116-бап. Адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтыруы



жүктеу 11.02 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі11.02 Kb.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі N167 Кодексі


       116-бап. Адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтыруы



  1. Басқа адамды көрiнеу АИТВ/ЖҚТБ-ны жұқтыру қаупiнде қалдыру,-
    үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнге мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Өзiнде АИТВ/ЖҚТБ бар екендiгi туралы бiлетiн адамның оны басқа адамға жұқтыруы, - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, екi немесе одан да көп адамға қатысты, не көрiнеу кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрекет, - сегiз жылға дейiнгi мерзiмге басбостандығынан айыруға жазаланады.



4. Медицина қызметкерiнiң, сол сияқты тұрмыстық немесе өзге халыққа қызмет көрсету ұйымы қызметкерiнiң өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауының салдарынан басқа адамға АИТВ/ЖҚТБ-ны жұқтыруы, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасының

Президентi Н.Назарбаев

Алматы, 16 шілде 1997 жыл

167-І


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет