113 Қ. Е. Есенова КӨркем шығармада жергілікті тіл ерекшеліктерінің



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата21.10.2022
өлшемі0.72 Mb.
#463099
1   2   3
1264-1-2437-1-10-20151014

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
115 
қолдану ерекшеліктерін сөз еткенде, ең алды-
мен, екі фактіге, атап айтқанда, белгілі бір сөз-
дерді қолдануда автордың өзіндік позициясын, 
мақсатын түсіну; автор бейнесінің ерекшелік-
теріне мән беру керектігін айтады [7, 56 б.].
Академик Р. Сыздық қазақ көркем әдебиеті-
нің проза саласындағы лексикалық нормаларды 
танып-білуде бүгінгі таңда мынадай сәттерге 
(объектілерге) назар аудару қажеттігін айтады:
1) диалектизмдердің (жергілікті элементтер-
дің) жұмсалуы, яғни орыс тіл білімінде диалек-
тизация деп аталатын құбылыстың қазіргі қазақ 
көркем әдебиеті тіліндегі көрінісі, күй-қалпы, 
өріс алу бағыты;
2) жалпыхалықтық тілге тән бейнелі (об-
разды) сөздерді жұмсау тәсілі, фразеологизм-
дердің сөгілуі;
3) қарапайым, көне, сирек кездесетін сөздер-
дің жұмсалуы;
4) синонимдерді таңдау, идеографиялық 
және стильдік синонимдердің қолданысы;
5) лексикалық жаңа қолданыстардың орын 
алуы (қажетсіз тұста жаңадан сөз жасау немесе 
қажеті бар жерде ұсынылған жаңа қолданыстың 
сәтті-сәтсіз болуы);
6) штамп сөздер мен тіркестерді қолдану, 
сөздердің тіркесу аясын кеңіту арқылы сөз 
мағыналарын жаңғырту;
7) лексикалық варианттардың қолданысы, 
яғни морфологиялық, орфографиялық, семанти-
калық, генезистік т.б. жарыспалы элементтердің 
дұрыс-бұрыс жұмсалуы;
8) белгілі бір сөз тудырушы элементтердің 
және синтаксистік тәсілдердің көркем әдебиет 
тілінде активтенуі;
9) көркем әдеби тіл арқылы лексиканың 
стильдік жіктерге (поэтизм, қарапайым сөздер, 
канцеляризм т.т.) ажыратыла түсуі. 
Былай деп тұжырым жасайды: «Сөз жоқ, 
жалпы көпшілікке ортақ емес, қолдану аясы 
шектеулі сөздер мен тұлға-тәсілдерді ешбір 
себепсіз тоғытып жұмсау принципінде әдеби 
нормаға, оның ішінде ұлттық көркем сөз нор-
масына қайшы екендігі даусыз, бірақ текстіге 
бейтаныс элементтердің қолданылу себептерін, 
уәжді-уәжсіздігін, қажеттілік дәрежесін, лексика 
қазынасын байыту мүмкіндігін т.т. жан-жақты
түгел есепке алған күнде ғана «иісі» диалек-
тизмнен қашудың жөн еместігі және әңгіменің 
бір ұшы жазушы шеберлігіне (автор идеясына 
қызмет еттіре білу сипатына) тікелей қатысты 
екендігі байқалады. Демек, бұл жерде норма 
проблемасы стилистика мәселелерімен ұштас-
тырыла қаралуға тиіс. 
Көркем әдебиет тілінде диалектизмдердің, 
кәсіби сөздердің немесе басқа да тосын қол-
даныстардың орын алуын сөз еткенде, оларды 
әрдайым нормадан ауытқу, тіл мәдениетін бұзу 
деп тануға болмайды. Бүгінгі қазақ көркем сөзі-
нің тіл мәдениетін сақтау дегенде, біздіңше, ең 
алдымен сөзді дәл қолданбау, яғни сөзді ор-
нымен дұрыс жұмсай алмау, қажетсіз кірме 
сөздерді енгізу, әдеби норма сыртында тұрған 
элементтерді ешбір зәруліксіз текстіге енгізуді 
айту керек» [2, 246 б.].
Ғалым тұжырымдарын негізге ала отырып, 
көркем әдебиет тіліндегі жергілікті тіл ерек-
шеліктерінің қолданылу сипатын сөз еткенде
олардың мақсатты-мақсатсыз, уәжді-уәжсіз қол-
данылуына, шығармаға арқау болып отырған 
негізгі тақырыпқа қатысына, жазушы немесе 
кейіпкер тілінде берілу ерекшеліктеріне ерекше 
мән бере қараған жөн. 
__________________ 
1. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері. Вопросы 
казахского языкознания. – Алматы, 2000. – 621 б. 
2. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Атамұра, 2005. – 
272 б.
3. Қайдар Ә.Т. Сөз өнері дертпен тең//Қазақ әдебиеті, 
1983, 29 июль. 
4. Нұрмағамбетов Ә. Қазақ тілі говорларының батыс 
тобы. – Алматы, 1978. 
5. Омарбеков С. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті 
ерекшеліктер. – Алма-Ата: Ғылым, 1965. – 201 б.
6. Нұрдәулетова Б. XVIII-ХІХ ғасырлардағы Маңғыстау 
ақын-жырауларының тілдік ерекшеліктері: филол. ғыл. 
канд. ... дисс. – Алматы, 1999. – 138 б. 
7. Мұхамбетов Ж. Көркем мәтіндердегі диалектизм-
дердің этномәдени мәні: филол. ғыл. канд. ... дисс. – 
Алматы, 2007. – 118 б.
* * * 
В статье рассматриваются местные особенности языка, 
колорит одной местности, который помогает увидеть 
истину. 
* * * 
In the composition of local feature of language are applied 
known color of one edge, where we can see truth of 
composition. 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет