Тақырыбы: Тақырыбы:Тұқымның сапа класын анықтау.Тұқымның абсолютті өнгіштігін есептеу, шаруашылық жарамдылығы, орташа тыныштық күйі. Тұқым сапасы туралы құжаттарды толтыру («Тұқымдардың кондициялық куәлігі» және «Тұқымдарды талдау нәтижелері»)
Мақсаты: Тұқым сапасының көрсеткіштері және тұқым сапасы туралы құжаттарымен танысу
Тапсырма:
Шаруашылықтық (техникалық) тұқым өнгіштігін анықтаңыз
Абсолюттік тұқым өнгіштігін анықтаңыз
Өсу (өну) қуаты анықтаңыз
Тұқымның орташа тынымы (тыныштық сақтауы) анықтаңыз
Шаруашылық жарамдылығын анықтаңыз
Талдау қағазы бойынша ең алдымен барлық графаларының орташа арифметикалық мәндері (әр бір бақылау күндерінде өскен тұқым саны, бүкіл талдау мерзімінде өскен тұқым саны,т.с.с.) есептелінеді.Содан соң мыналар:
1.Шаруашылықтық (техникалық) тұқым өнгіштігі - өскен тұқым сандарының өсіруге алынған тұқым сандарына проценттік қатынасы бойынша есептелінеді:
п х 100
Шар.өнг.= ----------- , мұнда
П
п - өскен тұқым саны,
П -өсіруге алынған тұқым саны.
Осы көрсеткіш пен тұқым тазалығы арқылы тұқым сапасының тобы анықталады.
2. Абсолюттік тұқым өнгіштігі – барлық бақылау мерзімінде өскен тұқым сандарының өсіруге алынған тұқымдардың ұрықтары өнгендеріне проценттік қатынасы бойынша анықталады:
Бұл көрсеткіш әдетте ғылыми зерттеулерде қолданылады.
п х 100
Абс.өнг.= ----------- , мұнда
П - б
б – бос тұқымдар саны.
3. Өсу (өну) қуаты - өскен тұқымдардың проценттік санын көрсетеді, бірақта бүкіл мерзім бойынша емес, тек оның 1/2 - 1/3 бөлігінде. Мысалға, кәдімгі қарағайдың өнгіштігінің мерзімі 15 күн, ал өсу қуаты тек 7 күнде анықталады (15 кесте).
4. Тұқымның орташа тынымы (тыныштық сақтауы) – тұқымдардың өсу жылдамдығымен сипатталады.Оны мына формула бойынша есептейміз:
п х в +...+п х в
Т.о.т. = --------------------, мұнда
п1 + п2 + ... пп
п - өскен тұқым саны
в – бақылау күні
5.Шаруашылық жарамдылығы дегеніміз – орташа үлгідегі таза өнгіш тұқымдардың проценттік мөлшерінің көрсеткіші.Оны тұқым өнгіштігінің тазалығына көбейтіп және 100-ге бөліп есептейміз:
өнгіштік% х тазалық%
Шар.жар.= ---------------------------
100
Зерттелген тұқым партиясының шаруашылық жарамдылығы мен өсу қуаты тұқым талдау қағазының тиісті графаларына түсіріледі.Ал тұқым сапасының басқа көрсеткіштері талдау карточкасының бірінші бетіндегі бос шеттеріне жазылады.
Тұқымның шаруашылық өнгіштігі мен тазалығы бойынша, егер соңғысының мәні стандартта көрсетілгеннен кем болмаса, тұқым сапасының тобы анықталады (19 кесте).
Өнгіштігі бойынша стандартты, бірақ ластанған тұқымдар қайта тазартуға ұсынылады, ол туралы талдау қағазында көрсетіледі.
Стандартты тұқымдарға «Тұқым сапасы туралы куәлік» бланкасы, ал стандартқа сай емес тұқымдарға – «Тұқым талдау нәтижесі» толтырылады.
Тұқымдық сапасы туралы мөлшерлері анықталмаған тұқымдарға «Анықтама» қағазы беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |