1115 НҰСҚа аты-жөні тжк жауап парағының № Лек Аудитория № Орын № Бесінші пән аты Талапкердің қолы 2011



бет1/3
Дата24.02.2016
өлшемі0.69 Mb.
#17676
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ

БАЙҚАУ СЫНАҒЫ

СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
1115 - НҰСҚА

Аты-жөні ___________________________________________________________


ТЖК _____________________________ Жауап парағының № _______________
Лек _____________ Аудитория № _______________ Орын № _______________
Бесінші пән аты _____________________________________________________
Талапкердің қолы _____________________



2011

ҚАЗАҚ ТІЛІ


1. Синоним сөздердің тізбегін көрсетіңіз.

A) Қасқыр, түлкі, бөдене.

B) Жаңбырлы, бұлтты, ашық.

C) Қысқа, шолақ, келте.

D) Көру, үйрену, жазу.

E) Қыс, жаз, суық.



2. Термин сөздерден тарих ғылымына қатысты қатарын белгілеңіз.

A) Дәуір, құл иеленушілік, буржуазия.

B) Кернеу, кедергі, индукция.

C) Теорема, аксиома, синус.

D) Фонетика, көнерген сөз, бастауыш.

E) Катализатор, оксидтер, қышқыл.



3. Үнді дауыссыздардың қатарын белгілеңіз.

A) П, Б, Р, Ф.

B) К, В, Л, Қ.

C) Ш, Щ, Һ, Ң.

D) Р, Л, Й, Ж.

E) Й, М, Н, Ң.



4. Тек бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.

A) Тығыз.

B) Банк.

C) Несие.

D) Қаржы.

E) Дағдарыс.



5. Күрделі сөзді табыңыз.

A) Арманға жету.

B) Жиырма адам.

C) Қара сиыр.

D) Жиырма бес.

E) Алысқа қарау.



6. Демеулік шылауы бар қатарды көрсетіңіз.

A) Ақ көбейді.

B) Жүйрік-ақ екен.

C) Ойылға таман жылжу.

D) Сең үстінде кету.

E) Жаңбырдан соң.



7. Септеулік шылау арқылы байланысқан сөздерді анықтаңыз.

A) Кешке таман жетті.

B) Арқанмен түсті.

C) Алтын тіс.

D) Жылтыраған сәуле.

E) Итті қуды.



8. Одағай сөзді анықтаңыз.

A) Ақырында.

B) Дау жоқ.

C) Неліктен екені белгісіз.

D) Сайып келгенде.

E) Уай.


9. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрғандағы тыныс белгісінің дұрысын көрсетіңіз.

Ғабиден Мұстафин былай деді Жазушы болу үшін негізгі үш шарт: ой, алғыр тіл, талант керек.

A) Автор сөзі, Төл сөз.

B) Автор сөзі, - Төл сөз.

C) Автор сөзі: «Төл сөз».

D) «Автор сөзі» - Төл сөз.

E) Автор сөзі: Төл сөз.



10. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

A) Межелеу - мөлшерлеу.

B) Жіңішке - талдырмаш.

C) Жуас - асау.

D) Егде - мосқал.

E) Көңіл - назар.



11. Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

Ол мазалаған сұрақты сұрағысы келді.

A) Ол.


B) Сұрағысы.

C) Келді.

D) Сұрақты.

E) Мазалаған.



12. Дұрыс жазылған нұсқаны көрсетіңіз.

A) Ол 25 ке толды.

B) Ол XXV-ке толды.

C) Ол XXV ке толды.

D) Ол 25-ке толды.

E) Ол 25-ке-толды.



13. Жалпылау есімдігі қатысып тұрған сөйлемді анықтаңыз.

A) Ол – оқыған азамат.

B) Бар ойы – өлең айту, ән салу.

C) Мынау не сарқыраған?

D) Өз үйім – өлең төсегім.

E) Бұл шайқаста біз жеңеміз.



14. Сабақты етістікті табыңыз.

A) Апар.

B) Қатынас.

C) Ұйықта.

D) Мақсат.

E) Тұр.


15. Есімдік арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.

A) Кітапты оқыған болар?

B) Мектепке барамысың?

C) Жетісудікі?

D) Алматыдан?

E) Атыңыз кім?



16. Баяндауыш қызметіндегі бұрынғы өткен шақты белгілеңіз.

A) Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек.

B) Мәдениет сарайына халық көп жиналыпты.

C) Алтын көрсе, періште жолдан таяр.

D) Үлгі алсын деймін жас жігіттер.

E) Ексең егін, ішерсің тегін.



17. Тек тұрлаулы мүшелер қатысқан сөйлемді анықтаңыз.

A) Ол асып та, тасып та сөйледі.

B) Ақылды қарттан нақыл шығады.

C) Ол қуанғаннан жылап жіберді.

D) Базаралы сөйлеп отыр.

E) Ұлттық намысты жоғары ұстайық.



18. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылады.

B) Таяқ тиген жер жаныма батып барады, алайда сыр берген жоқпын.

C) Аяңдай, аяқ сыбдырын білдірмей басып біреу келді.

D) Құс атаулы аспанда да толып жүр, қарлығаш, ұзақ, қарға – бәрі де бар.

E) Сабақ ерте басталды.



19. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендік сөздерге не жататынын анықтаңыз.

A) Айыпталушының сөзі, қорғаушының сөзі.

B) Діни уағыз, құран сөздері.

C) Саяси шолу, репортаж.

D) Ғылыми шолу, ғылыми мақала.

E) Мерейтойдағы сөйленетін сөз.



20. Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

A) Кіріс.

B) Қабырға.

C) Кино.


D) Жұқа.

E) Шырақ.



21. «Кейде» мағынасын білдіретін қосарлама қос сөзді табыңыз.

A) Оқта-текте.

B) Некен-саяқ.

C) Алым-берім.

D) Айыл-тұрман.

E) Ел-жұрт.



22. Салыстырмалы шырай қатысқан тіркесті анықтаңыз.

A) Аппақ қар.

B) Өте ұяң қыз.

C) Шын сөзі.

D) Ақ құбалау өңді.

E) Құп-қу болып кетті.



23. Күшейткіш үстеудің сапалық сын есіммен тіркескен түрін анықтаңыз.

A) Аса терең.

B) Тереңдеу өзен.

C) Мөлдір сулы.

D) Қап-қара шаш.

E) Қалың орман.



24. Одағайдан жасалған көсемшені табыңыз.

A) Уһлеп, аһлап әзер жеттім.

B) Ол бізге жалт-жалт қарады.

C) Алдымнан жақсы кезіктің, шырағым.

D) Байжан әрі жылап, әрі айқайлап жіберді.

E) Әлди-әлди ұйықта, жаным бөбегім.



25. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз.

A) Ол үйінде я кесте тоқиды; я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді.

B) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды, немесе домбыра шертеді.

C) Ол үйінде я кесте тоқиды, я, кітап оқиды, немесе домбыра шертеді.

D) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді.

E) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды немесе домбыра шертеді.



ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ


1. Қазақстан аумағында ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы:

A) Солтүстік Қазақстан

B) Батыс Қазақстан

C) Оңтүстік Қазақстан

D) Орталық Қазақстан

E) Шығыс Қазақстан



2. Жібек сауда жолына «Ұлы» сөзінің қосылу себебі:

A) Солтүстік пен Батыс елдерді байланыстырды

B) Шығыс пен Батысты байланыстырды

C) Оңтүстік пен Шығысты байланыстырды

D) Батыс пен Орта Азияны байланыстырды

E) Оңтүстік пен Солтүстік байланыстырды



3. Ноғай ордасының Алтын Ордадан бөлінуі осы билеушінің тұсында басталды:

A) Ноғай.

B) Батый.

C) Орыс хан.

D) Жошы.

E) Едіге.



4. Қазақ хандығында үстемдік еткен, әлемдік діндердің бірі:

A) Ислам.

B) Анимизм.

C) Тәңірлік.

D) Христиан.

E) Буддизм.



5. Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан қатысты:

A) Шаруалар.

B) Малшылар.

C) Ауыл басылары.

D) Егіншілер.

E) Атақты, сыйлы шонжарлар.



6. Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан:

A) Баймағамбет сұлтан

B) Арыстан Жантөрин

C) Қайыпқали сұлтан

D) Сүйік Абылайханұлы

E) Тайшық сұлтан



7. Әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірлерін ұсынған қазақтың ағартушы-ғалымы:

A) Ш.Уәлиханов.

B) С.Сейфуллин.

C) А. Құнанбаев.

D) Ш.Құдайбердиев.

E) Ы.Алтынсарин.



8. «Балқадиша», «Маңмаңгер», «Құлагер» әндерінің авторы:

A) Естай


B) Ақан Сері

C) Біржан сал

D) Жаяу Мұса

E) Балуан Шолақ



9. Н.Назарбаев 1960 жылы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала:

A) Алматы

B) Ақмола

C) Қарағанды

D) Теміртау

E) Павлодар



10. Көшпелілер баспаналарындағы киелі санаған орын:

A) Босаға

B) Ошақ маңы

C) Есік алды

D) Жатын орын

E) Киіз үйдің керегесі



11. 965 ж. оғыздар Хазарларға қарсы әскери одақ құрды:

A) Иранмен

B) Парсылармен

C) Қытаймен

D) Арабтармен

E) Киев Русімен



12. Қытай қолбасшылары Фу Дэ, Чжао Хой басќарған Ќытай әскері ќазаќ жеріне басып кірген жыл:

A) 1757 жыл

B) 1756 жыл

C) 1759 жыл

D) 1758 жыл

E) 1755 жыл



13. XІX ғ. басында Ресейге қосылмаған Қазақстан жерлері:

A) Батыс Қазақстан.

B) Шығыс Қазақстан.

C) Солтүстік Қазақстан.

D) Маңғыстау.

E) Жетісу.



14. 1886 жылғы Ереже бойынша облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғайтын сот:

A) жоғарғы сот

B) соттардың төтенше съезі

C) бітістіруші сот

D) облыстық сот

E) «халық соты»



15. Революцияны тұншықтыруға бағытталған 1906, 1910 ж.ж. қабылданған аграрлық саясат:

A) Столыпин реформасы

B) Тың игеру

C) Әскери коммунизм

D) ЖЭС

E) Жер су реформасы



16. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары хан етіп сайлады:

A) К.Көкімаевты.

B) А.Имановты.

C) О.Шоңовты.

D) Т.Бокинды.

E) Ә.Жанбосыновты.



17. Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан төңкерісінің нәтижесі:

A) Кеңес өкіметі орнады.

B) Феодализм құлатылды.

C) Социалистік жүйе орнады.

D) Аз ұлттар автономияға қол жеткізді.

E) Монархия құлатылды.



18. Қазақ өлкелік партия комитетінің «Бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі» деп бағалаған көтерілісі:

A) Батпаққара.

B) Өскемен.

C) Балқаш.

D) Маңқыстау.

E) Жаркент.



19. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымының идеялық дем берушісі және басты ұйымдастырушысы:

A) Е.Бекмаханов.

B) Ә.Марғұлан.

C) М.Әуезов.

D) А.Жұбанов.

E) Қ.Сәтбаев.



20. 1217-1218 жж. Хорезм шахы Мұхамед Текеш теңге соқтырған қала:

A) Шаш


B) Отырар

C) Суяб


D) Иасы

E) Тараз



21. Қазақ халқының құрылуына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт:

A) XІV ғасырдың ІІ жартысында

B) XIV ғасырда І жартысында

C) XV ғасырдың ІІ жартысында

D) XV ғасырдың І жартысында

E) XІІІ ғасырда



22. XIII-XV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзия өкілдердің бірі:

A) Үмбетей жырау

B) Ақтамберді

C) Кетбұға

D) Жиембет

E) Доспамбет жырау



23. «Жеті жарғы» бойынша құрылтай кеңесіне жіберілмей, дауыс беру құқығынан айырылды:

A) Қарумен келген адам.

B) Найза асынған адам.

C) Қарусыз келген адам.

D) Ат мінген адам.

E) Қанжар асынған адам.



24. Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді:

A) 1941 ж.

B) 1942 ж.

C) 1943 ж.

D) 1939 ж.

E) 1945 ж.



25. Қазақ КСР Ғылым академиясының 1946-1949 жылдар аралығында халық шаруашылығына енгізу үшін жасаған ұсыныстар мен зерттеулер саны:

A) 900-ден астам

B) 600-ге жуык

C) 700-ден астам

D) 1200-ге жуык

E) 500-ге жуық



ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


МАТЕМАТИКА


1. Пропорция қасиетін пайдаланып теңдеуді шешіңіз:

A)

B)

C)

D)

E) -6


2. Теңсіздікті шешіңіз: .

A) [0; 6].

B) (-; 6].

C) [; ).

D) (0; 6].

E) (; 1].



3. теңдеуінің шешімін табыңыз:

A) 65


B) 28

C) 82


D) 17

E) 55





4. Есептеңіз:

A)

B)

C)

D)

E)



5. х –тің қандай мәнінде функциясы оң мән қабылдайды?

A) (−;)

B) (−∞; − )( ; +∞)

C) (−∞; − )(; +∞)

D) (−;)

E) (−∞; +∞)



6. Ньютон-Лейбниц формуласын аяқтаңыз:

….

A) F(b)-F(a)

B) -F(a)-F(b)

C) F(a)∙F(b)

D) F(b)+F(a)

E) F(a)-F(b)






7. Үшбұрыштың периметрі 12 см-ге тең. Оның қабырғаларының орталары бірітіндеп кесінділермен қосылған. Пайда болған үшбұрыштың периметрін табыңыз:

A) 5 см.

B) 4 см.

C) 6 см.


D) 7 см.

E) 16 см.



8. Куб жағының диагоналы . Куб диагоналын табыңыз.

A) 3


B)

C) 2

D) 3
E) 2


9. Үш шардың радиустары 3 см, 4 см, 5 см. Көлемі осы шарлардың көлемдерінің арифметикалық ортасына тең болатын шардың радиусы неге тең екенін табыңыз.

A) 3.

B) 2.

C) 6.


D) 2.

E) 3.






10. бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан құтылыңыз:

A) x(- 2).

B) -x(+ 2).

C) x(+ 2).

D) x(2-).

E) (x-2)( ).



11. Бөлшекті қысқартыңыз:

A)

B)

C)

D)

E) 2



12. Ағаш дайындау жұмысына үш бригада қатысты. Бірінші бригадада барлық жұмысшылардың 36 %, ал екінші бригадада біріншіге қарағанда 72 адам артық болды. Қалған 124 жұмысшы үшінші бригадада еді. Үш бригадада барлығы неше жұмысшы бар?

A) 600.

B) 700.

C) 800.

D) 750.

E) 900.






13. Өрнектің мәнін табыңыз:

A) 25.


B) 24.

C) 28.


D) 26.

E) 27.


14. Теңсіздікті шешіңіз: 25x + 1 < 6 × 5x + 1 - 5.

A) (1; 5).

B) (-¥; -1) È (-1; 0).

C) (-1; 0).

D) (0; +¥).

E) (0; 1).



15. теңдеудің шешімін табыңыз:

A) -3; 3


B) -3;2;3

C) -3; 2


D) 2; 3

E) -1; 2






16. Өрнекті ықшамдаңыз:

A) 1


B) sin α

C) cos β


D) - sin α

E) -1


17. Теңсіздікті шешіңіз: < sіnt 

A) [ + 2n; + 2n)( + 2n; + 2n), n  Z

B) ( + 2n; + 2n)( + 2n; + 2n), n  Z

C) [ + 2n; + 2n], n  Z

D) ( + 2n; + 2n), n  Z

E) ( + 2n; + 2n][ + 2n; + 2n), n  Z



18. x(t) = 2t3 + t2 - 4 (см) заңдылығы бойынша түзу сызық бойымен қозғалатын нүктенің t = 4 c болған уақыттағы жылдамдығын табыңыз.

A) 56 см/с.

B) 156 см/с.

C) 144 см/с.

D) 108 см/с.

E) 104 см/с.






19. Тең бүйірлі трапецияның сүйір бұрышы 60. Бүйір қабырғалары мен жоғары табаны 10 м-ге тең. Трапецияның орта сызығын табыңыз.

A) 30 м.


B) 15 м.

C) 63 м.


D) 10 м.

E) 12,5 м.



20. Теңдеуді шешіңіз: |x - 1| + |x - 2| + |x - 3| = 2.

A) 3.

B) 2.

C) 5.


D) 2,5.

E) -3.


21. Теңсіздіктер жүйесін шешіңіз:

A)

B) шешімі жоқ

C)

D) (3; 7]

E) (3;7)






22. Теңдеуді шешіңіз: cos22x = 1

A) ;

B) ;

C) +;

D) ;

E) +;



23. Үш сан геометриялық прогрессия құрайды. Егер екінші санды 2-ге арттырса, прогрессия арифметикалық прогрессияға, ал содан кейін соңғы санды 9-ға арттырса, қайтадан геометриялық прогрессия құрайтын сандар шығады. Осы сандарды табыңыз.

A) 1) 4, 8, 16; 2) , -,

B) 1) , -, ; 2) 2, 16, 32

C) 1) 2, 8, 32; 2) , -,

D) 1) 4, 8, 16; 2) , -,

E) 1) , -, ; 2) 2; 8, 32



24. f(x) = 6(1 + )2 функциясының x = 8 нүктесіндегі туындысын табыңыз.

A) 3.


B) 27.

C) 36.


D) 9.

E) .




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет