1 Зертханалық жұмыс Тақырыбы: Тұздау әдістерінің еттің физика-химиялық көрсеткіштеріне тигізер әсерін анықтау



бет2/2
Дата18.05.2022
өлшемі21.51 Kb.
#456940
түріҚұрамы
1   2
№ 1 Зертханалық жұмыс Тақырыбы Тұздау әдістерінің еттің физика-химиялық көрсеткіштеріне тигізер әсерін анықтау

Салмағын анықтау

Ет сынамаларының салмағы арнайы техникалық таразыларда ± 0,001 көлеміндегі рұқсат етілген айырмашылықта .анықталады. Кейіннен дәл осы ет сынамалары тұз мөлшерлерін анықтауларда қолданылады.



  1. Ас тұзының жалпы үлесін анықтау

Пышақпен майдалап тураланғаннан кейін фарфорлы келіге салынған зерттелетін ет сынамалары, келсап арқылы езіліп, мұқият араластырылып барып олардың үстіне 100 см3 (яғни 100 мл) дистилденген су құйылған соң, тағы да езіледі және араластырылады. Тұздың толықтай экстракциялануы үшін, осы қоспа 15-250С температурасында 20 минутқа қалдырылады. Қоспа арнайы сүзгі арқылы өткізілген соң, сүзгіден өткен қоймалжыңнан 2 см3 (яғни 5-20 мл) көлемінде сұйықтық колбаға құйылып, оларға бихромат калий индикаторының (K2Cr2O7) 1-2 тамшысы тамызылады және 1 см3 су қосылады. Кейіннен, кірпіш түсіне айналғанға дейін, концентрациясы 0,1 моль/дц3 күміс нитратының (AgNO3) ертіндісімен титрлейді.
Ет құрамындағы ас тұзының жалпы үлесін -Х келесі теңдеу арқылы анықтайды:



мұндағы: Н – 0,1 моль/дц3 күміс нитратының (AgNO3) титрден өткен ертіндісінің көлемі, см3; к – титрге арналған түзету коэфициенті; а – ет сынамасының салмағы, г; 0,00535 – 0,1 моль/дц3 күміс нитратының (AgNO3) титрден өткен ертіндісінің хлор бойынша титрі; V1 – ет құрамын тұздан арылту үшін алынған судың мөлшері, V1 ═ 100 см3 ; V2 – титрлеуге арналған сүзгіден өткізілген қоймалжың (вытяжка) мөлшері, см3



  1. Ақуыз мөлшерін анықтау

Ақуыз мөлшері арнайы теңдеу арқылы е,септеп шығарылады:
Х ═ 100 – (Х1 + Х2 + Х3)
мұндағы: Х – ақуыз мөлшері; Х1 – ылғал мөлшері,%; Х2 – май мөлшері,%; Х3 – күл мөлшері,%.



  1. Май мөлшерін анықтау

Құрамындағы су мөлшері анықталған соң, кептірілген ет сынамасы бюкске салынып, үстіне 19-15 мл көлемінде еріткіш (эфир) ерітіндісі құйылады. Майды айыру (экстрагирование) үдерісі, ұзақтығы 3-4 минуттан 4-5 рет қайталай жүргізіледі. Майды айыру үдерісі барысында, ет сынамасы деміл-деміл араластырылып тұрылады және құрамында еріген май бар ерітіндісі ағызып алынады. Ішінде майдан тазартылған ет сынамасы бар бюкстар алынған маймен бірге кептіргіш шкафта кептіріледі. Майдан тазартылған ет сынамасы бар бюкстар 1050С температурасында кептіру шкафында 10 минут бойына құрғатылады.
Май мөлшерін келесі теңдеу бойынша есептеп шығарады:
Х2═ (m1 – m2)100/m0



  1. Күл мөлшерін анықтау.

Күл (минералды заттар) мөлшерін жылдамдатылған әдіс арқылы анықтай аламыз. Әбден ұсақталған, салмағы 5 гр құрайтын ет сынамасы, фарфорлы тигельге салынады. Оның үстіне көлемі 1 мл сіркеқышқылды магий ерітіндісі қосылады.
Осы сынаманы температурасы 2000С кептіру шкафына 30 минут бойына қойып тұрақты массасына дейін кептіріп, кейін кепкен сынаманы электрплиткасына қойып күйдіріп, күлге айналдырады. Алынған күлді тағы да температурасы 5500С муфельді пешке салып, 30 минут бойына қыздырады. Осылайша, күлдің түсі ашық –сұр түске айналғанға дейін әбден күйдіріледі. Дайын сынама эксикаторда суытылғаннан кейін, ішінде күлі бар тигель 0,001 гр дәлдікке дейін таразыда өлшенеді.
Дәл осындай әдіс бойынша, 1 мл сіркеқышқылды магий ерітіндісі де күлге айналдырылады.
Күл мөлшері келесі теңдеу арқылы есептеп шығарылады:
Х3═ (m1 – m2)100/m0
мұндағы: Х – ақуыз мөлшері; Х3 – күл мөлшері,%; m1 – күл салмағы, г; m2 – ацетат магниін минералдағаннан кейінгі, алынған магний оксидінің салмағы, г; m0 – сынама салмағы, г.
Тәжірибеде алынған мәліметтер мен есептеулер нәтижелері келесі кестеге толтырылады:

Өнім

Тұздау әдісі

Тұздау ұзақтығы, мин

Сынама салмағы, г

Ақуыз, %

Май, %

Күл, %

Ет











































Өнім

Тұздау әдісі

Тұздау ұзақтығы, мин

Тұздауға дейінгі сынама салмағы, г

Тұздаудан кейінгі сынама салмағы, г

Тұздың жалпы үлесі, %

Ет




































Бақылау сұрақтары:
1. Етті тұздау әдістерін айтыңыз
2. Ет құрамына қандай ақуыздар кіреді?
3. Қандай ақуыздар тұзда ерігіш?
4. Ас тұзы еттің сапасына қалай әсер етеді?
5. Май мөлшері қалай анықталады?
6. Күл мөлшері қалай анықталады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет