1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


ХХ ғасырдың аяғындағы Қазақстандағы жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы



бет23/41
Дата03.05.2024
өлшемі191.96 Kb.
#500416
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)

56. ХХ ғасырдың аяғындағы Қазақстандағы жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы.
1989 жылы «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы құрылды. «Әділет» қоғамы-сталиндік репрессия құрбандарын ақтау ісімен, тарихи шындық пен әділеттілікті қалпына келтіру қызметін атқарумен айналысып келе жатқан қоғам.
Елде жүзеге асырылып жатқан демократиялық өзгерістер бұқара халық арасында әртүрлі көзқарастардың, түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына және бірқатар саяси партиялар құрылып, олардың еркін жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Мысалы, 1990 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. Бұл партияның алдына қойған басты мақсаты – республикалық парламент сайлауына қатынасып, оның құрамына өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу еді. Сондай-ақ, партия қоғамдағы жеке меншікті мойындады және өзінің қызметінде кәсіпкерлікті қолдап отыруды көздеді.
1990 жылы Қазақстанда «Азат» азаматтық қозғалысы қалыптасты. Оның басты мақсаты - Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, заң алдында барлық азаматтардың тең құқықтылығын, әлеуметтік әділеттілікті қорғау болды. Одан басқа республикада «Алаш», «Желтоқсан», т.б. саяси қозғалыстар пайда болды. Мұның өзі Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптаса бастағанын көрсетті
57. Қазақстан Республикасында Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы.
1990 жылы 24-сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қазақ КСР-інің Президенті лауазымын белгілеу және Қазақ КСР-нің Конституциясына өзгерістер енгізу туралы Заң қабылданды. 1990 жылы қазанда Қазақстанның егемендігі туралы Декларация жарияланды. Республика егемендігінің орнығуымен бірге Республика Президентін бүкілхалықтық сайлау қажеттігі туындады. 1991 жылғы 1 желтоқсан - бүкілхалықтық Президент сайлауы қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды.
1991 жылғы 10 желтоқсан - Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді. 1991 жылғы 10 желтоқсан - Қазақ КСР-нің атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.
Президенттік институтты талқылау пікірталас жолымен жүргізілді. Бір депутаттар президенттік институт республиканы кеңестік орталықтан алыстатады, Қазақстанның толық дербестігі үшін құқықтық негіз құрайды, авторитаризмді тудырады деп есептеді. Ал басқалары, керісінше, әртүрлі саяси және құқықтық дәлелдер келтіре отырып, республикада Президент лауазымын енгізу қажеттілігін толықтай құптады. Кейбір депутаттар сол кездің өзінде президентті жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайлау керектігі туралы пікірлер білдіргені есте қаларлық нәрсе, өйткені «шынайы халық президенті – бүкіл халықтың қалаулысы». Көпшілк дауыспен (18 дауысқа қарсы 317 дауыс) ҚазақКСР Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Президенттің орынбасары (вице-президент) С.А. Терещенко болды. Президент қызметін қамтамасыз ету үшін Президент Кеңсесі (Аппараты) және Президент кеңесі құрылды. Президент аппаратының басшысы болып танымал администраторлардың бірі Нұртай Абықаев тағайындалды. Президент кеңесіне – Мемлекет басшысы жанындағы саяси-кеңесші органға – Жоғары Кеңес Төрағасы Ерік Асанбаев, премьер-министр Ұзақбай Қараманов және бірқатар депутаттар енді. Президент лауазымын тағайындау халықтың экономикалық және саяси реформаларын жедел іске асыруға, әлеуметтік жағдайды тұрақтандыруға деген халық үмітін білдірді. КСРО және Қазақстандағы саяси құбылыстардың барысы Президент Н.Ә. Назарбаевтың беделі мен танымалдығының артуына ықпал етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет