10-тақырып. Қазіргі түркі тілдері. Түркі тілдерінің бұлғар, оғыз топтары



бет2/4
Дата04.01.2023
өлшемі24.24 Kb.
#468104
1   2   3   4
10-лекция

Чуваш тілі. Чуваш тілі Ресейдің құрамында жасайтын чуваш халқының сөйлеу, жазба және әдеби тілі болып саналады. Чуваш халқының тарихы өте күрделі уақиғалармен байланысып жатқан ұзақ жолы бар тарих. Олар өздерін Еділ бойы бұлғарларының тікелей ұрпағымыз деп есептейді. Бірақ олардың этникалық құрамында тек бұлғар тайпаларына тән элементтер кіріп қоймастан, қыпшақ тайпаларының да, финдердің де элементтері араласқан. ХV ғасырда бұлғар мемлекеті ыдыраған соң чуваштар басқа түркі тайпаларынан қатынасын үзіп, угро-финдердің қоршауында өмір сүреді. Бұл сөзсіз чуваштардың тіліне өз ықпалын тигізді. Нәтижеде чуваштардың тілінде күрделі өзгерістер болды да, оны басқа түркі халықтары тұсінбейтін дәрежеге жетті. Сондықтан көптеген ғалымдар чуваш тілін түркі тілдерінің қатарына қоспауға әрекет етті. Қазіргі чуваш тілінің дыбыстық жүйесі, сөздердің дыбыстық құрамы басқа түркі тілдес халықтардан мүлде басқа, ал грамматикалық құрылымы түркілік сипатын сақтаған. Чуваш тілін,әдебиеті мен тарихын зерттеу Қазан төңкерісінен бұрын басталған. Алғашқы чуваш тілін зерттеушілердің қатарына Н.И.Золотницкий, Николай Иванович Ашмарин, Н.А.Лебедевтерді жатқызуға болады.
Чуваш тілінде жоғарғы (о-мен айтушы) және төменгі (у-мен айтушы) диалекті деп аталатын екі диалекті бар. Чуваш әдеби тілі негізінен төменгі диалектіге сүйенеді. Қазіргі чуваш алфавиті орыс графикасы негізінде 1939жылы қабылданған: 9 (а, аа, э(е), ее, и, о, у, у, ы) дауысты, 24 дауыссыз дыбыс бар.
2. Түркі тілдерінің оғыз тобы. 1.Түрік тілі.
Түрік тілі. Түрік республикасында жасаушы 65 млн. жуық түркі халқының мемлекеттік тілі болып саналады. Түріктер тек Түркияда ғана емес, ТМД-да, Европаның бірнеші мемлекеттерінде, Африкада, Австралияда да бар. Түріктер өздерінің ата-тегін Х-ХI ғасырларда Орта Азиядағы оғыз тайпалырмен байланыстырады. Шындығында да, оғыздар түркі халқының этникалық құрамының негізін жасайды.
Түрік тілі көне жазба ескерткіштерге бай тілдердің бірі болып саналады. ХIII ғасырда қарамандар бектігінің билеушісі Мехмед-бей Коние қаласын жаулап алып, билік құрған кезде-ақ түрік тілін мемлекеттік іс-қағаздар тілі және есеп-қисап тілі деп жариялаған болатын. Сол дәуірден күні бүгінге дейін түрік тілі мемлекеттік тіл болып есептеледі. Орыс түркітанушыларынан Дмитрий Константинович Кантемирден бастап бірнеше ғылым тарландары Түркия тарихын, тілін, әдебиетін зерттеуге өз өмірін сарп етті. Олар: В.В.Бартольд, А.Казем-Бек, П.М.Мелиоранский, А.Е.Крымский, И.Б.Греков, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет