1176 шығарылым Сәрсенбі, 22 желтоқсан, 2010 Номер мақаласы



Дата20.06.2016
өлшемі304.37 Kb.
#149293



1176 шығарылым - Сәрсенбі, 22 желтоқсан, 2010






  • Номер мақаласы

    • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Алтын сапа» сапа саласындағы және «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы Президент сыйлықтарының лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысты



  • Қазақстанда

    • Қазақстан СІМ ЕҚЫҰ төрағалығын қорытындылады

    • ҚР Президентінің сапа саласындағы «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары аталды



  • Мұнай-газ секторы

    • В.Путин Белоруссия, Қазақстан және РФ мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы туралы келісім жобасын бекітті

    • «ҚазМұнайГаз» облигацияларын 100 млрд. теңгеге таратты

    • ҚР Президентінің қатысуымен өткен теле көпір барысында Бейнеу-Шымкент газ құбырының негізгі компрессорлық станциясының құрылысы басталды

    • Президенттік «Парыз» сыйлығының бас жүлдесін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ иеленді

    • Маңғыстау облысында ҚР Президентінің қатысуымен өткен теле көпір барысында бұрғылау ерітінділерін дайындайтын зауыт іске қосылды



  • Энергетика

    • Қазақстан Украинамен бірлесе ядролық отын өндірісін құруға қызығушылық танытып отыр



  • Қаржы және инвестициялар

    • ҚР Президенті осы жылы Қазақстанның ІЖӨ 7% арта өседі деп есептейді

    • ЕАДБ Macquarie Renaissance Infrastructure Fund инфрақұрылымдық қорға инвестиция салады

    • Н.Назарбаев – Мемлекет «дағдарысқа қарсы» қаражатты банктерде қалдыруға даяр, егер ол Қазақстан экономикасының индустриализациясына жұмсалатын болса

    • Мемлекет басшысы индустрияны дамыту бойынша Ақмола және Атырау облыстары әкімдерінің жұмысын сынады



  • Тау-кен металлургия саласы

    • Қазақстан Президентінің қатысуымен өткен теле көпір барысында Өскемендегі мыс еріту зауыты іске қосылды



  • Сауда және тұтыну тауарлары

    • Алматы облысында балалар тағамын өндіретін зауыт іске қосылды – ҚР Президентінің қатысуымен болған теле көпір

    • Мемлекет басшысы – КО жарты жылдық жұмысында Одаққа қатысушы-мүше елдер арасында тауар айналымы 38% артып, экспорт 50 млрд. долларды құраған



  • Сақтандыру мен қауіптерді басқару

    • «Еуразия» СК: сақтандыру нарығы 2011 жылы өсімді сақтайды



  • Аймақтық іскерлік жаңалықтар

    • Қырғызстанның Уақытша үкімет мүшелерін тарқату туралы Декретке қол қойды, таяу күндері УҮ-тің есеп беру – үндеу жарияланады

    • Түркменстанда МТС жұмысы бір ай мерзімге тоқтатылады

    • Обама Хиллари Клинтонды Орталық Азия сапары үшін алғыс айтты



  • Бағалар мен статистика

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers от компании

    • Мұнай мен газ құны

    • Commodities

    • Металл құны

    • Валюта бағамдары

Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz

Номер мақаласы



Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Алтын сапа» сапа саласындағы және «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы Президент сыйлықтарының лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысты


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Алтын сапа» және «Парыз» конкурстарының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. «Алтын сапа» сыйлығы өнімдер немесе қызмет көрсету сапасы саласындағы жақсы нәтижеге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ мекемелерге заманауи менеджмент жүйесін енгізгені үшін конкурстық негізде беріледі. Жыл сайын өткізілетін «Парыз» конкурсының мақсаты өз жұмысшылары мен қоғам үшін әлеуметтік мәселелерді шешетін жекеменшік кәсіпкерлік субъектілерін ынтыландыру болып табылады.

Биылғы жылы «Алтын сапа» сапа саласындағы Президент сыйлығы үшін жарияланған конкурсқа 207 компания қатысқан. Сондай-ақ биыл «Индустриалды серпіліс» және «Инновациялық серпіліс» атты жаңа сыйлықтар белгіленді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша бекітілген сапа және әлеуметтік жауапкершілік салаларындағы жалпыұлттық конкурстарға қатысу қазақстандық бизнес үшін маңызды ынталандыру болып табылатынын атап өтті.

- Бүгін біз өтіп бара жатқан жылдың маңызды қорытындысын салтанатты түрде шығарып отырмыз. Еліміздің ІЖӨ 7 пайыздан астамға, өнеркәсіп өндірісі 10 пайызға, өңдеуші өнеркәсіп 19 пайызға өсті. Біз 2020 жылға дейінгі Страгиялық даму жоспарының алғашқы онжылдығының міндеттерін, үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудамыз. Биылғы жылы Қазақстан, Ресей және Беларусь Кеден одағы өз жұмысын бастады. 2012 жылғы Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруға негіз болған 17 келісімге қол қойылды. Бұл қазақстандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінде «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атану және «Қазақстанның үздік тауары» - жоғары бағасына ие болу – үлкен абырой. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі артып келеді. Биыл үшінші жыл өткізіліп отырған «Парыз» байқауы бизнес өкілдерін осы бағытта ынталандыра түседі деп білемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

2010 жылғы 1 қаңтардан  бастап Президенттің тапсырмасымен 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік  бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаның негізгі мақсаты - экономиканы әртараптандыру, қазақстандық қамтуды ұлғайту,  шағын және орта бизнес үшін мүмкіндіктерді мультипликациялау, шикізаттық емес экспорттық әлеуетті арттыру, жоғары технологиялық өндірісті болашақтың экономикасына көшу. Индустрияландырудың алғашқы жылында-ақ шамамен 800 млрд. теңгеге 152 өнеркәсіптік нысан іске қосылып, 24  мыңға жуық жұмыс орны ашылды.  Индустрияландыру картасы жаңарғаннан кейін 161 мың  тұрақты жұмыс орны және құрылыс кезеңінде 207 мың жұмыс орны ашылып, 8,1 трлн. теңге сомасына 294 жоба ішінен тізбе құрылды.

- Жаңа міндеттер экономиканың инновациялық дамуының жаңа қағидаттарын алға қоюда. Қазақстандық бизнес халықаралық сауданың белсенді қатысушысы болуы тиіс. Бәрінен бұрын, біз Кеден одағының әлеуетін, сондай-ақ Қытайды қоса есептегенде, өзге де дамыған рыноктардың әлеуетін толық пайдалануымыз керек. Сонда ғана біз «Қазақстанда жасалған» бренді жоғары сапа белгісі ретінде қабылданатын уақытты жақындата түсеміз, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

2010 жылғы «Алтын сапа» сыйлығы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша биылғы жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» - «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ға (Астана қаласы) және «Oxy-Textile» АҚ-ға (Оңтүстік Қазақстан облысы) берілді. «Халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымы бойынша «RG Brands Kazakhstan» ЖШС (Алматы облысы) және «Родина Агрофирмасы» ЖШС (Ақмола облысы) лауреаттар атанды. Ал «Хан Шатыр» ЖШС (Астана қаласы) және «Кардиохиругия орталығы» ЖШС (Жамбыл облысы) «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымы бойынша сыйлықтармен марапатталды.

2010 жылғы «Парыз» Гран При «СПНС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ға берілді. «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымы бойынша «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», «Үздік ұжымдық шарт» аталымы бойынша – «Эйр Астана» АҚ, «Үздік әлеуметтік-жауапкершілік кәсіпорны» аталымы бойынша – «Қазмырыш» ЖШС-не бірінші орын берілді. Ал «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ «Индустриалдық серпіліс» аталымы бойынша және «Алтынтау Көкшетау» ЖШС «Инновациялық серпіліс» аталымы бойынша Мемлекет басшысының арнаулы сыйлығының лауреаттары атанды.


Қазақстанда



Қазақстан СІМ ЕҚЫҰ төрағалығын қорытындылады


Екатерина Больгерт, Литер

Қазақстан СІМ-де Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Ұйымда төрағалық етудің қорытындыларын жасады. 21 желтоқсанда қазақстандық СІМ-нің ЕҚЫҰ департаменті директоры Сержан Әбдыкәрімов журналистермен кездесуінде Астанадағы төрағалық қорытындылары туралы айтты.

Қазақстанның осы лауазымда атқарған орасан зор еңбегі ұйымды сақтап қалу мен ЕҚЫҰ қоғамдастығы алдында тұрған көптеген і мәселелерді шешу бойынша белсенділікті арттыруға ықпал етті. Қазақстанның төрағалық ету мерзімінде 150-ден астам іс-шаралар, ұйым кеңістігі шеңберінде жоғары дәрежедегі 43 реси кездесу, жұмыс істеп отырған ЕҚЫҰ төрағасының 40-тан астам шетелдік сапары болған. Осындай нәтижелермен Астана тікелей Еуропа елдері қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы Ұйымын басқару мәресіне жетті. Қазақстанның күн тәртібіндегі іс-шараларды толықтай орындап қана қоймай, ЕҚЫҰ елдерінде жасалған жұмыс сапасына еш зиян келтірмей артық орындауы туралы әлі де айтылып келеді.

Астананың үшін бірінші кезектегі мәселе, ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының саммитін өткізуге дайындық жасау болды.Төраға үшін бұрынғы өткен жоғары деңгейде өткен кездесулерге қарағанда, айырмашылығы, барлық дайындық жұмыстарын сезімталдық цейтноты жағдайында жасау болды.

Қысқа мерзім ішінде, қыркүйектен қарашаға дейінгі аралықта жасалған жоспар – үлкен еңбек екенін барлық ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттер мойындап отыр. Басқа саммиттер, мәселен, Стамбул саммиті үш жыл мерзімде дайындық арқылы өткізілді. Оның тек ұйымдастыру-дайындық жұмысы ғана бір жылға созылған болатын. Ал Қазақстан үш ай ішінде екі жақты да қамти алды, - деп атады Сержан Әбдікәрімов.

Желтоқсан саммиті қорытындыларын Қазақстан мен ЕҚЫҰ қоғамдастығының жетістігі деп толығымен айтуға болады. Қабылданған Астана декларациясы ұйымның қажеттілігі мен маңыздылын дәлелдейтін құжат болды. Саммиттің қорытынды құжатында «ЕҚЫҰ-ның барлық нормалары, принциптері мен міндеттемелері нақтыланған және бекітілген» делігені туралы ата көрсетті департамент басшысы. Декларацияда ұйымның азиялық серіктестермен ынтымақтастықты нығайту, қарусызданудың жаңа тәсілдері мен бақылау мәселелері, созылмалы қақтығыстарға қатысты жаңа міндеттемелер де пайда болды.

Бір ғана мәселе, созылмалы қақтығыстар бойынша келісімдер тұжырымдамасы болды. Ол өз алдына түсінікті. Қазақстан төрағалығы өткен жылы бар мүмкіншілікті жасады, алайда, бұл қақтығыстардың жалғасқанына 15-20 жыл болғанымен, әлі күнге шешімін таппай келеді. Әрине, осы тұста қазақстандық төрағалық өз міндеттерін орындай алмады деу кері түсінік болып табылады, - деді дипломат. Осыған қоса, төрағалық міндеті – күрделі мәселелер бойынша қолдау көрсету мен жүзеге асыру, деп атап өтті.

Сондықтан да біз Н.Назарбаев тапсырған міндеттерді толығымен орындадық деп есептеймін. Және де мен Астана декларациясы құндылығы жақын арада бағаланатын болады деп ойлаймын. Біз ЕҚЫҰ-ны сақтай алдық, пікірталастар мен ұйым қызметін жанданды. Ең алдымен, батыс пен Венадан басталатын шығыс мемлекеттері арасында өзара түсіністік пен сенімділікті нығайттық.

Қазақстанның ресми түрде ЕҚЫҰ төрағалығы биылғы жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Соңғы іс-шара ретінде Арал жқніндегі арнайы донорлық конференция болды. Қазақстанның ЕҚЫҰ –дағы жұмысы келесі жылы «үштік» аясында жалғасатын болады, Астана алдағы уақытта халықаралық кенңістікте өз белсенділігін төмендетпеуді ұйғарып отыр, - деп қорытты С.Әбдікәрімов.

ҚР Президентінің сапа саласындағы «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары аталды


Қанат Күлшманов, ҚазАқпарат

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен астананың «Қазақстан» кино және концерт залында сапа саласындағы жетістіктері үшін берілетін «Алтын сапа» сыйлығымен марапаттау салтанаты өтті. Жыл сайын берілетін аталмыш сыйлық екі категория бойынша: кіші және орта бизнес субъектілері мен ірі кәсіпкерлікке үш номинацияда ұсынылады.

2010 жылғы «Алтын сапа» сыйлығының «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымы бойынша «Кардиохиругия орталығы» ЖШС (Жамбыл облысы) және «Хан Шатыр» ЖШС (Астана қаласы) тапсырылды.

«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша биылғы жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» - «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ға (Астана қаласы) және «Oxy-Textile» АҚ-ға (Оңтүстік Қазақстан облысы) берілді. «Халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымы бойынша «RG Brands Kazakhstan» ЖШС (Алматы облысы) және «Родина Агрофирмасы» ЖШС (Ақмола облысы) лауреаттар атанды. Ал және сыйлықтармен марапатталды.

2010 жылғы «Парыз» Гран При «СПНС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ға берілді. «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымы бойынша «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», «Үздік ұжымдық шарт» аталымы бойынша – «Эйр Астана» АҚ, «Үздік әлеуметтік-жауапкершілік кәсіпорны» аталымы бойынша – «Қазмырыш» ЖШС-не бірінші орын берілді. Ал «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ «Индустриалдық серпіліс» аталымы бойынша және «Алтынтау Көкшетау» ЖШС «Инновациялық серпіліс» аталымы бойынша Мемлекет басшысының арнаулы сыйлығының лауреаттары атанды.

Мұнай-газ секторы



В.Путин Белоруссия, Қазақстан және РФ мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы туралы келісім жобасын бекітті


РФ премьер-министрі Владимир Путин Белоруссия, Қазақстан және РФ мұнай жіне мұнай өнімдерінің ортақ нарығын ұйымдастыру, басқару, жұмыс істеуі мен даму реті туралы келісім жобасын бекітті. Осыған сәйкес бұйрықүкіметтің ресми сайтында жарияланған. РФ бірінші вице-премьері Игорь Шуваловқа РФ СІМ мен РФ Энергетика министрлігінің қатысуымен Белоруссия және Қазақстанмен келіссөздер жүргізіліп, бір мәмілеге келген соң РФ үкіметі атынан келісімге қол қою тапсырылды.

Болашақтағы келісім мақсаты Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) қатысушы-мемлекеттердің мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыруға бағытталған негізгі принциптері мен іс-шараларын анықтау, сондай-ақ осы нарықта бәсекелестікті дамыту болып табылады.

Ортақ нарықты қалыптастырғаннан кейін жақтар өзара сауда жасауда қойылатын шектеулер саны мен кеденнен шығарылуда салық салмау жолдарын қарастыратын болады. Кеден одағынан тысқары шығарылатын мұнай мен мұнай өнімдеріне баж салығын төлеу мемлекеттердің жеке келісімдерінде анықталатын болады деп көрсетілген жобада. Құжатта БЭК мемлекеттерін мұнай және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету артықшылықтары және де мұнай мен мұнай өнімдері нормалары мен стандарттарын бірыңғайлау қарастырылған.

2011 жылдың 1 шілдесіне дейін келісуші жақтар кедендік ақпараттар негізінде ақпарат алмасу жүйесін құрып, сонымен қатар 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін мұнай мен мұнай өнімдері нормалары мен стандарттарын үйлестіреді деген болжамдар бар. Қатысушы-елдер қолда бар техникалық мүмкіндіктері шеңберінде өндірілген мұнай мен одан алынатын мұнай өнімдерін жұмыс істейтін транспорт торабы, соның ішінде магистарльды мұнай мен мұнай өнімдері құбыры тармағымен ұзақ мерзімді кепілденген тасымалдау жағдайларын жасайды. Тасымалдау тарифтерін әр елдің мемлекеттік органдары бекітетін болады. Онда мұнайдың экспортқа шығарылуы немесе ішкі қолданыс үшін тасымалдануына байланысты ерекшеленеді.

Бұрын хабарланғандай, желтоқсанның басында Мәскеу мен Минск 2011 жылдан бастап Белоруссияға баж салығы салынбай мұнай жеткізу туралы келісім жасалған, ол Минск Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) бойынша мәміле бекітетін болса жүзеге асырылады. Белоруссия өз кезегінде, мұнай өнімдері экспортына баж салығын салуға және алымды 100% мөлшерде Ресейге беруге келіскен болатын.

2010 жылдың қаңтарынан бастап Ресей бір ай пікірталастан кейін Белоруссияға МӨЗ 15,5 млн. тонна мұнай экспортына баж салығын енгізіп, ішкі қолданыс үшін 6,3 млн. тоннаға баж салығын салмады. Ресей сол кезден бастап Белоруссиямен мұнай өнімдерін саудалауда экспорттық баж салығын ала бастады. Белоруссия оған жауап ретінде ресейлік мұнай сатып алу көлемін қысқартты. Белоруссия МӨЗ-да шикізат жетіспеушілігінің орнын Венесуэладан жеткізілген мұнаймен толтырды. 2011 жылдан 2013 жылға дейін келісім-шартқа сәйкес Венесуэла Белоруссияға жылына 10 млн. тонна мұнай жеткізетін болады. Баж салығы енгізілгенге дейін Белоруссия Ресейден шамамен 21,5 млн тонна мұнай сатып алатын. Ресей үшін Белоруссияға мұнай тасымалдау экспорттың мағызды бағыттарының бірі болып табылады, деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг.


«ҚазМұнайГаз» облигацияларын 100 млрд. теңгеге таратты


«ҚазМұнайГаз» қазақ ұлттық мұнай газ компаниясы Қазақстанның ұйымдастырылмаған нарығында жетіжылдық дисконттық қамсызданбаған 4-ші шығарылымды құнды қағаздарын таратуды алғаш рет жүзеге асырды, деп көрсетілген Halyk Finance және VISOR Capital компанияларының андеррайтерлер хабарламасында.

Облигациялардың жалпы саны – 100 миллион дана, қағаздың номинальды құны – бір мың теңге.

2010 жылдың 26 қарашасынан 2 желтоқсанына дейін андеррайтерлер қазақстандық брокерлер мен инвесторлардан өтініштержинауды жүргізген. Өтініш жинау басталғанға дейін эмитент қысқарту бағасын (облигацияларды өтеудің жылдық кірісі) жылына 7% деңгейінде белгілеген, ол купон ставкасының нольдік мәні мен бекітілген есептесу күні 7 желтоқсанда бір облигацияның номинальды құны 1000 теңге болғанда облигация бағасы 626,0355 теңге көлеміне сәйкес келген. Андеррайтерлер көрсетілген мерзімнен асқанда жабық түрде берілген нарықтық және лимитті өтініштерді қабылдады.

Өтініштер кітабын жабу қорытындысы бойынша, эмитент жоғарыда көрсетілген бағада облигацияның номинальды 1000 теңгеден жалпы құны 100 миллиард 30 өтінішті қанағаттандырды, оның 20 инвесторлар мен брокерлер. Эмитент қанағаттандырған өтініштердің жалпы көлемінің 51,8% зейнеткерлік нарық субъектілері үлесі, екінші деңгейлі банктер – 25,6%, брокер-дилерлік компаниялар мен олардың клиенттері – 21,3%, сақтандыру қомпаниялары – 1,3% құрады.

Қағаздарды таратудан түскен қаржы, инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру мен компанияның ағымдағы қарыздарын төлеуге жұмсалатыны туралы айтылған болатын.

Халықаралық рейтинг агенттігі Fitch Ratings осы шығарылымдағы облигацияларға айрықша қамтамасыз етілмеген ақырғы рейтинг «BBB» тағайындады.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ – барлау, өндіру, өңдеу мен көмірсутек тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. ҚМГ акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қоры» АҚ тиесілі, деп хабарлайды Қазақстан Жаңалықтары АА.


ҚР Президентінің қатысуымен өткен теле көпір барысында Бейнеу-Шымкент газ құбырының негізгі компрессорлық станциясының құрылысы басталды


Мұратбек Мақұлбеков, ҚазАқпарат

Астананың «Қазақстан» Орталық концерт залында 21 желтоқсанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен теле көпір арқылы «Орталық Азия-Қытай» халыаралық жобаның бір бөлігі болып табылатын Бейнеу-Шымкент газ құбырының бас компрессорлық станциясы құрылысының басталуы басқарылды.

«Бұл Қазақстанда өте қажетті газ құбыры. Ол бүкіл оңтүстік аймақты газға тәуелді болудан құтқарады, біз осы аймаққа өз газымызды жеткізетін боламыз», - деп атап өтті елбасы.

Мемлекет Басшысы газ құбырының құрылысы жедел жүзеге асырылуы қажет деп бекітті. Оны іске қосу арқылы еліміздің оңтүстігінің 1,5 миллион халқын газбен қамтамасыз ету мәселелерін шешумен қатар, қаржылай түсімді қамтамасыз ететін Қытайға газды экспорттау мүмкіндігі де туады.

Жобаның құны – 500 миллиард теңге. Газ құбырының ұзындығы, Ақтөбе облысының Жаңажол кен орнынан Оңтүстік-Қазақстан облысына дейін – 1475 километр құрайды. Құбыр 450 елді мекенді газбен қамтамасыз ететін болады.

Президенттік «Парыз» сыйлығының бас жүлдесін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ иеленді


Қанат Күлшманов, ҚазАқпарат

21 желтоқсанда Астананың Орталық концерт залында ҚР Президентінің «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы сыйлығын ұсыну салтанаты өтті.

«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымы бойынша алтын сыйлық «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» ЖАҚ, «Үздік ұжымдық шарт» аталымы бойынша – «Эйр Астана» АҚ ұсынылса, «Үздік әлеуметтік-жауапкершілік кәсіпорны» аталымы бойынша – «Қазмырыш» ЖШС-не бірінші орын берілді.

2010 жылғы «Парыз» Бас жүлдесін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «СПНС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ға тапсырды.


Маңғыстау облысында ҚР Президентінің қатысуымен өткен теле көпір барысында бұрғылау ерітінділерін дайындайтын зауыт іске қосылды


Дамир Байманов, ҚазАқпарат

21 желтоқсанда ҚР Президентінің қатысуымен өткен теле көпір барысында индустриализация Картасының нысандарына енген Маңғыстау облысындағы бұрғылау ерітіндісін дайындау зауытының іске қосылуы жүзеге асырылды.

Зауыт сумен және де көмірсутек негізінде жасалатын жоғары технологиялық бұрғылай ерітінділерін дайындаумен айналысатын болады. Осы нысан жұмысның басталуымен бұрғылау қондырғылары басында дайындалатын ерітіндіні даяр күйінде жеткізу, мұнай скважиналарын бұрғылауға кететін уақытты үнемдеуге жағдай жасайды.

Елбасы зауыт жұмысшыларын жаңа өндіріс орнымен құттықтап, ол еліміздің маңызды индустриялық нысанына айналатынына сенім білдірді.


Энергетика



Қазақстан Украинамен бірлесе ядролық отын өндірісін құруға қызығушылық танытып отыр


Қазақстан Украинамен бірлесе ядролық отын өндірісін құруға қызығушылық танытып отыр. Ол туралы Қазақстанның Украинадағы Елшісі Амангелді Жұмабаев пресс-конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today, ресми БАҚ сілтемесінде.

Дипломаттың айтуынша Қазақстан ядролық салада украинамен ынтымақтастықты дамытуға ниетті. «Уран өндіру мен отын таблеткаларын дайындау саласында ынтымақтастық мәселелері және Украина жоғарғы оқу орындарында ядролық энергетика саласының қазақстандық мамандарды даярлау қарастырылады», - деп айтты ол.

Қазақстан жаңа атом электр станциясы құрылысы жоспарлауды ескере отырып, ынтымақтасуға қызығушылық білдіруін түсіндірді.

Сонымен қатар, А.Жұмабаев, Қазақстанның 2011 жылы Украинаға 2 млн. тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отырғанына да тоқтала кетті. «екі апта бұрын мұнай жеткізу бойынша тарифтік мәселелер келісілген болатын», - деді ол. Елші 6 млн тонна украина аумағы арқылы өткізу жоспары мен оның 2 млн тоннасы Украинада өңделетінін нақтылады. Бұл тасымалдау екі елдің президенттері арасындағы келісім аясында жүзеге асырылады.

Осыларға қосымша, Қазақстан өз аумағында украинадағы конструкторлық бюро өңдеген ұшақтар жасау да жоспарында бар. Қазақстанның жоспарына – Украина мен РФ Байқоңыр космодромынан коммерциялық спутниктер жіберу туралы үш жақты келісім жасау да кіреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қаржы және инвестициялар



ҚР Президенті осы жылы Қазақстанның ІЖӨ 7% арта өседі деп есептейді


Қанат Күлшманов, ҚазАқпарат

Қазақстанның ІЖӨ осы жылы 7% артық өсетін болады. Осындай пікірді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада 21 желтоқсанда өткен «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтары лауреаттарын марапаттау салтанатында айтқан.

«Бүгін біз өтіп бара жатқан жылды салтанатпен қорытындылап отырмыз. Еліміздің ІЖӨ 7% аса өседі, өнеркәсіп өндірісі – 10 % артық, өңдеу өнеркәсібі – 19% аса өсетін болады. Осылардың ішінде соңғысы біз үшін ең маңызды болып табылады», - деп нақтылады Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының пікірі бойынша, Қазақстан тек өзінің жер қойнауында жатқан минералдық қорларға ғана иек артып отырмауы қажет. «Шекспир көтерген мәселе: «Боламыз ба, әлде болмаймыз ба?» - біз индустриялық -инновациялық бағдарламаларды игереміз бе, жоқ па, әлде соңында қалып, шаң жұтамыз ба немесе Қазақстанның атын жарқыратын, сапалы өнімі бар әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналамыз ба. Міне, мәселе қайда?!», - деп сөзін қорытты мемлекет Басшысы.


ЕАДБ Macquarie Renaissance Infrastructure Fund инфрақұрылымдық қорға инвестиция салады


Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) бүгін инфрақұрылымдық қор Macquarie Renaissance Infrastructure Fund (MRIF) қатысу туралы Келісімге қол қойды. ЕАДБ MRIF-ке 100 миллион доллар инвестиция бөледі, осылайша Қордың жалпы көлемі 630 миллион АҚШ долларын құрайды.

Құжатта ЕАДБ Халықаралық қаржы корпорациясымен қатар, Еуропалық қайта құрылу мен даму банкі, ресейлік Мемлекеттік корпорация «Сыртқы экономикалық қызмет пен даму Банкі» (Сыртқыэкономбанк), қазақстандық Кazyna Capital Management, Macquarie Capital Group мен Renaissance Capital Қор акционерлері қатарына кіреді деп көрсетілген.

Ресей мен Қазақстанның құрылтайлығымен ұйымдастырылған ЕАДБ Еуразиядағы экономикалық өсу мен интеграциялық процестерді қалыптастыратын халықаралық қаржылық ұйым болып табылады. MRIFбасқарушысы Macquarie Group и Renaissance Capital болатын инфрақұрылымдық қор болып табылады. Қор қарқындап дамып келе жатқан инфрақұрылымдық нарықта инвесторларға кең ауқымда мүмкіндік беріп, аймақтық инфрақұрылымды жаңартуда маңызды роль атқарады.

«Қор акционерлерімен өзара қарым-қатынаста ТМД елдері экономикасына маңызды жобалар бойынша жұмыс істейтін болады. Қазақстандағы даму құрылымдарын басқарушы "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ мен Внеэшэкономбанктың Macquarie Renaissance Infrastructure Fund жұмысының нәтижелi де жемiстi болуына үлес қосады» , деп үмiттенетiнiнЕуразиялық Даму банкiнiң Басқарма төрағасы Игорь Финогенов жеткiздi.

Эндрю Коули, MRIF бас директоры былай деді: «Біз ЕАДБ біздің Қор қатарында көргенімізге қуаныштымыз. ТМД елдерінің үкіметі экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымдық жаңару мен кеңеюдің қте қажет екендігін түсінеді. Жеке секторларға инвестиция тарту даму бағдарламасын жеделдетені анық. Біздің инвесторлармен бірлесе жұмыс істеу арқылы Macquarie Renaissance қоры осы процестегі негізгі ойыншы болып қалу ниеті бар». Macquarie Group және Renaissance Group компаниялары арқылы басқарылатын Macquarie Renaissance Infrastructure Fund қоржынындағы бастапқы сома 1-1,5 млрд. АҚШ долларына жуық. Атап айтқанда, Внешэкономбанк — 200 млн. доллар, Еуразиялық Даму банкi — 200 млн. доллар және "Kazyna Capital Management" АҚ 100 млн. доллар көлемiнде қаржы құюды көздеп отыр. Қор қызметi ТМД кеңiстiгiндегi инфрақұрылымдық жобаларды, тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы инфрақұрылымы, табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану деңгейiн көтеру, экологиялық ахуалды жақсарту, темiр жол мен автокөлiк жолдарын, әуежай, теңiз порттары мен басқа да iрi жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Мемлекеттiк және жекеменшiктiк серiктестiк шеңберiнде жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда Қазақстан мен Ресейге басымдық берiлетiн көрiнедi.

Дегенмен, жобалар инвестициясының Ресей Федерациясында жүзеге асырылатын үлесі сомалық инвестицияның 50 пайызын құраса, Қазақстан Республикасы аумағында – 20 пайыздан аспайды.

Macquarie Group және Renaissance Group компаниялары арқылы басқарылатын Macquarie Renaissance Infrastructure Fund қоржынындағы бастапқы сома 1-1,5 млрд. АҚШ долларына жуық. Атап айтқанда, Внешэкономбанк — 200 млн. доллар, Еуразиялық Даму банкi — 200 млн. доллар және "Kazyna Capital Management" АҚ 100 млн. доллар көлемiнде қаржы құюды көздеп отыр. Қор қызметi ТМД кеңiстiгiндегi инфрақұрылымдық жобаларды, тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы инфрақұрылымы, табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану деңгейiн көтеру, экологиялық ахуалды жақсарту, темiр жол мен автокөлiк жолдарын, әуежай, теңiз порттары мен басқа да iрi жобаларды қаржыландыруға бағытталады. 
Macquarie тобы – банктік, қаржылық, кеңес беру, инвестициялық және басқару қызметтерін жеткізуші болып табылады.

Н.Назарбаев – Мемлекет «дағдарысқа қарсы» қаражатты банктерде қалдыруға даяр, егер ол Қазақстан экономикасының индустриализациясына жұмсалатын болса


Дамир Байманов, Мұратбек Мақұлбеков ҚазАқпарат

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, 21 желтоқсанда өткен «Алтын сапа» Президент сыйлығын тапсыру салтанатында айтқан сөзінде, , егер банктер еліміздің экономикасы индустриализациясына пайдаланатын болса мемлекет «дағдарысқа қарсы» салған қаражатты қалдыруға дайын, деді.

«Банктердің қайта қалпына келуінің дәлелі ретінде, дағдарыс кезінде бөлінген 5 млрд.АҚШ долларын олардың бюджетке қайтаруға дайын болуы. Дегенмен, сол қаражатты ары қарай жұмыс істету үшін қалдыруға өтініш білдіруде. Егер қаржы индустриалық мақсаттарға жұмсалатын болса, біз банктерге қолдануға бере аламыз», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар Президент, қарыз-мекемелер бактерге өз қарыздарын қайтаруы туралы айта кетті.

«Әлі қиындықтардан шыға алмай отырған жақсы кәсіпорындар аз емес. Оларды нарық заңдарына сәйкес күрделі жағдайлардан алып шығуға болады. Қарыз алушы банктегі қарызын өтеуі қажет. Басқаша жүйе жұмыс істемейді. Мемлекет банктерді қолдайды», - деп нақтылады Президент.

Мемлекет басшысы индустрияны дамыту бойынша Ақмола және Атырау облыстары әкімдерінің жұмысын сынады


21 желтоқсанда Қазақстанның индустриализациясы Картасына енген жобаларды презентациялау кезінде мемлекет Басшысы Нұрсұлтан назарбаев Ақмола және Атырау облыстарының әкімдері жұмыстарын сынға алды.

Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченкоға еңбек өнімділігінің артуы туралы сұрақ қойды. С.Дьяченко бұл сұраққа жауап беруге қиналып, былтырғы жылмен салыстырғанда аймақтық жалпы өнім бойынша облыс биылғы жылы 103% шықты деп хабарлады.

«Сен білмейсің, яғни еңбек өнімділігін қадағаламайсың. Өткен жылы өнімділік қаншалықты өскенін көрсететін сандар бар – ол индустриализацияның, жалпы өнімділіктің, бір адам өнімділігінің негізгі көрсеткіші. Құрастырылып жатқан тепловоздарда (өнімділік – агенттік мысалдары) бір адамға 70 мың доллар, ауылдарда – 200 мың доллар. Әр мекеме өндірісін қалай көтеретін болса – ол индустриализация негізі болады», - деп нақтылады Н.Назарбаев.

Ел басшысы Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевқа аймақта кіші және орта бизнес дамымаған ба деп мәлімдеді. «Сен индустрияны дамытумен айналыспай отырсың. Жылына 25 млн. теңге бөлінеді, барлығы да бар, тек өндіріс жоқ. Мұнай мен газ – сенің жұмысың емес, онымен басқалар айналысады. Кіші және орта бизнеске қатысты ештеңе жасалмай отыр. Не құрылыс материалдары, не басқа жоқ. Орта бизнес жоқ», - деді елбасы.

«Инвестициялар тарту қажет, онымен айналыспай отырсың. Ақтөбе облысынан қалай жасау керектігін үйрен. Бірінші орында Ақтөбе облысы тұр», - деді мемлекет басшысы.

Ары қарай басқа аймақ Әкімдері өзінің облысы туралы есеп берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.


Тау-кен металлургия саласы



Қазақстан Президентінің қатысуымен өткен теле көпір барысында Өскемендегі мыс еріту зауыты іске қосылды


Мұратбек Мақұлбеков, Людмила Малько, ҚазАқпарат

Астананың Орталық концерт залындағы теле көпір барысында Нұрсұлтан Назарбаев Өскемендегі «Қазмырыш» АҚ-ның мыс еріту зауытының жұмысын іске қосты.

«Қыркүйекте бұл зауыт дайындығының қай сатыда тұрғанын өзім барып көрген болатынмын. Зауыт инвестициясының көлемі бір миллиард долларға жуық. Бұл – біздің еліміз үшін бірегей оқиға. Бұл – тек мыс қана емес, сирек кездесетін металл түрлерін өндіретін өте үлкен, маңызды жоба болып табылдады», - деп атап өтті Президент.

Жаңа кәсіпорын жылына 70 мың тонна катодты мыс өндіретін болады. Зауытта 689 адам жұмыс істейді.

Сол күні «Қазмырыш» АҚ-ның жаңа мыс зауытында катодты мыстың алғашқы партиясы шығарылды. Бұл Қазақстан индустриализациясы Картасындағы ауқымды жобалардың бірі болып табылатын «Жаңа металлургия» инновациялық жобасын енгізу аясында компания өндірген судай жаңа өнім.

Технологиялық көпірлі кран электролиз ваннасындағы жұмысшылардан 99,999 пайыздық мыс металымен қапталған катодтар партиясын тиеп, катодсыдыру машинасына орналастырды. Осы жерде катодтар толығымен сулы өңдеуден өткізіліп, мыс платиналары бөлігіне жайғастырылды. Содан кейін мыс пластиналар автоматты түрде қорапқа салынып, дайын өнім бөліміне жіберілді. Пластиналардың бірі Астанаға естелік ретінде берілді.

Осылайша 21 желтоқсанда алғаш рет өскемендік мыс алынып, Өскемен металлургиясы тарихында жаңа бет ашылды. Бұл жерде бес жүз мың адам, әлемдің үздік технологиялар, жабдықтар мен құралдар, арнайы шет елде даярланған мамандардың үш жылғы еңбегі аяқталды.

Сауда және тұтыну тауарлары



Алматы облысында балалар тағамын өндіретін зауыт іске қосылды – ҚР Президентінің қатысуымен болған теле көпір


Дамир Байманов, ҚазАқпарат

21 желтоқсанда өткен теле көпір барысында ҚР ПРезиденті Нұрсұлтан Назарбаев Индустриализация Картасының тағы бір құрылыс нысаны, Алматы облысындағы балалар тағамын өндіретін зауыт жұмысын іске қосты.

«Біз үшін қазір балалар тағамын өндірумен айналысатын елімізде жетіспей келген кәсіпорынды іске қосу маңызды болып отыр. Мен ұдайы осы мәселені айтып келген болатынмын. Себебі, балалардың дұрыс тамақтанбауынан болатын проблемалар: аллергия, ана сүтінің жетіспеуі және т.б. жеткілікті. Менің ойымша біздің кішкентай бөбектеріміз үшін үлкен іс жасалды», - деп атап өтті мемлекет Басшысы.

Мемлекет басшысы – КО жарты жылдық жұмысында Одаққа қатысушы-мүше елдер арасында тауар айналымы 38% артып, экспорт 50 млрд. долларды құраған


Гульнара Жандағұлова, ҚазАқпарат

Кеден Одағының жарты жылдық жұмысы ішінде КО мүше елдер арасындағы тауар айналымы 38% өскен. Ол туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарымен марапаттау салтанатында айтты.

«Үнемі Кеден Одағына кіру не үшін қажет деген сұрақтар қойылады. Ол бізге қажет, себебі, соғылып жатқан кәсіпорындар өз өнімдерін сатуы керек. Сол себепті біз 170 млн. адамға нарық аштық. Осы республикалармен бірінші жарты жыл ішінде тауар айналымы 38% өсті. Экспорт 50 млрд. долларға арттырылды», - деді Елбасы.

Ендігі жерде ресейлік және белоруссиялық өндірушілермен бәсекелестік жоғары болыр отыр, деп тоқталды Президент. «Егер біз БСҰ ұүрамына кіруге дайындала отырып, көршілес елдермен бәсекелестікке түсе алмайтын болсақ, онда не туралы айтуға болады?! Қадірменді іскер мырзалар, қазір осы тауарларларды қайда сату керектігін қарастыру қажет. Ең алдымен осы нарыұтарды бағындырып, біздің тауарлардың сапасы мен бәсекелестікке сай болуымен айналысатын уақыт келді. Қазір шыңдалып алсақ, кең ауқымды нарыққа оңай шығатын боламыз», - деп түйіндеді Н.Назарбаев.


Сақтандыру мен қауіптерді басқару



«Еуразия» СК: сақтандыру нарығы 2011 жылы өсімді сақтайды


«Еуразия» қазақстандық сақтандыру компаниясы 2010 жылы қазақстандық сақтандырушылар жарнасын жинау көлемінің өсуі 25 % құраса, 2011 жылы сол қалыпты сақтайды деп болжауда. Ол туралы Қазақстан Жаңалықтары АА хабарлады. АҚБ мәліметтеріне қарағанда, қазақстандық сақтандыру компанияларының тікелей сақтандыру келісімі бойынша, сақтандыру жарнасының көлемі 1 қарашада 114 млрд.теңгені құраған. Бұл 2009 жылдың осы мезгілінен 27,9% артық.

«Еуразия» СК басшыларының пікірінше, сақтандыру көлемінің ұлғаюы, алдағы уақытта банктердің несиелік белсенділігінің артуымен байланысты болмақ. Ол кепілдерді сақтандыру, төтенше жағдайлар мен басқа да қауіп-қатерлерден сақтандыру сияқты сегменттердің сақтандыру белсенділігін туындатады.

Келесі жылы отандық сақтандыру нарығында бұрын орын алмаған үрдіс, банк заемдарын сақтандыру пайда болады, деп есептейді «Еуразия» СК. Дағдарыс кезеңінде көптеген банктер несиелеу кезіндегі қауіпті қарыз алушыдан қосымша кепілдеме талап етумен жауып келді, деп түсіндірді компания қызметкерлері. Қазіргі кезде, мамандардың бағалауы бойынша, қарыз алушы, міселен айналымға қажетті қаражатты несиеге алу үшін, ондай қорға ие емес, сондықтан да қосымша кепілдеме бере алмайды. Яғни, аталмыш дәстүрлі кепілдеме қоры өздігінен азайып барады. Сол себепті, қазақстандық қаржы секторына тән емес құрал, қарыздарды сақтандыру алға шықпақ.

Компания басшысы орынбасарының айтуынша, «Еуразия» жұмыстың осы түрімен айналысуға және онымен байланысты шығындарға даяр, соның ішінде, андеррайтинг комитеті құрылымында несиелік комитет қызметі ролін атқаруға да дайын болып отыр.


Аймақтық іскерлік жаңалықтар



Қырғызстанның Уақытша үкімет мүшелерін тарқату туралы Декретке қол қойды, таяу күндері УҮ-тің есеп беру – үндеу жарияланады


21 желтоқсанда Қырғызстанның Уақытша үкімет мүшелері тарқауы туралы Декретке қол қойды. Ол туралы бұрынғы УҮ-тің мүшесі Азимбек Бекназаров АКИpress АА берген сұхбатында хабарлады.

Қырғызстан Президенті Роза Отунбаева 21 желтоқсанда бүрынғы Уақытша Үкімет мүшелерін бейресми кездесуге шақырған болатын.

А.Бекназаровтың хабарлауы бойынша, жиналыста УҮ мүшелерінің 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап атқарған жұмыстары туралы есеп беру – үндеуі талқыланып, жақын күндері халыққа жарияланатын болады. Жаңа үкімет құрамы туралы сөз қозғалды ма деген сұраққа, ол: «Әрине, қатаң талқылаулар болды. Көптеген мәселер арасында ол тақырып та қозғалды», - деп жауап берді.

Оның пікірінше, қазіргі жас сәби сияқты жаңа басқару жүйесін қолдау мен төңкеріс мақсатын соңына дейін жүзеге асыру үшін, қоғамдық бақылау жөніндегі кеңес немесе ұйым құрылуы дұрыс сияқты, деп хабарлайды CA-News.


Түркменстанда МТС жұмысы бір ай мерзімге тоқтатылады


«МТС-Түркменстан» Түркменстан байланыс министрлігінен 2010 жылдың 21 желтоқсанына бастап лицензия қызметі уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлама алғаны туралы ақпарат берді. Компания жариялаған пресс-релизде, осы себеппен Түркменстанда байланыс пен интернет қызметтері бір айға тоқтатылуы мүмкін делінген. Сонымен қатар осы мерзім ішінде экспресс-төлемдер пен ПИН-код карталары жұмыс істемейтін болады.

Абоненттік номерлер, қосылған сервистер мен жеке шоттарда жатқан ақша, байланыстың уақытша болмауы кезінде байланыс қызметтері, абоненттік төлемдер мен қызмет көрсетулер де жүргізілмейді, делінген пресс-релизде. Абоненттер есепшоттарындағы ақшаны МТС кеңселерінен келісім-шартты бұзып, толығымен абоненттік номерді жою арқылы ала алады.

«МТС-Түркменстан компаниясы» осы мәселені жедел шешу үшін бар күшін жұмылдыруда және осы туындаған жағдайға түсіністікпен қарағандары үшін абоненттерге ризашылық білдіреді», - деп хабарлайды Turkmenistan.ru.
Ашхабадтағы «Ферғана» дереккөздерінің мәліметтері бойынша, МТС басшылары қазір Түркменстанда келіссөздер жүргізу үстінде. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Ашхабадқа «Система» АФК басшысы Владимир Евтушенков та ұшып барған. Ол туындаған жағдай туралы Ресей Президенті Дмитрий Медведевке тікелей хабарлаған. Келіссөздер әлі де жалғасуды.

Түркменстанда МТС 2005 жылы BCTI мен елдің байланыс министрлігі және МТС арасмында жасалған үш жақты келісім негізінде жұмыс істейді. Оның аяқталу мерзімі 2010 жылы 21 желтоқсанда болса, лицензия мерзімі – 2012 жылдың 1 ақпанына дейін жалғасатын болып шықты. Министрлік белгісіз себептермен BCTI лицензиясын тоқтатқан. МТС айтуынша, үш жақты келісім мерзімі оның Түркменстанда қызмет жасауына кедергі болмауы қажет және BCTI лицензиясын тоқтату үшін негіз бола алмайды, алынған хабарлама «Байланыс министрлігінің заң және нормативтік актілерінің қате түсіндіруі нәтижесі» болып табылады.

Түркменстанда МТС клиенттері 2,3 миллион адамды құрайды, ол республика халқының жартысынан көбі болып табылады. Келісім шарттары бойынша, BCTI таза пайданың 49 пайызын 2005жылдың 21 желтоқсанына дейін, 2005 жылдың 21 желтоқсанынан бастап 20 пайыз МТС компаниясын иеленген күннен бастап аударып отырған, деп хабарлайды МИА Фергана

Обама Хиллари Клинтонды Орталық Азия сапары үшін алғыс айтты


АҚШ Президенті Барак Обама жыл сайын Вашингтонда өтетін шет ел дипломаттарына арналған Рождество ресми қабылдауында Хиллари Клинтонның таяуда Орталық Азияға барған сапары туралы атап өтіп, АҚШ мемлекеттік хатшысын қызу қызметтері үшін алғысын білдірді. Ол туралы «Жібек жолы» Вашингтон жаңалықтар топтамасы хабарлайды.

«Ол жақында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанда, оларға бонус ретінде Бехрейнде болуын, журналистердің бірі «Орталық азиялық хэт-трэк» деп атаған сапарлары сәтті болды», - деді Обама.

Желтоқсанның басында Клинтон Астанадағы ЕҚЫҰ көшбасшылары саммитіне қатысып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Содан кейін Бішкекте Қызғызстан басшысы Роза Отунбаевамен кездесуден кейін, Ташкентте Өзбекстан Президенті Ислам Каримовпен келіссөздер өткізді.

Обама Клинтоды жұмысқа берілгендігі үшін рахмет айтты.

«Біздің еліміздің бүкіл тарихында бұрын-соңды болған ең тамаша мемлекеттік хатшылардың бірі не қатысты бітім жасалып келеді деп ойлаймын», деп тоқталды АҚШ президенті.

«Мемлекеттік хатшы Клинтон ханым, сіздің көшбасшылығының үшін, сіздің сезімталдығыңыз бен ұлттық қауіпсіздікті сақтауға деген адалдығыңыз үшін, кең мағынада – сіздің бейбітшілікке деген ұмтылысыңыз үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік барлығымызға бірдей қажет болғандықтан, зор алғыс білдіремін», - деді ол.

Сонымен қатар, Обама Вашингтондағы шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне де алғыс білдірді.

«Сіздер білесіздер, менің әкімшілігім бүкіл әлем бойынша өзара қарым-өатынастың жаңа дәуірін ашты – ол өзара қызығушылық пен өзара құрметпен орнатылатын қарым-қатынас. Ол сенімділікке, шындыққа сүйенеді. Біздің дипломатиямыз бен серіктестігіміз осында», деп хабарлайды CA-News.


Бағалар мен статистика






Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
Дата: 22 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital


Наверх



Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers
Дата: 22 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital

Наверх

Мұнай мен газ құны
Дата: 22 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com

Petroleum ($/bbl)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Crude Future

90.00

.18

.20

02:28

Dated Brent Spot

93.09

-.03

-.03

02:38

WTI Cushing Spot

89.17

.36

.41

12/21

Petroleum (cent/gal)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Heating Oil Future

252.03

.39

.15

01:12

Nymex RBOB Gasoline Future

241.30

1.45

.60

00:39

Natural gas ($/MMBtu)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Henry Hub Future

4.07

.01

.22

02:27

Henry Hub Spot

4.13

.02

.49

12/21

New York City Gate Spot

8.22

-2.27

-21.64

12/21

Наверх

Commodities
Дата: 22 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com

Commodity

Price

Change

%Change

Time

COPPER FUTURE (USd/lb.)

426.200

-1.400

-0.33

02:28

GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)

1389.200

0.400

0.03

02:28

SILVER FUTURE (USD/t oz.)

29.375

-0.019

-0.06

02:28

Наверх

Металл құны
Дата: 22 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Kitco.com

Silver

29.33

-0.04

Platinum

1724.00

+3.00

Palladium

751.00

-1.00

Rhodium

2,400.00

0.00

Наверх

Валюталар бағамы
Дата: 22 желтоқсан, 2010; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

1 USD

KZT 147.26

1 CHF

KZT 153.16

1 CNY

KZT 22.12

1 TRY

KZT 94.58

10 JPY

KZT 1.76

1 EUR

KZT 193.72

1 AUD

KZT 146.61

1 KGS

KZT 3.13

1 UZS

KZT 0.09







1 GBP

KZT 228.74

1 CAD

KZT 144.93

1 RUB

KZT 4.79

100 KRW

KZT 12.76







Отписаться от рассылки





Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:

newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz

Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010



й


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет