1 Зертханалық жұмыс. Операциялық жүйелердің басқаруымен жергілікті желілерді басқару. Тақырыбы: Ақпаратты алғашқы өңдеудің материалдық модульдік жүйесі


Мәліметтерді кабель бойынша беру. Қатынау әдістері



бет2/3
Дата03.01.2022
өлшемі88.89 Kb.
#450115
1   2   3
№1-2 Зертханалық жұмыс

Мәліметтерді кабель бойынша беру. Қатынау әдістері.

  1. Компьютердің желіге қатынауының әдісі – бұл компьютердің қалай және қай кезде хабарды желі бойынша жіберуі немесе қабылдауын анықтайтын ережелер жинағы. Егер жұмыс кезінде бірнеше компьютерлер бір уақытта желіде мәліметтерді беріп жатса, онда «коллизия» (жаңылысу) болады, және мәліметтер пакеті осы компьютерлерден бұзылады. Қатынау әдістері бірнеше компьютерлер бір уақытта мәліметтерді бере алмауы үшін мәліметтерді қабылдау мен беруді реттей отырып желідегі колллизияның болмауын кепілдендіреді.

  2. Қатынаудың негізгі әдістері келесілер:

  • Көптік қатынау («шина», «жұлдыз»);

  • Коллизияны анықтаумен (CSMA/CD);

  • Коллизияны алдын алу (CSMA/CA);

  • Маркерді берумен қатынау («сақина»);

  • Тапсырыстың артықшылығы бойынша қатынау («жұлдыз» типінің кейбір топологиялары).

  1. Коллизияны анықтау мен көптік қатынас кезінде желідегі барлық компьютерлер беріліп жатқан мәліметті табуға тырысып кабельді тыңдайды. Желі бойынша мәліметтерді беру тоқтап және ақпаратты кабель бойынша беру болмаған кезде:

  • барлық компьютерлер кабельдің бос екенін түсінеді;

  • мәліметті бергісі келген компьютер беруді бастайды;

  • мәліметті жіберіп жатқан компьютер кабельді босатпайынша басқа ешқайсысы жөнелте алмайды.



PC-1 PC-2 PC-3 PC-4 PC-5



PRINTER




  1. Егер бірнеше компьютердің мәліметтерді бір уақытта жөнелтуі аңғарылса (коллизияға ұшырады), онда жөнелтіп жатқан компьютерлер мәліметтерді беруді кездейсоқ уақытқа тоқтатады, ал сосын оны қайтадан бастайды. Берілген қатынау әдісіндегі коллизия саны желідегі компьютерлер санымен қолданылатын желілік бағдарламалар санына пропорционалды ұлғайып отырады; бұл желінің өндірушілігін төмендетеді және оны «тұрып қалуға» әкелуі мүмкін.


  2. Коллизияның алдын алуымен көптік қатынау әдісі коллизияны анықтаудан гөрі ақырындау, бірақ жетілдірілген. Олардың айырмашылығы мәліметтерді жіберемін деген компьютер мәліметтерді желіге жөнелту алдында барлық қалған компьютерлерге өзінің мақсаты туралы сигнал жібереді, олар дайындалып жатқан жөнелту туралы хабардар болып, тек сонан кейін ғана жөнелту басталуында. Бұл желідегі коллизияның алдын алады.

  3. Маркерді беру технологиясы «сақина» типінің топологиясында қолданылады. Маркер – бұл желі бойынша бір компьютерден бір компьютерге көшіп отыратын арнайы микр офайл. Маркерде желі бойынша берілетін ақпарат, компьютер – жөнелтушінің мекен-жайы, қабылдаушы компьютердің мекен-жайы және т.б. ауысып отырады. Ақпарат пен толған маркер «иемденген» деп аталады. Берілетін ақпараты жоқ маркер «бос» деп аталады; ол желі бойынша өз бетімен көшіп отырады. Желіде тек бір маркердің көшіп отыруына болады және тек қана бір бағытта (сағаттың тілі бойынша бір компьютерден басқаға).

  4. Мәліметтерді желіге маркермен жөнелту үшін компьютер бос маркерді күтіп оны тартып алу керек, содан кейін мәліметтер маркермен бірге сақина бойынша алушыға беріледі. Алушы мәліметтерді алғаннан кейін сәтті қабылдау туралы ақпараты бар өзгертілген маркерді жөнелтушіге жібереді. Қабылдауды растағаннан кейін босатылған маркер келесі жөнелтушіге дөңгелек бойынша беріледі. Маркермен қатынау әдісінде коллизия болмайды, өйткені бір компьютер берілген уақытта маркерді пайдалана алады.

  5. Тапсырыстың артықшылығы бойынша қатынаудың әдісі коллизияны анықтау әдісімен ұқсас; айырмашылығы бір концентратордың екі немесе одан көп компьютері бір уақытта ақпаратты жөнелтуді бастағысы келген кезде байқалады. Бұл жағдайда коллизия болмайды, өйткені концентратор артықшылығы жоғары компьютерді таңдайды және сол ғана мәліметтерді жөнелтеді. Барлық қалғандары жөнелтуден уақытша сөндіріледі. Артықшылық компьютер қосылған концентраттағы айырушының нөмірі анықталады.

  6. Мәліметтерді бір уақытта әртүрлі концентраттардағы бірнеше компьютерлерден жөнелтуге мүмкіндік жасауда коллизия болмайды, өйткені жөнелтуді басқа концентраторлармен салыстырғанда жоғары артықшылығы бар концентраторлы компьютер іске асырады. Осылайша концентраттар арсныда және әрбір хабтар арасында иерархия болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет