МЭК стандарттау негізгі объектілері: - электротехникалық өнеркәсіп материалдары (сұйық, қатты газ диэлектриктері, мыс, алюминий, олардың қорытпалары, магниттік материалдар);
- өндірістік электротехникалық жабдықтар (пісіру аппараттары, двигательдер, жарық техникалық жабдықтары, реле, төмен вольтты аппараттар, кабель және т.б.);
МЭК стандарттау негізгі объектілері - электроэнергетикалық жабдықтар (бу және гидравликалық турбиналар, электрберу сымдары, генераторлар, трансформаторлар);
- электрондық өнеркәсіп бұйымдары (интегралдық сұлбалар, микропроцессорлар, баспа платалары және т.б.);
- тұрмыстық және өндірістік электрондық жабдықтар;
- электр құралдары;
- байланыс спутник жабдықтары;
- терминдер.
Европалық экономикалық ООН комиссиясы (ЕЭК) - 1947 ж. соғыс зардабынан жапа шеккен мемлекеттерге көмек ретінде уақытша ұйым болып құрылған
- 1951 ж. ЭКОСОС ООН анықталмаған уақыт аралығына ООН шегінде мемлекетаралық экономикалық қатынасты дамыту бағытын негізге алып, ЕЭК өкілдігін қабылдайды
- ЕЭК ООН стандарттау саласындағы негізгі мақсаты өкімет деңгейінде стандарттау саясатының негізгі бағыты және осы саладағы басты мәселелерді анықтау
ООН азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) - 1945ж. ООН арнайы үкіметаралық ұйымы ретінде құрылды
- Мүшелігінде 160 мемлекет бар
- Уставқа сәйкес ұйым мақсаты – халық өмірі мен азығы деңгейін көтеру, өндіріс тиімділігін арттыру, азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерін бөлу, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, жалпы әлем экономикасын дамытуға ат салысу.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) - ООН Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің ұсынысы бойынша 1948 ж. құрылды
- ООН-ның арнайы мекемесі болып келеді
- ВОЗ Уставына сәйкес ұйым мақсаты – барлық халықтың денсаулық деңгейі жоғары болуы ( толық физикалық, жан-дүниелік және әлеуметтік жағдайы)
- ВОЗ 1977 ж. 2020 жылға жалпы халық саулығына қол жеткізу стратегиясын алдыға қойып отыр
- ВОЗ мүшелігінде 180 мемлекет, оның ішінде Қазақстанда бар
Достарыңызбен бөлісу: |