1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Көтерілістің тарихи маңызы



бет3/41
Дата03.05.2024
өлшемі191.96 Kb.
#500416
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)

Көтерілістің тарихи маңызы
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.
4. Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдыққа қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
8.1917 жылғы Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы.
1917 жылғы 24-27 ақпанда Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде, монархия құлатылды (II Николай билігі). 1917 жылы Ресейдегі ақпан төңкерісінен кейін Қосөкімет орнады (1917 жылы 5 наурыз). Ол Уақытша үкімет және Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі.
Қос өкімет дегеніміз – бір мезгілде билікке екі тап өкілдерінің келуі. Бұл жерде нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады.
Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы туралы хабар, Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі Президиумының халыққа жолдауы Қазақстанға 1917 жылы наурыздың 2-3-інде келіп жетті.
Уақытша үкіметте, Петроград Кеңесі де алғашқы кезде бір-бірін жарыса толықтырумен болды. Уақытша үкімет қажетті заңды өкілеттіліктері бар жоғарғы мемлекеттік жалпыхалықтық сайланған органның еркін білдіретін таза қызметтік аппарат ретінде әрекет етті.Мұндай жағдай жергілікті жерлерде, шет аймақтарда әлі де билікке ие, жазалаушылық қабілетінен айрыла қоймаған көне (патшалық) бюрократиялық басқарудың қарсылығын бірден басты. Уақытша үкімет буржуазияның мүддесін көздеді.
Петроград Кеңесінің Президиумы өз кезегінде халықтың қажетті қолдауына ие болды, губерниялар мен уездерге тікелей халықтық үкімет – Кеңестерді құруға шақырған жеделхаттар жіберді. Мұндай әрекет революцияның жеңісін бекіте түсу үшін қажет болды, өйткені бұл ақпан жеңісін сақтап қалуға және буржуазияның барлық биліктерін шектеуге белгілі мөлшерде жағдай туғызатын еді.
Петроградтан тараған нұсқаулар жер-жерде, оның ішінде Қазақстанда да қозғалыстың өрістеуіне себепші болды. Бір жағында буржуазиялық элементтер әрекет етсе, екінші жағында революциялық-демократиялық күштер қимыл жасады. Олар соған сәйкес Уақытша үкіметтің жергілікті құрылымдарын атқарушы комитеттер мен революциялық билік органдары-Кеңестер құрады.Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: «Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларда өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді», - деп түсіндірді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті.
Самодержавияның құлатылғаны жайлы хабарлар жер-жерлерге жетісімен түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың өкілдері жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ, өздерінің қоғамдық ұйымдары арқылы жергілікті басқару органдарын құруды қолға ала бастады. Қоғамдық негіздегі құрылған мұндай жергілікті басқару органдары: азаматтық атқару комитеті, біріккен қоғамдық құрама (коалициялық) атқару комитеті деген сияқты атауларға ие болды.
9.1917 жылғы шілдедегі Жалпықазақ съезі және оның Алаш партиясын құру туралы шешімі.
Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:
1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 9. Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу
Сьезд қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ә.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Айдархан Тұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатов, А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ә.Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылғандардың арасында Г.Н. Потанин, В.Чайкин, Т.Нарботабеков, Ә.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де бар еді.«Алаш» партиясы (1917—1920) — Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.
10.1917 жылғы қазан революциясы кезеңiндегi Қазақстан.
1917 жылы 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта большевиктер дайындаған қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтеріліске шыққан жұмысшылар, солдаттар мен матростар ел астанасының аса маңызды объектілерін басып алды. 25 қазан (7 қараша) күні таңертең Петроград кеңесінің әскери-революциялық комитеті Уақытша үкіметтің құлағаны және барлық билік толығымен өз қолына өткені туралы хабарлады.
Осыдан кейін өткізілген Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде Кеңес өкіметінің жоғарғы органы Бүкілхалықтық Орталық Атқару Комитеті сайланды, В.И.Лениннің басшылығымен алғашқы Кеңес үкіметі – Халық Комиссарлары Кеңесі құрылды.
Петроградта Қазан қарулы көтерілісінің жеңуі және орталықта Кеңес өкіметінің орнауы, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес жатқан, сонымен бірге өлкенің жекелеген әкімшілік орталықтары болып табылатын Ташкент, Омбы, Орынбор, Астрахан сияқты ірі қалаларында билік толығымен Қазақстан Кеңестерінің қолына өтуі үшін шешуші мәнге ие болды. Бірақ Қазақстанның облыс және уезд орталықтарында Кеңес өкіметін орнату 4 айға – 1917 жылғы қазанның аяғымен 1918 жылғы наурызға дейін созылды.
1917 жылғы 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде Бейбітшілік және Жер туралы қабылдаған декреттері аштық пен шаруашылық күйзелістен қалжыраған халықтың басым көпшілігінің жаңа билікті бірден қолдап шығуын қамтамасыз етті.
Қазан революциясынан көп бұрын-ақ қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысының көсемдері өз бағдарламалық көзқарастарын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы жайлы өз бағдарламалық көзқарастарын кеңінен насихаттаған болатын, ал қарулы күрес Петроградта жеңіске жеткеннен кейін-ақ 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетіне Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Ғұмаров, Е.Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев, және Ғ.Бірімжановтар құрастырған «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Бағдарлама жобасында он тарау бар. Олардың әрқайсысына тақырыпша қойылған.1) Мемлекет қалпы, 2) Жергілікті бостандық, 3) Негізгі құқық, 4) Дін ісі, 5) Билік һәм сот, 6) Ел қорғау, 7) Салық, 8) Жұмысшылар, 9) Ғылым-білім үйрету, 10) Жер мәселесі.
11.Екiншi бүкiлқазақ съезi және Алашорданың құрылуы.
Алаш партиясының көсемдері Петроградта қарулы күштердің жеңгені туралы хабар алысымен Қазақстанда билік Кеңестердің қолына өтіп кетпеуі үшін нақты қадамдар жасады. Бұл қиын жағдайдан шығу үшін Алаш партиясының басшылығы II Бүкілқазақ съезін шақыруға шешім қабылдады. II Бүкілқазақ съезі Орынбор қаласында 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында өтті. Съезге қазақтың он облысынан – Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Ферғана, Сырдария, Закаспий және Астрахань губерниясындағы Бөкей ордасынан 80-ге жуық делегат қатысты.
1917 жылы өткен Съезд Қазақ (Алаш) автономиясын құру туралы шешім қабылдап, оның құрамына Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстары, сондай-ақ Закаспий облысы, Алтай губерниясындағы қазақтар мекендеген аудандар енгізілді. Съезд делегаттары Уақытша үкімет құлағаннан кейін қалалар мен селоларда, қырда қазақтардың этнос ретінде өмір сүруіне зор қауіп төндіретін анархияның өсуі күннен-күнге күшейе түсіп отырғанын атап көрсетті. Осыдан келіп съезд «халықты аман сақтап қалу мақсатында» Уақытша халық кеңесінің тиянақты билігін құруға қаулы қабылдап, оны «Алашорда» (Алаш автономиясының үкіметі) деп атады да, Алашордаға «қазақтар тұратын жерлердегі барлық атқарушы билікті өз қолына алуын тапсырды».
Уақытша халықтық кеңес – «Алашорда» 25 адамнан тұруға шешім қабылданды. Съезд үкіметінің 15 мүшесі сайланды, ал 10 орын Қазақстанда тұратын орыс және басқа ұлт өкілдеріне қалдырылды. Алаш Орда үкіметінің алғашқы орналасқан жері - Орынбор қаласы.Алашорданың шығыс бөлігінің орталығы Семейде орналасты. Ә.Бөкейханов Қазақ (Алаш) автономиясы үкіметінің төрағасы болып сайланды.Съезд қазақ милициясын құру жоспарын жасады. Съезд құжаттарының ішіндегі ең маңыздысы қазақ автономиясын құру жөніндегі шешім болып табылады. Съезд делегаттары автономияға ұлттық-аумақтық мемлекеттік құрылым ретінде анықтама беруде бірауыздан келісті.
1918 жылы қыркүйекте Алашорданың батыс бөлігі құрылды. Алашорда үкіметі елде II Бүкілқазақ съезінің шешіміне сәйкес ұлттық қарулы күш – халық милициясын құруға кірісті. Милицияға 30-дан 35 жасқа дейінгі ер адамдар қабылданды.
Бірақ осы кезеңде негізінен жұмысшылар мен гвардия отрядтарына сүйенген Қазақстандағы Кеңестер облыстық және уездік орталықтардағы билікті басып алып, соңынан ауыл-селолық жерлерде де Кеңес өкіметі орнағанын жариялады. Жаңа өкімет жағындағылардың күші басымдыққа ие болған Сырдария, Ақмола облыстарының басым бөлігінде, Бөкей Ордасында оның қарсыластарының бір-бірінен байланысы үзіліп қалып, лайықты қарулы қарсылық көрсете алмады, Кеңес өкіметі негізінен «бейбіт жолмен» жергілікті кеңестердегі большевиктер мен олардың жақтастарының санының көптігімен жеңіп шықты.
12.Қазақстан азамат соғысы жылдарында.
Азамат соғысы дегеніміз - бір мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізілетін қарулы күрес.Азамат соғысы 1918 жылы басталып, 1920 жылы аяқталды. Бүткіл Ресей империясының Кеңес өкіметіне өткен территориясын қамтыған бұл соғыста екі тап өкілдері бір-біріне қарсы соғысты Олар: Қызыл Армия - большевиктер– яғни Кеңес одағын құрушылар және Ақгвардияшылдар–меньшевиктер Уақытша және патша үкіметін қолдаушылар. Бұларды Алашорда, казактар қолдады.Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.Кеңеске қарсы күштер Орынбордан басқа Жетісу мен Оралда да топтасты. Кеңес өкіметіне жергілікті алашордашылар да қарсы шықты.Азамат соғысымен қатар Ресей жеріне одақтасы Антантаның қолдауымен шетел интервенциясы кірді.Қазақстандағы азамат соғысы мен шетел интервенциясының жандануында Чехословак корпусының бас көтеруі большевиктерге қарсы барлық күштерді қозғалысқа келтірді. Ақ гвардияшыларды қару-жарақпен, қаржымен жабдықтады. Біріккен соғыс операцияларын жоспарлады. Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті майдан қажетіне жұмылдыру халықтың әр түрлі топтары арасында азық-түлікті тұтынудың жаңа әдісін енгізу қажеттігі туындады. Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес үкіметі Азамат соғысы басталысымен «әскери коммунизм» саясаты деп аталатын экономика саласында төтенше шаралардың тұтас жүйесін енгізді.«Әскери коммунизм» саясатының негізгі мәні азық-түлікті жоспарлы түрде бөлу болып табылады. Кеңес өкіметі В.И.Лениннің бұйрығымен «шаруалардың өндірген өнімінің өздерінің күнкөрісіне жететін шағын бөлігінен басқасының бәрін армия мен өнеркәсіптің мұқтажы үшін мәжбүрлеу жолымен» алуға тиіс болды. 1919 жылы қаңтарда Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі азық-түлік салғыртын енгізді.Бұл кезеңде Азамат соғысы елде кеңінен қанат жайды. Қазақстанмен шектесетін аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда болды. Қазақстанның көптеген өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып, Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Алашорда Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынбордан атаман Дутовпен одақ құрды. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысы комитетімен тығыз байланыс орнатты, Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу казактарымен байланысын нығайта түсті.Алаш көсемдері Ә.Бөкейханов пен Ә.Ермеков әскери бөлімнің меңгерушісі Х.Тоқтамышевпен бірге 1918 жылы шілде мен тамызда Самарадағы Құрылтай жиналысының комитеті және Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен Алашорда қарулы күштерін құруға көмек көрсету мәселесі бойынша келіссөздер жүргізді. Алашорданың батыс бөлімшесінің басшылары Жанша мен Халел Досмұхамедовтер Самарадан Құрылтай жиналысының комитеті арқылы 600 винтовка мен пулемет алды және жақын уақытта 2000 адамнан тұратын қазақ әскерін ұйымдастыруға уәде етті. Дутовтың көмегімен екі атты полк: Бірі Қостанай, екіншісі Ырғыз уезінде құру ісі қолға алынды. 1918 жылы тамызда Семейде Уақытша Сібір үкіметінің сенімді өкілі Давыдовтың көмегімен екінші бір атты полк құрылып, оның құрамы 38 офицер мен 750 жауынгерден тұрды.1918 жылғы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын жаулады. Сәуірде оларға қарсы «Ерекше армия» құрылды. 1918 жылы 3 шілдеде Атаман Дутов Орынборды басып алып, Кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады. 1918 жылы наурызда генерал В.Толстов өзін Орал казактарының атаманы деп жариялап Гурьев қаласын басып алды.Алашорда үкіметі Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы Сібір Уақытша үкіметімен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен (Комуч) одақтасып, Кеңес өкіметіне қарсы шықты. 13.Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы.
Елдің шығысындағы алғашқы Кеңестік республика 1918 жылы 30 сәуірде жарияланған Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (Түркістан АКСР-і) болып табылады. Қазақстанның оңтүстік облыстары (бұрынғы Сырдария, Жетісу обл.) Түркістан АКСР-інің құрамына енді. Түркістанда құрылған алғашқы ұлттық мемлекет көп өмір сүрген жоқ.1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық қызу жүріп жатты.1920 жылы 20 тамызда РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезі өткізілді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Меңдешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.А.Радус-Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. «Декларацияда» Қазақ АКСР-ның мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары және Каспий облысы мен Астрахань губерниясының қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қаласы (1920-1924) болып белгіленді. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Оған 273 делегат қатынасты. Съезде Қазақ АКСР-нің ОАК сайланып, ХКК құрылды. 1921 жылы соғыс коммунизм саясатының орнына жаңа экономикалық саясат енгізілді. 1921-1922 жылдары жер-су реформалары жүргізіліп, 470 мың гектардан аса жер қазақ шаруаларына қайтарылды. 1924 жылы 5-10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды. Кеңестік Орта Азия республикаларының ұлттық-межелеу нәтижесінде Жетісу және Сырдария облыстарының қазақ аудандары Қазақ АКСР-ге қосылды. Патша әкімшілігі кіргізген «киргиз» деген атау 1925 жылы сәуірде жойылып, қазақтар өзінің тарихи атауын қайтарып алды. 1924 жылы ел астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губерниясы РКФСР-ге өтті.Жаңа әкімшілік бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал (құрамына Бөкей облысы уезд дәрежесінде кірді) облыстарынан және республика Үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі, сондай-ақ, Қарақалпақ автономиясы облысқа кірді. 1928 жылы Қосшы одақтары нығайтылып, 300-ден астам ұжымшар, 5 кеңшар құрылды, губерниялар мен уездер таратылып, округтер мен аудандар құрылды.1929 жылы 13 округ (Адай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Гурьев (қазіргі Атырау), қарқаралы, Қызылорда, Қостанай, Кереку (қазіргі Павлодар), Қызылжар (қазіргі Солтүстік Қазақстан облыстары), Семей, Сырдария, Орал) құрылды. 1929 жылы мамырда ел астанасы Алматыға көшірілді.1929 жылы жаппай ұжымшарға бірігу қозғалысы басталды. Ол байлар мен кулактарды тап ретінде жою, кеңестік озбырлық тұтатқан көтерілістерді қарулы күшпен басу және көшпелі халықты отырықшыландыру науқандарымен қатар жүргізілді. 1928-1937 жылдары республикада 1-2 бесжылдық жоспарлары бойынша 200-ге жуық ірі өндіріс орындары салына бастады. Олардың ішіндегі ірілері Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту зауыттары болды.КСРО-дағы 3-көмір бассейні атанған Қарағанды және Алтайдағы кен орындары тез дамыды. Жедел түрде Түрксіб темір жолы іске қосылды. 1932 жылы бұрынғы округтер таратылып, орнына 6 облыс (Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан) құрылды.1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа конституциясы бойынша Қазақ АКСР-ы одақтас республикаға айналды.
14.Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан.
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда)
Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді.
Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды.
1.1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.
2.Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.
3.Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.
4.Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.
5.Жерді жалға беруге рұқсат берілді.
6.Несие берілетін болды.
7.«Қосшы Одағы» құрылды.
8.1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады.
15.Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу.
ХХ ғасырдың басында қазақ жеріндегі мемлекеттілік үшін күрес күрделі сипат алды. В.И.Лениннің идеясы бойынша басталған Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуге қазақ саяси басшылығының көзқарастары үйлесе бермеді. Мәселен Мұстафа Шоқайдың «Тұтас Түркістан» идеясы Орта Азиядағы түркі мемлекеттерін біріктіруге арналған еді. Бірақ Кеңестік билік Мұстафаның бұл идеясынан өлердей қорықты. «Мұндағы саяси тіршілікке сын көзін қадап отырған М.Шоқайдың түрлі мысалмен дәлелдеп қорытқанындай большевизм « Түркістанда ұлттық тұтастық пен ұлттық мемлекеттің құрылуынан өлердей қорқады. Сондықтан қайткен күнде де мұндай тұтастықты болдырмауға тырысады». Тұтастықты бұзудың жалпытүркілік тұтастықты сезіну беретін қуатты әлсіреудің төте жолы — Орта Азиядан алдымен Қазақстанды оның Орта Азиялық бөлігімен қоса бір бөліп алу, сөйтіп бауырлас халықтардан қазақтарды ажыратып алшақтатып жіберу» /4/.
Тұрар Рысқұловтың да идеясы осы сипатта еді. Ол Түркістан Республикасын құру үшін талмай күресті. Осыған байланысты Т.Рысқұловты 1924 жылдың аяғына таман Монғолияға елші етіп ауыстырды. «Түркістан Республикасы Кеңестерінің ХІІ съезі Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу саясаты іс жүзіне асырыла бастаған кезде өтті. 1923 жылдың соңына таман бұл бағыттағы шаралар тұрақты сипат ала бастаған еді. РКП (б) Орталық Комитетінің алдында Орта Азияның үш республикасының аумағын қайта межелеп, жеке-жеке ұлттық республикаға жіктеу міндеті тұрды. Ал РКП (б) Орта Комитеті Т.Рысқұловты бұл процеске қарсы тұрған адам деп санады, сондықтан да оны межелеу саясаты толық қарқынмен басталғанға дейін республикадан тысқары алып кетуге тырысты. ХІІ съезд аяқталысымен-ақ РКП (б) Орталық Комитеті бұл іске шұғыл кіріскені белгілі. 1924 жылы 24 және 31 қаңтар, 4-14 ақпан күндері бұл мәселе РКП (б) Орталық Комитетінде үсті-үстіне талқыланды. Талқылауға С.И.Гусев, М.И.Калинин, В.В.Куйбышев, И.М.Межлаук, Я.Э.Рудзутак, И.В.Сталин, Г.В.Чичерин және басқа да көптеген адамдар қатысты. Сондықтан да Т.Рысқұловтың Түркістан Республикасынан өтуі РКП (б) Орталық Комитетінің саясатының нәтижесі деп түсіну қажет
16.Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны.
“Кіші Қазан” ұғымын ойдан шығара отырып, іске асырған Голощекин. Ол — саяси-теориялық білімі аса төмен, ең бастысы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерінен хабары жоқ адам-тын. 1925 жылы басшы болып келгеннен бастап, оның тар өрісті солақай саясатының арқасында Қазақстан халықтары бұрын-соңды болмаған көптеген ауыртпалықтарды бастан кешірді. Соның алғашқыларының бірі — “Кіші Қазан” науқаны болды. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп байбалам салды. Голощекин мен оның төңірегіндегілер жергілікті әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшелігін түсінбегендіктен, қазақтарда әлі де рулық құрылыс өктемдік етуде, байлар жойылмаған, тіпті капиталистік қатынастар өмір сүруде деп көрсете отырып, оларды жою қажет деп жариялады. Голощекин түсінбеген, немесе түсінгісі келмеген мәселесі мынау еді. Қазақтардың негізгі байлығы мал болып есептелетін. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі талабы жайылымдықтарға ие болу еді. Малы жоқтарға жайылым да қажет емес, керісінше, малы барларға ғана жайылым керек болды. Сондықтан да байлар рулық меншік деп есептелетін жайылымдар мен шабындықтардың иесі болатын. Малдан айырылса оларға да жер көп қажет болмай қалатын. Мұны түсінуге өресі жетпеген Голощекин мен оның жандайшаптары қазақ байларына қарсы күресті малды бөліп беруден емес, жерді қайта бөлуден бастады. Бұл қате науқан 1926 ж. 20 мамырда қабылданған “Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы негізінде басталды.Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылдың маусым және шілде айларында басталды. Дәл осы конференцияда былай деді: “Біз маңызын әлі өзіміз де ұға қоймаған орасан зор науқанды өткердік — бұл жайылымдық және егістік жерлерді қайта бөлу. Жайылымдық жерлерді қайта бөлу дегеніміз не? Бұл дегенің Кіші Қазан болып табылады. Бұл 2-ші пленумда Сәдуақасов қарсы айқай көтерген нәрсе, бұл Кіші Қазанның дәл өзі. Біз шын мәнінде, іс жүзінде жерге мүдделілік негізінде кедейді байдың жерін тартып алуға зорлай және көмектесе келе, кедейді баймен қақтығыстырдық. Бұл ауылдағы тап күресінің нағыз өзі”. Байқап отырғанымыздай Голощекин 1926—1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын “Кіші Қазан” деп атады. Бұл тек 1926—1927 жылдарда жүргізілген, бірақ сәтсіз аяқталған, жартыкеш науқан ғана болып шықты. Ол науқан қазақ ауылына елеулі әлеуметтік өзгерістер әкелген жоқ. Голощекиннің “Кіші Қазаны” — шабындық және егістік жерлерді қайта бөлуі сәтсіз аяқталды. Оны біз мына ресми мәліметтен де айқын көреміз: “Қайта бөлуді өткізу бірқатар қиыншылықтарға кездесті: жерлерді есепке алу жүргізілмеді — олар көзбен, доңғалақтардың айналымымен, адамдардың және аттардың адымдарымен, арқанмен және т.с.с өлшенді; байлар оған қарсыласып, әр түрлі өсек-аяңдар таратты, уәкілдерді және жасырылған жайылымдарды көрсеткен кедейлерді соққыға жығып тастаудың бірқатар жағдайлары болды; Қосшы одағы жалпы алғанда қайта бөлуге қатысуда жеткілікті белсенділік көрсете қоймады, қайта бөлу төңірегіне кедейлер бұқарасын жеткілікті топтастыра алмады. Болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер қажетті белсенділік таныта алмады, қайта бөлу ауылдық кеңес аппаратында таптық бағыттың бұрмалануы орын алғанын анықтады. Кейбір ауылдық кеңестер төрағалары осыған байланысты орындарынан алынды”.“Кіші Қазан” науқанын дұрыс жүргізе алмаған Голощекин қолындағы билікті пайдаланып, халықты қырғынға ұшырататын жаңа, тікелей күшпен тәркілеу бағытын ұстай бастады. Бұл “Кіші Қазаннан” да қатерлі бағыт еді. Қазақ ауылына алапат аштық апаты жақындап келе жатты 17. Қазақстандағы индустрияландыру саясаты және оның қайшылықтары. Партияның 1925 жылы (18-31 желтоқсан) өткен ХІY съезі елді соцалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Социалистік индустрияландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан ірі машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта құруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды. Кеңестер одағының экономикалық тәуелсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы капиталистік елдерді индустриялды даму жағынан барынша қысқа тарихи мерзімде қуып жетіп, елді индустриялды державаға айналдыру міндетін қойды. Партия мұндай міндетті орындау үшін елдің бүкіл материалдық және өндіргіш күшін толығымен осы мақсатқа бейімдеу қажет деп шешті. Алайда социалистік индустрияландырудың капиталистік индустриялан- дырудан ерекшелігі болды. Капиталистік мемлекеттер өздерінің индустриялды дамуын, әдетте, пайда тез түсетін жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытудан бастайды. Осы салаларға тән болып келетін кәспорындардың шағындылығы мен оған жұмсалатын қаржының (капиталдың) айналымдылығы әуелгі кезде жеңіл өнеркәсіпті өте тиімді салаға айналдырады. Тек уақыт өткен соң ғана жинақталған қаржы біртіндеп ауыр өнеркәсіпке ауысуына байланысты ауыр индустрия салаларын дамытуға мүмкіндік туады. Кеңестік тарихнамаға партияның 15-ші съезі елді индустрияландыру съезі болып енді. Көптеген кеңестік кезеңдегі зерттеулерде лениндік индустрияландыру саясаты республикалардың ұлттық ерекшеліктерін қатаң ескерді деген пікір басым болды. Алайда большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру саясаты шеткері орналасқан ұлттық аймақтар, оның ішінде, әсіресе, Қазақстан үшін отаршыл бағытта болды. Қорыта айтқанда, большевиктер индустрияландыру саясатын жүзеге асыру нәтижесінде өлкенің экономикалық даму үрдісіне толық өзгеріс әкелді. Бұрынғы кезеңде жетекші орында болған ауыл шаруашылығы, әсіресе, көшпелі мал шаруашылығы және оның өнімдері әрі қарай дамытылмай, дағдарысқа ұшырады. Оның себебі большевиктік саяси басқару жүйесі өлкенің экономикалық дамуының бағытын өзгертті, яғни халық шаруашылығының жетекші саласы етіп өнеркәсіп өндірісін белгіледі және оның қарқынын жеделдетті. Кеңес үкіметі экономикалық дамудың объективті заңдылықтарын мүлде жоққа шығарды. Халық шаруашылығының барлық саласы әкімшіл-әміршіл большевиктік басқару әдісіне бағынышты болды. Өлкенің бұл кездегі өнеркәсіп өндірісінің дамуы шын мәніндегі индустриялық даму жолымен жүргізілмеді. Кеңес өкіметі республиканы тек шикізат көзі етіп пайдаланды. Сөйтіп, большевиктер патшалық Ресейдің өлкені экономикалық тұрғыдан отарлау саясатын одан әрі жалғастырды. 18. Қазақ мүддесін қорғаушылар – С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымдары.
Патшалық Ресей тұсында отарлау саясатына қарсы шығып, азаттық, дербестік үшін, ұлттық бірлік үшін күрескен ұлт зиялылары «сепаратистер», «Пантюркистер» ретінде қуғындалса, қазан төңкерісінде жеңіске жеткен большевиктердің басқыншылығы боса көктеген шақта Қазақстанды Одақтан бөліп әкетуді көздеген «буржуазиялық ұлтшылдар» атанды. Ф. Голощекин Қазақстанға келгенге дейін Қазақ Өлкелік Партия Комитетінде С. Қожанов, С. Садуақасов, Ж. Мыңбаев және басқада ұлт тағдырын ойлаған жауапты қызметкерлер болды. Олар советтік билік жағдайында қазақ мемлекеттігін қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударып, оны іске асыру жолдарын Кеңестік тоталитарлық жүйе ұлт басындағы халық мүддесі үшін күрескен ұлттарды «жіктердің көсемдері» етіп, соның негізінде түрлі «шылықтарды» ойлап шығарды. Солардың бірі – Сәдуақасовшылдық. «Сәдуақасовшылдық» - қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) ұстанған ұлттық позицияға байланысты «партиға қарсы» деп танылған. Қазақстандағы большевиктік шолақ белсенділердің ойлап шығарған ағымы. Басшы қызметте өзіндік пікірі бар, ерекше талантымен ерекшеленген адамдарды жала жауып қуғындап, өзінің жеке дара билігін орнату мақсатында Ф.И.Голощекин осы «Сәдуақасовшылдыққа» және тағы басқа «шылдықтарға» саяси астар беріп, өз пайдасына шебер пайдалана білді. Ұзақ уақыт бойы С.Садуақасов есіміне алашорда ұлшылдары тобына жақын оңшыл оппортунистік идеяны уағыздаушы, Коммунистік партия ішіндегі буржуазия тыңшысы, жеке меншік пен байдың мүддесін көздеуші, партияның жерге орналастыру, байларды тәркілеу, ұжымдастыру мен индустрияландыруларына қарсы болды деген негізсіз айыптаулар тақты. Ұлттық бағыт ұстанған коммунистер қазақ халқының басым бөлігі тұратын ауыл мәселесін көтеріп, «Бетіңді ауылға бұр» деген үндеу тастады. Ауыл жайын сөз еткенде, елдің хат танымайтын бұқарасымен, елмен араласып отырған, елдің жақсы жаманын, кем кетігін көзімен көріп, біліп отырған, ел ішіндегі бас көтерер тілектес адамдармен сөйлесуді, солармен ақыл қосып жұмыс істеуді мақсат етті. Мемлекеттік аппарат пен халық шаруашылығы органдарын қазақтандыру, Қазақстанның бес жылдық мерекесін тойлау, осы мерекеге арнап Советтік Қазақстан жайлы жинақ дайындауды қолға алды. Қазақ халқы үшін аса маңызды жер мәселесін шешуге бел шеше кірісті. 19. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру. Тәуелсіздігімізді алғаннан бері халқымыздың басынан кешкен зұлматты кеңестендіру жылдарының ақиқаттарын ашық айтуға мүмкіндік алдық. Тарихшы ғалымдарымыз, зерттеушілеріміз бен ізденушілеріміз, ұжымдастыру кезеңіне бірқатар құнды — құнды зерттеулер жасап, осы зұлматтың ақиқаттарына жету үшін жан — жақты ізденістер жасауда. Сол зерттеулердің әсерінен көптеген шындық беті ашылуда. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі даму жолымен келе жатқан қазақ ауылы, осы ауылдың тіршілік көзі болған мал шаруашылығын күйрету 1925 жылғы қыркүйек айында Қазақ өлкелік партия комитетіне Ф.И. Голощекиннің жауапты хатшы қызметіне келуімен тығыз байланысты. Кеңес үкіметінің негізгі мақсаты жеке меншіктегі ұсақ шаруашылықтардың басын қосып, қоғамдасқан ортақ шаруашылық құру еді. Басқаша айтқанда, шаруаларды кооперациялау болып табылады. Осы кезге дейін партияның ХV сьезі (1927 жылдың желтоқсаны) ауыл шаруашылығын ұжымдастыру сьезі, деревняны ұжымдастыруға бағыт сілтеген сьезд аталып келді. Ал, шындығында сьезд тек ұжымдастыруға ғана емес, кооперацияның барлық түрлерін қалыптастыра дамыту керек деп нұсқаған. Кулакты тап ретінде жою мәселесінде де сьезд: бұл іс бірте—бірте жүргізіліп, онда да кулак шаруашылығы зорлықпен емес, керісінше, экономикалық әдістермен жойылатын болсын деген. Осының бәрін сьезд жалпы әлеуметтік — экономикалық өзгерістер шеңберінде тындырылатын көп міндеттің бірі ретінде атап көрсеткен. Бірақ сьезден кейін партия, үкімет басшылары ұжымдастыру мәселесін даралап алға шығара бергені шындық. Ұжымдастыру Қазақстанда өте тез қарқынмен жүргізілді. 1929 жылдың 1 қазанынан 1930 жылдың 1 қаңтары аралығында 100 мың кедей және орташалардың шаруашылықтары ұжымдастырылды [1, 4 б.]. Саяси және экономикалық сипаттағы ұжымдастыру науқанын тез арада жүргізу үшін шаруашылықтарды жаппай ірілендіру басталды. Кулактар мен байларды тап ретінде жерлерінен қуып, ұсақ шаруалар шаруашылықтарын бір—біріне қосып, ірілендіріп, ұжымдастырды және егіндік жерлердің мөлшерін кеңейтті. Сонымен, ұжымдастырудың айқын тарихы — «тәжірибе жасау мен қателіктердің», аяусыз да ымырасыз идеологиялық айқастың, саяси, оның ішінде қарулы қақтығыстардың тарихы.Қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылықтың дәстүрлі мәдениетін күйреткен ХХ ғасырдың 20–30 жылдары — Қазақстан тарихының күрделі беттерінің бірі. Осы «ақтаңдақ» беттердің ақиқатын ашуға Қазақстан Орталық Комитеті мен Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1928 жылғы 27—тамыздағы «Бай шаруашылықтарын тәркілеу туралы», 1928 жылғы 13—қыркүйектегі «Аса ірі және жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аударуға қарсы әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы» және 1930 жылғы 19—ақпандағы «Жаппай ұжымдастыру аудандарында ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды нығайту жөніндегі және кулактар мен байларға қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» қаулыларын зерттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы комиссиясының қорытындылары және «Жаппай саяси қуғын—сүргіндер құрбандарын анықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жол ашып берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет