1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі ұлттық тарихты зерделеу



бет35/41
Дата03.05.2024
өлшемі191.96 Kb.
#500416
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)

83. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі ұлттық тарихты зерделеу.
Кітаптың оқшау есте қалар ерекшелігі — əркімді ұлт есебінде өзін-өзі тануға, ұлтының тегін, тарихын, мінезі мен қасиетін саралауға үндейді. Қазақ, біз қандай ұлтпыз, «Мен» дегізерлік, мақтан етерлік қасиеттеріміз қандай, ел-жұртымыздың арғы-бергі тарихында ұрпақтар айта жүрер тарихи тұлғалар, руханият көсемдеріміз кімдер? Болашағымыз қандай, қайда барамыз, ел есебінде аңсаған- көксеген мұраттарымыз нендей? Кітап авторын əрбір естияр азаматтың намысын түрткілер осы алуанда
Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тарихының он екі кезеңін атап өтті:
Қазақстанның бүкіл аумағын қам­титын көшпелі, ежелгі арийлердің қо­ныс­тануы. Оған Сынтасты, Арқайым қорым-кешендері кіреді.
2. Осыдан 4-5 мың жыл бұрын арий­лер солтүстіктен оңтүстікке, оңтүстік Оралдан Үнді өзені бойына ығысты. Сақ патшаларының Есіктегі, Бес­шатырдағы қорғандары одан кейінгі дәуірдің белгілері.
3. Осыдан 3-4 мың жыл бұрын Гоби маңында ғұндар билік құрды. Олардың бір тобы бір ғасырдан соң бүгінгі қазақ даласына құлады. Тәңірге табыну бас­талды.
4. Осыдан 1,5 мың жыл бұрын ғұн нәсілдері - түркілер - Ашина руының түркілері жинақталып, кейін олар түркі қағанатын - Мәңгілік ел қалыптасты. «Қорқыт ата» аңызы сол заманның тарихи сарыны.
5. Бұдан 1300-1100 жылдар бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығысқа көшті. Ол Орхон-Енисей жазбаларында таңбаланды. Тоныкөк, Күлтегін рунасының жазбаларын, қырыққа тән жәдігерлерді енгізуге болады.
6. Осыдан 1100-900 жылдар бұрын Қазақстанға ислам діні дендеп енді. Араб әріпі руна жазуын ығыстырып шығарды. Ғылым-білім дамыды. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари сол заманның сөнбес жұлдыздары.
7. ХІ ғасыр түркілерден шыққан тұңғыш сопы - Қожа Ахмет Йассауи хикметтерімен ерекшеленеді.
8. ХІІ-ХІV ғасырлар Шыңғыс хан мен оның ұрпағын жаулаушылық бірыңғай қазақ халқының табиғи дамуына кесел болып жабысты, қанжоса болды. Сол кезде қазақтан Майқы би шықты. Ол қазақтың үш жүзінің таңбаларын тасқа қашады.Үш жүз өзінің жауынгерлік ұранын алды. Ұлы жүз - Бақтияр - Бақыт, Орта жүз - Ақ жол - Әділет, Кіші жүз - Алшын - От-ана. Олардың ортақ ұраны - Алаш болды.
9. XV-XVIII ғасырлар қазақ хандығы құрылуымен биік сапаға көтерілді. Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау қазақ руханиятының алтын ағысына айналды. Жәнібек пен Керей хан қазақ деген атауды тарих сахнасына алып шықты. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Тәуке ханмен бірге «Жеті жарғыны» жасады. 1729 жылы Аңырақай шайқасы қазақтың болу-болмауы туралы мәселені шешті. «Біз күні бүгінге дейін осынау ұлы оқиғаның тиісті бағасын бергеніміз жоқ»!
10. Бұл ХVІІ-ХІХ ғасырларды қамтиды. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезі еді. Осы кезеңде тарих сах­насына Абылай хан келді. Қазақ елі Ресейдің боданына кірген тұс та осы кезең. Осы сәтте жарқ етіп қазақ көгіне Шоқан мен Абай шықты.
11. ХХ - ХІХ ғасыр Ресейдің гүлденуі де, құлағалы тұрған кезеңін белгілейді. Қазақ өз мемлекетін құруды көздеді. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов Алашорда үкіметін құруға ұмтылды. Қазақ төңкерісі сөз жүзінде еркіндік әкелгенімен, шын мәнісінде қасіретті жаңа бір кезеңге ұласты. 70 жыл бойы коммунистік жүйе қазақтың ұлттық рухын жоғалтуымен айналысты. Тілінен, дінінен айырылған халық қалыптаса бастады.
12. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі қазақтардың рухын оятты. Алып СССР құлады, қазақ егемен, тәуелсіз мемлекет құру құқығына ие болды. Елбасы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың осы атақты еңбегі 1999 жылы жарық көріп еді. Содан бері он төрт жыл өте шықты. Қазақ елі тарихының концептуальды жолы тайға таңба басқандай жазылған-ды. Қазақтың рухани тарихы қазақтың тарихи тұлға ретінде қалыптасқанынан жазылып отыр. Ұлы далада өз өрнегін салған, ұлттық құндылығын, тарихын жасаған, жерін қалыптастырып, қоғамдық қаты­нас орнатқан халық қана рухани дүние қалдырмақ. Сондықтан да рухы мықты елдің тарихы да мықты екенін таразы­лайтын сәт келді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет