Өсімдік сабақтарының жұмсақ қаттылығын, жуан-жіңішкелігін, жұқалық-етженділігін, борпылдақ-шымырлығын, мықтылық-морттығын, бітеу-қуыстығын сабақтың консистенциясы деп атайды. Консистенциясына қарай сабақ сүректі және шөптесін болып бөлінеді. - Өсімдік сабақтарының жұмсақ қаттылығын, жуан-жіңішкелігін, жұқалық-етженділігін, борпылдақ-шымырлығын, мықтылық-морттығын, бітеу-қуыстығын сабақтың консистенциясы деп атайды. Консистенциясына қарай сабақ сүректі және шөптесін болып бөлінеді.
Шөптесін өсімдіктер деп, жер бетіндегі сабағы онша сүректенбейтін және вегетациялық дәуірінің соңында жемісінен (тұқымынан) басқа мүшелері қурап қалатын өсімдіктердің сабақтарын айтады. - Шөптесін өсімдіктер деп, жер бетіндегі сабағы онша сүректенбейтін және вегетациялық дәуірінің соңында жемісінен (тұқымынан) басқа мүшелері қурап қалатын өсімдіктердің сабақтарын айтады.
- Вегетациялық дәуір дегеніміз - өсімдік өскіні мен өркеннің еккен тұқымынан немесе тамыр сабағынан өсіп шыққан күннен бастап, оның жаңа тұқымы піскенге дейінгі басынан өткізген мерзімі.
Шөптесін өсімдіктер сабағының жасына қарай бір жылдық, екі жылдық және көп жылдық болып бөлінеді және өзек құрылысына қарай қуыс өзекті, жұмсақ өзекті және шымыр (бітеу) өзекті болып та келеді. - Шөптесін өсімдіктер сабағының жасына қарай бір жылдық, екі жылдық және көп жылдық болып бөлінеді және өзек құрылысына қарай қуыс өзекті, жұмсақ өзекті және шымыр (бітеу) өзекті болып та келеді.
- Бір жылдық шөптесін сабақты өсімдіктер-бір ғана вегетациялық дәуір ішінде өседі де, көктемде егілген ескі тұқымнан күзде қайтадан жаңа тұқым пісіп шығады, одан соң вегетациялық мүшелердің барлығы қурап қалады. Бұған арпа, бидай, тары, жүгері, қауын, қарбыз және басқа ауыл шаруашылық дақылдары мен көптеген сол сияқты жабайы өсімдік түрлері жатады.
Екі жылдық шөптесін сабақты өсімдіктерге егілген тұқымынан бірінші жылы вегетативтік мүшелерін жетілдіріп, екінші жылы жемісін (тұқымын) шығаратын өсімдіктер тобы жатады. Мысалы, сәбіз, қызылша т.б. - Екі жылдық шөптесін сабақты өсімдіктерге егілген тұқымынан бірінші жылы вегетативтік мүшелерін жетілдіріп, екінші жылы жемісін (тұқымын) шығаратын өсімдіктер тобы жатады. Мысалы, сәбіз, қызылша т.б.
- Көп жылдық өсімдіктер-егілген тұқымнан өніп шыққан сабақтары көптеген жылдар бойы өсіп тұратын өсімдіктер тобы.
Достарыңызбен бөлісу: |