4.Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Тапсырмалар сипаттамасы
|
Сұрақтар түрі
|
Тыңдалым
|
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
- мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды;
-әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді;
-драмалық, прозалық, поэзиялық шығарманы тыңдайды;
-мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтайды;
-көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдайды және салыстырады, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдейді.
|
Сәйкестендіруді және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Оқылым
|
|
-мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажыратады;
-ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, эссе, тезис, интервью, баспасөз парағы) құрылым мен рәсімделуін біледі, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдайды;
-әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды;
-ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, эссе, тезис, интервью, баспасөз парағы) бойынша салыстырмалы (жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясы) талдау жасайды;
-мәтін тақырыбына байланысты қосымша материалдар негізінде ортақ қорытындылар жасайды;
-мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді және оны бағалайды.
|
Оқылым негізінде қысқа жауапты, толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Жазылым және тілдік бағдар
|
|
-публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, баспасөз парағы, тезис, интервью жазады;
-қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп жссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе);
-шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазады;
-тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсынады;
- ғылыми-көпшілік және көркем мәтіндердегі негізгі ұғымдарды анықтай отырып, жинақы мәтін құрастырады;
- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады;
-сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана біледі;
- сөз таптары, тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды дұрыс қолданады;
-сын есімнің, сан есімнің, есімдіктердің, үстеудің жасалу жолдары мен сөйлемдегі қызметін біледі;
-мәтін құрауда есімше сөздерді стильдік қызметіне сай орынды қолданады;
-шылаулардың сөйлемдегі қызметін біледі, мәтін құрауда орынды қолданады;
- сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолданады;
-құрмалас сөйлемдердің (аралас) жасалу жолдарын біледі.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Айтылым
|
|
-ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтайды;
- ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрайды;
-сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер етеді;
-сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады;
-мәтіндегі абзацтардың, бөлімдердің орналасу тәртібін, ақпараттың тақырыппен байланысын анықтайды;
-пікірталастың «пікірталас-монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлейді;
-әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты ) ақпараттарды салыстырып, негізгі идеясын түсіндіреді.
|
Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Достарыңызбен бөлісу: |