10 – лекция. Менеджменттегі мотивация


Маслоу теориясына айтылған негізгі сын адамдардың жеке ерекшеліктерін ескермегендігі Эдуард Лоулер керсінші және қажеттіліктер иерархиясының құрылымын жасады



бет9/13
Дата02.10.2022
өлшемі1.83 Mb.
#461786
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
8cdf3c00a3e363a322914c662685e712

Маслоу теориясына айтылған негізгі сын адамдардың жеке ерекшеліктерін ескермегендігі Эдуард Лоулер керсінші және қажеттіліктер иерархиясының құрылымын жасады.

Қорыта келе, Митгеллдің сөзін келтіре кетейік: басшы өзінің әрбір қызметтерінің нені қалайтындығын білуі қажет. Әр адамға әр нәрсе ұнайды, егер басшы қоластындағыларды тиімді мотивациялағысы келсе, ол олардың жеке қажеттіліктерін сезуі тиіс.

Дэвид Мак Клелланд мотивациясының теориясы

Экономикалық қатынастардың дамуы мен басқарудың жетілдірілуімен мотивация теориясында басты рөлді өте жоғары деңгейдегі сұраныстар атқарады. Осы теорияның өкілі Дэвид Мак Клелланд болып табылады. Оның ұстанымдарына сәйкес жоғары дәрежедегі сұраныстар құрылымы үш фактордан тұрады: табысқа жетуге талпыну, билікке талпыну, қадірленуге талпыну (4 сурет).


Дэвид Мак Клелланд мотивациясының теориясы
Табысқа жетуге талпыну
Билікке талпыну
Қадірленуге талпыну

Мұндай ұстанымда табыс әріптестер тарапынан болатын мақтау мен қадірлеу ретінде емес, белсенді түрде жұмыс істеу нәтижесінде жеткен жеке жетістіктер ретінде, күрделі мәселелерді шешуге қатысуға және олар үшін жеке жауапкершілікті мойынға алуға дайындығы ретінде бағаланады.

Билікке ұмтылуды атаққұмарлық ретінде емес, адамның ұйымдарда басқарудың түрлі дәрежелерінде жақсы жұмыс істей алатынын көрсетуі болып табылады, ал қадір құрметке ұмтылу – бұл оның ресми емес көшбасшы болу қабілеті, өзінің жеке пікірі мен айналадығылардың оның дұрыс екендігіне көзін жеткізуі болып табылады.

Мак Клелландтың теориясына сәйкес билікке ұмтылушы адамдар өзінің осы сұранысын қанағаттандырулары керек және бұны олар ұйымда белгілі бір қызмет орнында отырғанда жасай алады. Бұндай сұраныстарға жұмысшыларды аттестациялау, біліктіліктерін көтеру курстарына т.с.с. жіберу арқылы иерархия бойынша жаңа қызметке ауысуға дайындай отырып басшылық етуге болады. Мұндай адамдардың жүрген ортасы кең болады және кеңейтуге талпынады. Олардың басшылары бұған ықпал етуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет