10 Дәріс: Микроорганизмдер генетикасы


Сыртқы орта факторларының микроорганизмдерге тигізетін әсерін



бет3/8
Дата11.11.2022
өлшемі1.9 Mb.
#464587
1   2   3   4   5   6   7   8
Микроорганизмдер экологиясы

Сыртқы орта факторларының микроорганизмдерге тигізетін әсерін

Адам организмнің қалыпты микрофлорасы.

Адам организмінде микроорганизмдердің 500-дей түрі мекендейді. Олар бір-бірімен және адам организмімен тепе-теңдік жағдайда(эубиоз) болады, олардың көпшілігі комменсал- адамға зиян келтірмейді. Қалыпты микрофлора сыртқы қабаттарды (тері) және сыртқы ортамен байланысы бар қуыстардың барлығында мекендейді. Қалыпты жағдайда өкпе тіндерінде, жатырда және ішкі ағзаларда микроорганизмдер болмайды.

Адам организмнің микрофлорасын екі топқа бөледі:

  • Тұрақты (розидентті, индигендң немесе автохтонды) микрофлора – организмде барлық уақытта кездеседі.
    • Облигатты микрофлора (бифидумбактериялар, лактобактериялар, ішек таяқшасы, пептосрептококктар т.б) микробиоценоздың негізі болып табылады.
    • Факультативті микрофлора (стафилококктар, стрептококктар, клебсиеллалар, клостридиялар, кейбір саңырауқұлақтар т.б) микробиоценоздың шамалы бөлігін құрайды.
  • Транзиторлы (тұрақсыз, аллахтонды) микрофлора адам организмінде ұзақ уақыт тіршілік ете алмайды.

Адам организмімен оның қалыпты микрофлорасы бірегей эко жүйе (эндоэкология) құрайды. Ересек адамдарда орта есеппен микробтардың 10 14 дарасы кездеседі.

  • Адам организмімен оның қалыпты микрофлорасы бірегей эко жүйе (эндоэкология) құрайды. Ересек адамдарда орта есеппен микробтардың 10 14 дарасы кездеседі.
  • Микрофлораның саны менсапасы адамдардың жасына, жынысына, кәсібіне т.б қарай әр түрлі болады.
  • Нәресте дүниеге келгенде стерильді болады, алғашқы ауамен, жанасқан заттардан микробтар еніп, біртіндеп тұрақты микрофлора қалыптаса бастайды.
  • Микробтарға ең бай орган – тоқ ішек, оның 1 г-да (нәжістің) 10 12 дәрежеге дейін микробтар кездеседі, олардың 90% анэробтар құрайды.
  • Микробтардың негізгі орналасатын жерлеріне қарай: тері микрофлорасы, конъюктива, құлақ, жоғары тыныс жолдарының микрофлорасы деп ажыратады. Қалыпты микрофлораның пайдалы және зиянды әсері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет