — деді...
Шай келді. Шай мен бірге мырзаның бәйбішесі, қызы келді. Олардың да көзі жасаурап, қызарып, былшықтанып кеткен. Қарасаң етің түршігеді.
— Сірә, бұл науқастарыңыз жұқпалы ғой, адамдарыңыздың бәрінде де бар көрінеді ғой, — десек:
— Иә, мына қатында бар. Мына баламызды да айналдырыңқырап жүр, — деп мырза күңк ете қалды.
— Жұқпай қайтсын, қаратуды білмейді, халпе үшкіріп жазамын деп еді, соның сұрағанын бермей отыр, — деп мырзаның бәйбішесі шаптыға сөйледі.
Аулында Рахмет деген бақсы халпе бар екен. Дуаның неше атасының ұлын біледі екен. Сол үшкіріп жазу үшін мырзаның қасқа атын сұрапты! Мырза атын қия алмай, қарата алмай отыр екен... Рахмет халпенің басқа түрлі өнерін, айта келіп бәйбіше:
— Бұл — "иелі дерт". Екі-үш жыл болып барады — мынау (байын көрсетіп) бір жыл ауырды. Көзінен басыр болып жатып алды. Сонда түсінде аян беріпті: "Менің айтқанымды істеп, ауруыңды қаратсаң жазыласың, әйтпесе көзіңнен айрыласың",— деп...
(277 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |