Ойлау дағдыларының деңгейлері Қолдану Орындау уақыты 20 минут Тапсырма ІІ- нұсқа 1. Жабық ыдыстағы газды 150 Дж жылу жұмсап қыздарғанда ол қандай жұмыс атқарады? Осы процесте оның ішкі энергиясы қалай өзгереді?[2]
2. Газдың көлемі 0,3 м3-тен 600л-ге дейін ұлғайғанда 400 Дж жұмыс жасалған. Егер газ жұмыс жасау процесінде өзгермесе, онда оның қысымы қандай?
a) Газдың ұлғаю кезінде қандай процесс болатынын термодинамиканың бірінші заңы негізінде түсіндіріңіз және жұмыстың формуласын жазыңыз. [2]
b) Газдың қысымы қандай болатынын есептеңіз. [1]
3. Идеал жылу машинасы300 Дж жұмыс атқара отырып, тоңазытқыщқа 700 Дж энергия бөледі. Ал қыздырғыштың температурасы 400 К.
a) Қыздырғыштаналатын энергияны анықтаңыз. [1]
b) Машинаның ПӘК-ін есептеңіз. [1]
c) Идеал машинаның ПӘК-ін анықтайтын Карно формуласын жазып, тоңазытқыштың
температурасын анықта. [2]
4. Қозғалтқышының ПӘК-і 25% автокөлік 3 сағ жүргенде 35 л бензин пайдаланады. Бензин тығыздығы 700 кг/м3. Бензиннің меншікті жану жылуы 46 МДж/кг.
a) Бензиннің массасын анықтаңыз. [1]
b) Бензин толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеңіз. [1]
c) ПӘК-інің формуласы арқылы қозғалтқыштың орта қуатын анықтаңыз. [1]
Жалпы балл: 12
2-ТОҚСАН БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ №1 БЖБ Термодинамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқумақсаттары:8.3.2.17 – термодинамиканыңбіріншізаңыныңмағынасынтүсіндіру
8.3.2.22 – жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау
8.3.2.20 – іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу
принципін сипаттау
8.3.2.19 – жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау
8.3.2.21 – жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну
Бағалау критерийлері Білім алушы • Термодинамиканың бірінші заңын есеп шығарғанда қолданады
• Жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттайды
• Іштен жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципін сипаттайды
• Жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау әдісін
сипаттайды және жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсынады