1. Зерттеуді жүргізу мақсаты/не мақсатпен жүргізіледі? Зерттеу сұрағы, Мақсаты



бет7/7
Дата12.05.2024
өлшемі189.65 Kb.
#500923
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Сабақты зерттеу 23-не ҚОРЫТЫНДЫ баяндама

ҚОРЫТЫНДЫ

Мұғалімдер жинақтайтын тәжірибе


Жалпы, Сабақты зерттеу үдерісіне қатысу мұғалімдердің түрлі білімі мен дағдыларының жетілуіне көмектеседі. Мысалы, оқушылардың жұмысына қолдау көрсету, бүкіл сынып қатысатын пікір талас ұйымдастыру, өз сабақтарында оқушылардың бір-бірімен барынша қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, білім беру бағдарламасын іске асыру және өзінің пәндік білімдерін жетілдіру тұрғысынан мұғалімдерге зерттеу сабағын бірлесіп жоспарлау пайдалы.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ
Мазмұн мен оқушыларды білу
Ғалымдардың айтуы бойынша, Сабақты зерттеу үдерісіне қатысу арқылы мұғалімдердің пәнді қалай оқыту керектігі туралы білімі дамиды. Мұғалімдердің тұрақты негізде бірлесіп жоспарлауы және зерттеу сабағы өткеннен кейінгі оны бірлесіп ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауының арқасында мұғалімдердің оқушылар туралы және пәнді оқыту жолдары туралы білімдері тереңдейді.
Қадағалаушы көрген-түйгенінің барлығын қысқаша ескертпе түрінде қолындағы бақылау парағына енгізіп отыру қажет.
Жалпы алғанда, оқушылардың қаншалықты алға жылжығандығының және жоспарланған
нәтижемен салыстырғанда олардың қай деңгейге жеткенінің дәлелдерін іздеген дұрыс. Келесі сабақта бақылауға алынған оқушылардың, оқушы топтарының немесе сыныптың қандаймәселелеріне назар аудару керек? Сабақтан кейінгі сұхбат кезінде оларға қандай сұрақ қоясыз? Қадағалаушы мұғалім сабақ барысында туындаған осы сияқты ойларын үнемі жазып алыпотыру қажет.
Зерттеу тобының мүшелері әдетте өздерін қызықтыратын нақты мәселелерге қатысты деректерді жинайды, мысалы:
• қадағаланатын оқушылардың сабаққа араласу белсенділігі;
• мұғалімнің шағын топтармен әрекеттестігі (кейін мұғалім өзінің қандай шара
қабылдағанын және оған оқушының реакциясын зерттей алуы үшін);
• оқушылардың қойған сұрақтары;
• мұғалімнің қойған сұрақтары;
• оқушының өтіліп жатқан тақырыпқа берген түсініктемесі, әдетте тақырып өтіліп
басталғанда және біткен соң сұралады;
• өз ойларын ерікті түрде білдіру үшін қол көтерген ұлдар мен қыздардың саны;
• оқушылар басқа сыныптасының пікірі негізінде өз ойын өрбітуі немесе өз пікірін
білдіргенде басқа оқушының айтқанына сілтеме жасауы;
• оқушылардың эмоциялары (бет-әлпетінің өзгеруі, дыбыспен білдіруі, дене қимылдары
т.б.);
• проблеманы шешу жолдары туралы оқушының бастамалары. Олардың көздері жанып
тұрды ма?
Сабақты зерттеу топтары зерттеу аяқталған соң оқушылардың пікірінше не пайдалы
болғанын, олардың нені білгенін және олардың көзқарасы бойынша, оны одан да пайдалырақ ету үшін сабақты тағы бір рет өткізсе, нені өзгертуге болатыны туралы пікірін білу үшін
қадағалаудағы оқушылармен сұхбаттасады (Дадли, 2013).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет