69.ХХІ ғасырдағы экономиканың қазақстандық үлгісі. ЭСПО-2017. «Нұрлы Жол – болашаққа жол» жаңа экономикалық саясаты.
Кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған. Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты [1]. Қазақстан тарапынан барған ұйымдастырушылар Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесінінің басты тақырыбы ретінде «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады. Екіншіден, орнықты энергиямен жабдықтау осы күнде жаһандық көлемдегі негізгі мәселе болып саналады және оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға келер зиянды төмендетуге септігін тигізеді. Үшіншіден, Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының басты негізі — еліміздің дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанғандығы. ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы болмақ? ЭКСПО — индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. ЕХРО 2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 млн адам келді.ЕХРО-2017 көрмесінің символдары ретінде Қуат, Мөлдір және Сәуле таңдалды.
Қуат (күш, билік) - жердегі энергияны білдіреді.
Мөлдір(айқын, таза) - судан алынған энергия.
Сәуле(күн сәулесі) - күннен алынған энергия
EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы – өзінің тарихилығымен ерекшеленетін кезекті құжат. Елдің Жаңа экономикалық саясаты туралы Жолдау барша қазақстандықтар сияқты Жаңақорған халқы тарапынан да бірауыздан қолдау табуда. Өздеріңіз байқағандай, Елбасының қазақстандықтарға жолдаған жаңа Жолдауында түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан. Ұлт көшбасшысы халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған. 1) Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. 2) Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. 3) Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. 4) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. 5) Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. 6) Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. 7) Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру. Сонымен бірге Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен түспейтінін айтты. Ел экономикасының дамуы көлік қатынасының өркендеуімен тығыз байланысты. Өздеріңізге белгілі, жеті бағыттың алғашқысы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз: «Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді...»,–деп Жолдауда нақты айтты. Бұл бағытта біздің ауданымызда да біршама жұмыстар атқарылды. Соның бірі ағымдағы жылы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына 36 551,0 мың теңге қаржы бөлініп, 34,538,0 мың теңгесі игерілді. Ал келер жылы Жайылма, Байкенже, Қаратөбе, Қожамберді, Кеңес, Жаңарық елді мекендерінің ауылішілік көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмекші.
Достарыңызбен бөлісу: |