Оқылым (5) 2. Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге сүйеніп, кестені толтыр. Қаныштың шын есімі – Ғабдулғани. Анасы Әлима еркелетіп «Ғани, Ғаныш» деп атаған екен. Кейін облыстық орыс-қазақ мектебіне оқуға барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кетіпті.
Қаныштың туып-өскен жері Баянауыл тауының сыртқы бөктері – Ақкелін. Қаныш бала күнінде өте момын, тұйық болып өседі. Төрт-бес жасқа келгенде асық, топай ойындарымен құмарланады. Өзеннің жағасынан әдемі жылтыр тастарды көп жинайды.
Қаныш ауыл мектебінде арабша хат танып, алғаш рет түркі әдебиетінің үлгілерімен танысады. Қаныш – қазақ халқының тұңғыш академигі, бар өмірін ел игілігі үшін жұмсаған кісі. Сондықтан оның жарқын бейнесі біз үшін аса қадірлі, аса қымбат.
Жазылым (5) 3. Оқыған мәтіннің әр бөлігіне ат қойып, жоспар құр. Мәтінге сүйеніп, Қаныш Сәтпаев туралы 3-4 сөйлем жаз. Жоспар: ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------