1193 шығарылым – Бейсенбі, 20 қаңтар, 2011



Дата08.07.2016
өлшемі199.27 Kb.
#185651



1193 шығарылым – Бейсенбі, 20 қаңтар, 2011





Номер мақаласы


    • 2010 жылы Қазақстанда браконьерлер 500 мыңдай ақбөкенді қырып тастаған


Қазақстанда


    • ҚР Премьер-министрі дәрігерлер науқастың жылдам айығуына жағдай жасайтын денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруды тапсырды


Мұнай-газ секторы


    • ОЗНА Қазақстандағы өз позициясын нығайтуда

    • Газпром 2011 жылы ортаазиялық газ сатып алуды 2,1% - 38,8 млрд куб. м. дейін арттырады деп күтілуде


Энергетика


    • Қазақстандағы Шардара ГЭС-ін гидроагрегаттармен жабдықтаушы 2011 жылы анықталады


Қаржы және инвестициялар


    • 2011 жылы кедендік түсімнің өсуі 966 млрд. теңгеге дейін болжануда

    • Қазақстанның БТА банкі Ресейдің ірі қоймасын сату бойынша келісім-шартты тоқтатуға сес көрсетті

    • Қазақстаннан 9 жыл ішінде заңсыз 126 млрд. доллар сыртқа шығарылған


Тау-кен және металлургия саласы


    • ShalkiyaZinc қожасы ауысты


Сауда және тұтынушылар тауарлары


    • ҚР Президенті ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын қолдады

    • ҚР Кедені тауарлар экспорты мен импортын рәсімдеуді жеңілдетуге ниет білдірді


Аймақтық іскерлік жаңалықтар


    • Тәжікстан Қытайға күріш өсіру үшін 2 мың га жер бөледі

    • Қырғызстанда Қауіпсіздік Кеңесінің орнына елдің Қорғаныс Кеңесі құрылды

    • РФ мен Белоруссия Премьерлері мұнай бағасын және АЭС құрылысын талқылайды



  • Бағалар мен статистика

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers от компании

    • Мұнай мен газ құны

    • Commodities

    • Металл құны

    • Валюта бағамдары

Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz

Номер мақаласы



2010 жылы Қазақстанда браконьерлер 500 мыңдай ақбөкенді қырып тастаған


Стэн Роджерс

Браконьерлер өткен жылы Қазақстанда 483 ақбөкенді өлтірген, дегенішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Қуанышбек Жұмановтың сөзіне сүйеніп Kazakhstan Today сайты хабарлайды.

Осы мәліметтер бойынша, 32 қылмыстық іс қозғалды. Жер бетінен жоғалып кетудің аз алдында тұрған ақбөкендер популяциясы 2000 жылғы 1 млн. бастап 2009 жылы 81 мың басқа азайған, делінген ауыл шаруашылығы Министрлігінің мәліметтерінде.

Қазақстанның ауыл шаруашылық Министрлігі ақбөкендерді аулауды 2011 жылдан бастап 2020 жылға дейін тыйым салды, деп хабарлайды РИА Новости.

Ақбөкендер - Қазақстанның ұлттық жабайы аңы болып саналады, деп жазады Central Asia Online.

Қазақстанда



ҚР Премьер-министрі дәрігерлер науқастың жылдам айығуына жағдай жасайтын денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруды тапсырды


Серік Сәбеков, ҚазАқпарат

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов женсаулық сақтау Министрлігіне, дәрігерлердің науқастың сау болуына қызығушылық танытатын жүйе жасауды тапсырды. Мұндай тапсырма 19 қаңтарда ведомствоның алқа отырысында берілді.

Премьер атап өткендей, бұрынғы денсаулық жүйесінің жақсы жақтарымен қоса, көбірек емдеу пайдалы болтаны кемшіліктері де болды.

Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, жүйені дәрігерді науқастық тезірек жазылуына ынтасын тудыратындай етіп жасау қажет.

Осы ретте, К.Мәсімов, аймақтардағы ауруханалардың техникалық жабдықталуы мәселелерін де көп көңіл бөлу қажет деді.

Астанада ауруханалардың техникалық жабдықталу турасында мәселелер жоқ. Ондағы мәселе – сол жабдықтарды пайдала білетін мамандарға қатысты. Осыған ең алдымен көңіл бөлінуі қажет.

«Сіздердің басты міндеттеріңіз – осы жүйені қалыптастыру», - деп нақтылады ол.

Сонымен қатар, премьер медицина қызметкерлерін жүйедегі өзекті мәселелер туралы ашып айтуға үндеді. «Бізде Ресейдегі кардиолог Хренов сияқты маңызды мәселелер мен проблемалар туралы айта алатын адам бар ма?», - деп сұрады.

Еске сала кетсек, Ивановада жұмыс істейтін Иван Хренов 16 желтоқсанда «Владимир Путинмен әңгіме» тікелей желісі арқылы, өзі жұмыс істейтін ауруханада премьердің келер алдындағы «жалған» көрсеткіштері туралы шағымданған. Оның айтуынша, В.Путин аурухана келу кезінде көрген жабдығы, кейіннен алынып, ал басшылар медицина қызметкерлерін жалақы көлемін көбейтіп айтуға мәжбүрлеген. Сондай-ақ науқастар ретінде медицина қызметкерлері киімдерін ауыстырып, солардың кейпін көрсетті дегенін, хLenta.ru сілтемесінде Kazakhstan Today абарлайды.

Мұнай-газ секторы



ОЗНА Қазақстандағы өз позициясын нығайтуда


«ОЗНА» компаниясы Қазақстан Республикасындағы жаңа серіктестеріне скважина реагенттерін іріктеу мен шайқауға арналған өлшеуіш қондырғыларын және жабдықтарын жеткізетін болады.

«ОЗНА» компаниясы Корей ұлттық мұнай корпорациясы (Korea National Oil Corporation, KNOC) мүдделерінне өкілдік ететін«Кен-Сары» (Ақтау қ., Қазақстан) ЖСШ келісім-шарт жасасты.

Ынтымақтастықтың бірінші сатысында жаңа серіктестерге өнімділігі тәулігіне 1500 және 1400 тонна «ОЗНА-Массомер» үш құрамдас өлшеу қондырғысы мен 2,5-10 мөлшерлі реагенттер блогын жеткізетін болады.

«Кен-Сары» ЖШС өкілдері «ОЗНА» акционерлік компаниясында болып, оның өндірістік әлеуетімен танысқан болатын. Сыртқы экономикалық байланыстар департаментінің директоры Сергей Коробкиннің айтуынша, екі жақ Қазақстан мұнайшылары үшін жеткізілетін номенклатураны кеңейтуде екі компанияның алдағы уақытта да ынтымақтастық жасау нұсқаларын жасады.

Корей ұлттық мұнай корпорациясы 1979 жылы құрылған. Компания Йемен, Аргентина, Перу, Венесуэла, Ливия мен Вьетнамда барлау және мұнай өндіру жұмыстарымен айналысады. Қазақстанда KNOC республиканың солтүстік-шығысындағы бірнеше кен орындарын, соның қатарында, Маңғыстау облысындағы Құлжан және Арыстан кен орындарын өңдеуде.

Қазақстандағы алғашқы жоба 2001 жылы басталған. Коропорация «Ада Ойл» компаниясымен Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Башенкөл және Байғанин ауданындағы Жаңатаң кен орындарында көмірсутек шикізатын барлауға келісім-шарт жасаған болатын. Қазіргі кезде «АдаОйл» ЖСШ өндіру көлемі 2500 барр. мұнайды құрайды, 2013 жылдарға қарай бұл көлем 7500 баррельге дейін арттыру жоспарлануда, деп Derrick.ru. хабарлайды.


Газпром 2011 жылы ортаазиялық газ сатып алуды 2,1% - 38,8 млрд куб. м. дейін арттырады деп күтілуде


2011 жылы «Газпром» ААҚ-ның Түркменстанна, Өзбекстаннан және Қазақстаннан газ сатып алуы 38,8 млрд. куб.м. деңгейінде болжануда, ол 2010 жылғы көлемнен 2,1% артық. Ол туралы ТМД елдерінің газ нарығында тиімділікті арттыру жөніндегі компанияның қызметі мақұлданған директорлар кеңесінің отырысы қорытындылары бойынша Газпром ақпараттық басқармасы хабараланды. Басқармаға Орта Азия елдерінен келетін табиғи газ импортының көлемдік және құндық параметрлерін оңтайландыру бойынша, сондай-ақ Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) қалыптастыру жағдайында Газпром мүдделерін сақтау бойынша жұмыстарды жалғастыру тапсырылды. БЭК қатысушы-елдерге өатысты Газпром саясаты жеткізушілер, транзит елдер мен газ тұтынушылардың қызығушылық тепе-теңдігін қамтамасыз етуде компанияның біртұтас экспорттық арна аясында үйлестіру ролін сақтау мен нығайту есебінен бағытталуы қажеттігі белгіленген. Концернде, Орталық Азияның табиғи газы Газпромның жалпы қор базасын қалыптастырудың маңызды элементі екендігі еске салынды. 2009 жылы «Газпром» тобы Түркменстанда, Өзбекстанда және Қазақстанда 37,3 млрд.куб.м газ сатып алған.

Газпром Орталық Азия республикаларында бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырады. Соның қатарында, өнім тарауы туралы Келісім шарттары бойынша, Шақпақты кен орнында газ өндіруді қалпына келтіру жөнінде келісім жасалған. Өзбекстанның Үстірт аймағы территориясында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Тәжікстан үкіметімен Ренган, Саргазон, Сарыкамыш және Батыс Шаамбары ауқымында жер қойнауын келешектегі мұнай мен газ көздерін геологиялық зерттеудің жалпы ережелері туралы келісімге қол қойылды. Газпром Қырғызстанда Кугар мен Шығыс Майлысу-4 аумақтарында жер қойнауы бөліктерін пайдалану құқын беретін екі лицензияға ие болды.

ТМД елдері арасында Украина мен Белоруссия ірі ресейлік газ тұтынушылары болып табылады, деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг.

Энергетика



Қазақстандағы Шардара ГЭС-ін гидроагрегаттармен жабдықтаушы 2011 жылы анықталады


Қазақстандағы Шардара ГЭС-не арналған төрт гидроагрегатты сатып алу 2011 жылдың ақпанында жүзеге асыру жоспарланды, делінген «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес кәсіпорны «Шардара ГЭс» АҚ материалдарында.

Гидроагрегаттарды ауыстыру бойынша жұмыстар 2015 жылы аяқталады деп жаспарлануда. Жаңа гидроагрегаттар қуаты 29 МАт кем болмауы қажет, осыған сәйкес, Шардара ГЭС қайта құрылымынан кейін оның қуаты кемінде 16МВт артады.

Қосалқы жабдықтар жинағымен бірге сатып алынатын жаңа гидроагрегаттардың құны шамамен, 6,5 миллиард теңгені (44,4 миллион доллар) құрайды.

Оңтүстік-Қазақстан облысындағы Сырдария өзенінде орналасқан Шардара ГЭС-і Нарын-Сырдария сарқырамасының төменгі ағысы болып табылады. Гидроэлектр станциясының қуаты – 100 МВТ(25 МВт 4 гидроагрегат). Шардара ГЭС-нің гидротурбиналарын «Турбоатом» Харьков кәсіпорны, ал генераторларын - «Элсиб» Новосибирск зауыты шығарға. Станция 1967 жылы пайдалануға берілген, деп хабарлайды РИА Новости.


Қаржы және инвестициялар



2011 жылы кедендік түсімнің өсуі 966 млрд. теңгеге дейін болжануда


Гүлнар Жандағұлова, ҚазАқпарат

2011 жылы бюджетке кедендік түсімнің өсуі 966 млрд.теңгеге дейін болжануда, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау Комитетінің төрағасы Өмірзақ Бейіспеков.

«Үстіміздегі жылы мемлекет кірісіне шамамен 966 миллиард түсіру жоспары ба», - деді Ө.Бейіспеков баспасөз конференциясында.

«Республикада өндірісті дамытудың түрлі бағдарламалары жұмыс істейді, ал ол тікелей импорт-экспортпен байланысты. Содан кейін мұнай экпортына баж салығын көбейту де аталған санның қатарына кіруі қажет», - деп қорытындылады ол.

Бұрын хабарланғандай, 2010 жылы кеден органдары бюджет түсімін 722,9 миллиард теңгемен қамтамасыз еткен болатын, ол болжамдағы тапсырманы 13,8% немесе 87,6 миллиард теңгеге астам орындап шықты. 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы кедендік төлемдер 147,5 миллиард теңгенң құрады, ол 25,6% артық.

Қазақстанның БТА банкі Ресейдің ірі қоймасын сату бойынша келісім-шартты тоқтатуға сес көрсетті


Қазақстанның БТА банкі банктің директорлар кеңесінің бұрынғы тқрағасы Мұхтар Әблиязовтың бақылауында болған «Северное Домодедово» Ресейдің ірі логистикалық кешенінің «Евразия логистик» компаниясын сату бойынша мәмілесіне қарсылық көрсеті мүмкіндіктерін қарастыруда. Ол туралы БТА хабарламасында айтылған.

Хабарламада көрсетілгендей, Әблязовтың барлық активтері банктік талабы бойынша шешім қабылдағанға дейіналдын ала келісімсіз мәміле жасауға тыйым салынатын Англия мен Уэлстің сот төрелігінің Жоғарғы сот бұйрығына жатады. Қазіргі кезде Лондон соттары БТА-ның Әблязовқа қарсы, жалған компаниялар арқылы сыртқа қаллражат шығарды деген бірнеше айыптауын тексеру үстінде. Банкирдің активтерін бақылау KPMG халықаралық аудиторлық компанияның серіктестеріне берілген.

Логистикалық паркті сату туралы ақпарат қаңтар айының ортасында белгілі болды. Сатып алушы ретінде Саит-Салам Гуцериевтің БИН тобының құрылымы бақылауындаңы «Чайка» тобы шыққан.

Мәміледе «Нафта-Москва» инвестициялық топтың иесі Сүлеймен Керімов те қатысқан. Талдаушылардыі бағалауынша, мәміле сомасы 450-500 миллион долларды құраған.

«Северное Домодедово» өндірістік-логистикалық кешені МШАЖ-ның 11 километрінде орналасқан. ӨЛК-нің жалпы аумағы 558 мың шаршы метрді құрайды. Қазіргі кезде қойманың 100 пайызы жалға алушылармен толтырылған, Лента.Ру.

Қазақстаннан 9 жыл ішінде заңсыз 126 млрд. доллар сыртқа шығарылған


Қазақстан капиталдың заңсыз шығаруы бойынша әлемде 11 орынға ие болды. Мұндай мәліметтерді Global Financial Integrity (GFI) ұйымы жариялады.

Ұйым сарапшыларының есептеуіне сәйкес, 2000 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстаннан заңсыз 126 млрд. доллар шығарылған.

Бұл рейтингте бірінші орынды Қытай – 2,18 трлн.доллар, екінші орынды Ресей – 427 млрд.доллар иеленген. ТМД елдерінен көшбасшылар арасында Украина 16 орында, ол 82 миллиард долларды шығарған.

Капиталды заңсыз шығарудың басты арнасы – капиталдың 54,7% үлесі тиесілі болып табылатын тауарлардың кедендік құнын бұрмалау. Мұндай тәсіл бәрінен бұрын Қытайға және кейбір азия елдеріне тән. Мұнай өндіруші елдер үшін, соның қатарында, Ресей үшін басқа тәсіл – төлемдер балансы арқылы бұрмалау тән.

Осы ретте, GFI сарапшылары, олардың келтірген сандары жасырын тауарлар, кейбір тауарлар құны мен активтермен алмасу кірмеген.

Global Financial Integrity – коммерциялық емес ғылыми-зерттеу ұйымы, ол 2006 жылы қыркүйекте құрылған. Вашингтонда орналасқан. Зерттеу мақсаты – қаржыны заңсыз сыртұа шығарудың азаюына ықпал ету, CA-News хабарлайды.


Тау-кен және металлургия саласы



ShalkiyaZinc қожасы ауысты


SAT&Company (SAT) Қазақстан холдингі ShalkiyaZinc 81,39% акцияларын сатып алу бойынша келісім-шартты аяқтады, делінген ShalkiyaZinc хабарламасында.

Келісім 2010 жылдың 17 қаңтарында берілген Қазақстан үкіметінің рұхсатынан кейін аяқталған.

ShalkiyaZinc келісім-шартынан түскен түсімді өзінің негізгі қаржылық қарыздары, әсіресе, БТА банк несиелерін, сондай-ақ капитал айналымын толықтыруға және басты қажеттіліктеріне жұмсалады, - деп көрсетілген хабарламада.

SAT ShalkiyaZinc жаңа акцияларының бір данасын 2,023 доллар құнымен 24,7 млн.дана көлемінде сатып алған. Аталмыш келісім-шартты ShalkiyaZincакционерлері 2010 жылдың қыркүйегінде мақұлдаған болатын.

Нидерланд заңнамаларына сәйкес, SAT компанияның қалған акцияларын, соның ішінде, GDRтүріндегі акцияларын сатып алу жөнінде ресми ұсыныс жасады. Оның да құны жоғарыда көрсетілген баға көрсеткішіне сәйкес.

ShalkiyaZinc тәуелсіз директорлары осы ұсынысты мақұлдап, миноритарлық акционерлерге акцияларын мажоритарлық акционерлерге сатуын ұсынды.

ShalkiyaZinc Қазақстандағы ірі мырыш пен қорғасын өндіруші болып табылады. Негізгі өндірістік қызметі елдің оітүстігінде шоғырландырылған, оның активтеріне Шалқия кено орны да кіреді. Өндіру мүмкіндігі жылына 1,5 млн.тонна руда болса, Кентаудағы зауыт жылына 1,5 млн. тонна руданы өңдеумен айналысады.
SAT&Company холдингі сауда, мұнай өнімдерін сату, мұнайхимиялық өнеркәсіп, темір құрамдас рудалар мен металлургия барлау мен өндіру, құрылыс және транспорт сияқты қазақстандық экономика сеторларында жұмыс атқарады. Компанияның негізгі акционері Кеңес Рақышев (53,4% акция) және "Alliance Group" ЖШС (20,07%) болып табылады, деп MetalInfo.ru.

Сауда және тұтынушылар тауарлары



ҚР Президенті ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын қолдады


Қанат Күлшманов, ҚазАқпарат

ҚР ПРезиденті Нұрсұлтан Назарбаев, «ҚазАгро» холдингі жетілдірген, ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын қолдады. Ол туралы Үкімет мәжілісінде премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев хабарлады.

«Өткен аптада біз мемлекет Басшысымен кездесу кезінде Қазақстанның еті бойынша экспорттық әлеует құру жөніндегі жобаны қорғаған болатынбыз. Жобаны рет-ретімен түсіндіріп, талқылаған соң, Президент бізге қолдау көрсетті», - деді Ө.Шөкеев.

Оның сөзіне қарағанда, бұл жоба республиканың барлық аймақтарын қамтитын болады және 25-30 мың адам жұмыс істейтін 2,5 мың фермерлік шаруашылықтар құру қарастырылған.

Шөкеевтің пікірінше, жобаның өзектілігі Қазақстанның Кеден одағына кіруімен байланысты. «Ресейге 1,7 млн.тонна ет импортталатыны белгілі. Оның басым бөлігі Бразилия және Оңтүстік Америка елдерінен әкелінеді. Бізге осы нарықта орын алу мүмкіндігі туып тұр», - деп нақтылады вице-премьер.

«Бұл жоба барлық бөлімдердің нық жұмысын талап етеді. Егер бір жерде үзіліс бола қалса, онда ол жалпы нәтижеге әсер ететін болады», - деп қосты Шөкеев.

«ҚазАгро» холдингісінің мәліметтері бойынша, жоба аясында таяудағы бес жылда бір мезгілде 150 мың орын толтырылатын шамамен 60 мал бордақылау алаңдары, 72 мың мал басын көбейтуге 54 шаруашылық, 2,5 мың фермерлік шаруашылық, жылына 60 мың тонна көлемде экспортқа бағытталған өндіріске мүмкіндік беретін табын өсіру Орталығы құрылатын боалы. Жобаны қаржыландыруға қажетті қаражат 148 млрд теңгені құрайды. Жоба республикалық бюджет пен «ҚазАгро» холдингі қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.

ҚР Кедені тауарлар экспорты мен импортын рәсімдеуді жеңілдетуге ниет білдірді


Қазақстанның Қаржы министрлігінің кедендік бақылау Комитеті республикадағы экспорттық-импорттық рәсімдеудегібарлық рұхсаттық тәртіптерді бірыңғай электрондық терезе арқылы жүзеге асыру жолымен жеңілдетуге бастама жасады, деп хабарлайды КБК төрағасының орынбасары Өмірзақ Бейіспеков.

«Осы жылғы ең үлкен жоспарлардың бірі, кедендік бақылау комитеті ықылас білдірген, бұл е-терезе бірыңғай жүйесін дамыту болып тұр», - деді Бейіспеков.

Ол шетелдік зерттеушілердің мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда Қазақстандағы сыртұы экономикалық қызметке қатысушылар экспортты рәсімдеуге 90 күн жұмсайтынын айтты.

Жаңа Кеден кодексінде «кедендік рәсімдеуге нақты мерзім белгіленгенін айта кетті. «Экспорт төрт сағаттың ішінде рәсімделіп, импорт – бір жұмыс күнінде жүзеге асыруға тиіс», - деп нақтылады кеден өкілі.

«Сондықтан да біз бүкіл жүйені, Қазақстанға әкелінетін, Қазақстаннан шығарылатын тауарлар экспорты мен импортына рұхсат беруді рәсімдеумен айналысатын түрлі органдарды бір терезеге жинауды жөн көрдік, СЭҚ қатысушылар бөлмелерді, министрліктерді аралап жүрмей, бір ғана терезеге келіп, қажетті рәсімдеу мен рұхсатты, экспорт және импорт бойынша барлық қызмет көрсетуге ие болатын орын болады», - деп түсіндірді.

Бейіспековтың сөзіне қарағанда, тиісті хаттарды кеденшілер мүдделі органдарға жіберген. «Барлық министрліктер мен үкімет орындары қолдау білдірді, осы жылы вице-премьер бастаған жұмыс тобы құрылып, барлық министрліктерді жинап, «е-терезе» жүйесін жасауды жоспарлар отырмыз», - деді ол.

Бейіспеков КБК бұл жүйені қаі кезден бастап енгізеді деген сұраққа, «осы істі биылдың соңына дейін аяқталса деген ынта бар», деп жауап берді. Қазақстан жаңалықтары АА хабарлайды.

Аймақтық іскерлік жаңалықтар



Тәжікстан Қытайға күріш өсіру үшін 2 мың га жер бөледі


Қытай, Иран, Түркия мен Үндістан Тәжікстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірудің жаңа технологияларын енгізуге ниетті. Ол туралы Тәжікстан Республикасының ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Сиджовуддин Исроилов Душанбеде өткен журналистермен кездесу кезінде айтты. Авеста хабарлағандай, оның айтуынша, бүгінгі күні Синьцзян ұйғыр автономия облысымен Тәжікстанның оңтүстігінде жаңа технологияларды қолдана отырып, күріш өсіру және басқа ауыл шаруашылқ өнімдері түрлерін тамшылы суару жүйесін енгізу жөнінде келісім жасалған. Ауыл шаруашылыға саласындағы осы сияқты келісімдер Иран, Түркия мен Үндістан елдері арасында да жасалған.

«Сонымен қатар, Яван ауданында аумағы 4 мың гектарда бидай мен күріш өсіру туралы ынтымақтастық жолға қойлуда. Биылғы жылы осы ауданда аумағы 1 мың гектарда күріш өсірілетін болады деп күтілуде. Кумсангир және Бохтар аудандарында күріш өсіру үшін Қытайға 2 мың гектар жер телімі туралы келісім бар», - дейді Донериев.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ирандық өндірушілері Тәжікстанмен оның таулы аймақтарында бақ өсіру саласы бойынша серіктестікке ниет білдірген.

«Түрік инвесторлары бақшалық және көшеттік өсімдіктерді өсірудің тамшылы суаруды Хатлон облысы мен республикаға тиесілі аудандарда енгізуге қызығушылық белдіріп отыр», - дейді Донериев.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылық министрлігінің мамандары жалпы құны 92 млн. доллар болатын 28 инвестициялық жобаларды жасалып, мемлекеттік мүлікті инвестициялау мен басқару бойынша Мемлекеттік комитетке тапсырған.
«Қазіргі кезде аталған жобалардың 8 бекітіліп, мемлекеттік қолдаудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілді», - деп хабарлайды ауыл шаруашылық Министрлігінің өкілі, CA-News.

Қырғызстанда Қауіпсіздік Кеңесінің орнына елдің Қорғаныс Кеңесі құрылды


Қырғызстанда қауіпсіздік Кеңесінің орнына Қорғаныс Кеңесі құрылды, деп хабарлайды 24.kg. Осыған сәйкес – «Қырғызстан Республикасының қорғаныс Кеңесі туралы» қаулыға елдің Президенті Роза Отунбаева қол қойды. Осы құжатпен елдегі қауіпсіздік Кеңесі таратылды.

Қырғызстан қорғаныс Кеңесін Роза Отунбаеваның өзі басқарады. ҚК құрамына: парламент спикері Ахматбек Келдібеков; премьер-министр Алмазбек Атамбаев; президентаппаратының жетекшісі Эмилбек Қаптағаев; вице-премьер-министр –қорғаныс Кеңесінің хатшысы - Шәміл Атаханов; президент аппаратының қорғанысы және қауіпсіздігі бөлімінің меңгерушісі – Қорғаныс Кеңесі хатшысының орынбасары Бұсырманқұл Табалдиев; Бас прокурор қ.а Құбатбек Байболов; сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев; қорғаныс министрі Абибилла Құдайбердиев; ішкі істер министрі Зарылбек Рысалиев; қаржы министрі Чоробек Имашев;төтенше жағдай министрі Болотбек Борбиев және арнайы қызметтер басшысы Кенешбек Душебаев кірді, деп хабарлайды Фергана ХАА.


РФ мен Белоруссия Премьерлері мұнай бағасын және АЭС құрылысын талқылайды


РФ Премьер-министріВладимир Путин бейсенбі күні өзінің белоруссиялық әріптесі Михаилом Мясниковичпен кездесуінде экономика мен энергетикадағы ынтымақтастықты дамытуды талқылайды, белоруссия жағы табиғи газ құнын төмендету, 2011 жылы мұнай жеткізу шарттары туралы, сондай-ақ белоруссиялық АЭС құрылысы мен ЕурАзЭк Дағдарысқа қарсы қордан несие бөлу туралы келісетін болады. Келіссөздердің басты оқиғасы, әрине, газ бен мұнай бағасы туралы болмақ. РИА Новости, ресейлік мұнайдың Белоруссияға жеткізілу жағдайлары да осы жолы реттелетін болады, деп хабарлайды.

Елдегі Президенттік сайлаудан кеійн Белоруссия үкіметін 2010 жылдың желтоқсанында басқара бастаған жаңа премьермен Путиннің алғаш кездесуі. МясниковичБелоруссия үкіметін 2003 жылдан бері басқарып келе жатқан Сергшей Сидорскийден кейін 28 желтоқсанда тағайындалған премьер-министр.

Келіссөздер барысында екі жақ Одақтас мемлекеттер министрлері кеңсінің кезекті отырысы дайындығы мәселелерін талқылап, БЭК қалыптастыру мен Белоруссия, Ресей және Қазақстан Кедендік одағының қызметі турасындағы ағымдық мәселелерді қарастыратын болады. Белоруссия парламенті желтоқсанның аяғында Минскіге ресей мұнайын жеткізудегі баж салығын 1 қаңтардан бастап алып тастауға ықпал еткен БЭК құру бойынша 17 маңызды құжаттарды бекіткен болатын.

Мұнай

Қазіргі кезде Ресейдің мұнай компаниялары баж салығы салынбайтын жаңа келісім-шарттарға қол қойылғанға дейін Белоруссияға мұнай жеткізуді тоқтатып қойды. Желтоқсанның басында жасалған белоруссия-ресей үкімет аралық келісімге сәйкес, 1 қаңтардан бастап Белоруссия үшін жеткізілетін ресейлік мұнайға баж салығы салынбайды. Алайда, салықсыз мұнайдың бағасына әлі де келісім жоқ.

«Белнефтехим» Белоруссия мемконцерннің баспасөз-хатшысы Марина Костюченконың мәліметтері бойынша, белоруссия жағы ресейдің салықсыз мұнайы 20 қаңтардан кешікпей нарыққа түседі деп үміттенеді. Оның айтуынша, белоруссиялық МӨЗ шикізат қоры қаітардың соңына дейін жетеді.

Газ

Минск тарапынан Белоруссия үшін ресей газы құнының төмендетуге тұрып алуына келетін болсақ, «Гарпром» бұл жайында келіссөздер жүргізілмейтінін бірнеше рет айтқан болатын. Ресейдің газ холдингісінің ресми өкілі Сергей Куприянов хабарлағандай, Белоруссиямен арадағы бірыңғай экономикалық кеңістік нақтылықтары 2012-2013 жылдарға арналған келісім-шарттарда ескерілетін болады.



Несие

Белоруссия үкіметінің баспасөз қызметі мәліметтері бойынша, келіссөздерде арасында ЕурАзЭК Дағдарысқа қарсы Қордан берілетін несие туралы болмақ.

ЕАДБ басқармасы төрағасы Игорь Финогенов, біраз бұрын, банктің Белоруссияға елдегі энгергетиканы дамыту бойынша жобаларды қаржыландыру үшін 2 миллиард доллар бөле алатынын хабарлаған болатын.

Ол бүгінгі күні ЕАДБ қатысу портфелі басқа жобаларда 630 миллион долларды құрайды, деп тоқталып өтті.



АЭС

Екі энергия блоктарының қуаты 2,4 мың МВт тұратын Белоруссияда АЭС құрылысы туралы мәселені екі елдің премьерлері келіссөздер аясында талқылауды жоспарлады.

Бірінші блокты қолданысқа беру мерзімі 2016 жылға белгіленді, екінші – 2018 жылы қосылмақ. Құрылысты ресей мамандары жүргізетін болады.

Алайда, Белоруссиядағы РФ елшісі Александр Сурикоатың айтуынша, Белолруссиядағы АЭС құрылысы туралы келісіліп, қол қойылған құжат, Минск шешіміне байланыста болады, деп хабарлайды РИА Новости.


Бағалар мен статистика




Мұнай мен газ құны
Дата: 20 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Petroleum ($/bbl)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Crude Future

90.65

-.21

-.23

01:56

Dated Brent Spot

97.21

-.12

-.12

02:08

WTI Cushing Spot

90.86

-.52

-.57

01/19

Petroleum (cent/gal)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Heating Oil Future

265.22

-.40

-.15

01:40

Nymex RBOB Gasoline Future

247.84

-.32

-.13

01:43

Natural gas ($/MMBtu)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Henry Hub Future

4.55

-.01

-.20

01:55

Henry Hub Spot

4.47

-.04

-.89

01/19

New York City Gate Spot

8.67

3.14

56.78

01/19

Commodities
Дата: 20 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Commodity

Price

Change

%Change

Time

COPPER FUTURE (USd/lb.)

436.150

-0.850

-0.19

02:00

GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)

1366.900

-3.300

-0.24

01:59

SILVER FUTURE (USD/t oz.)

28.635

-0.166

-0.58

01:59

Металл құны
Дата: 20 қаңтар, 2011; дерек көзі: Kitco.com

Silver

28.46

-0.31

Platinum

1823.00

-10.00

Palladium

806.00

-6.00

Rhodium

2,380.00

0.00

Валюталар бағамы
Дата: 20 қаңтар, 2011; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

1 USD

KZT 146.96

1 CHF

KZT 153.32

1 CNY

KZT 22.33

1 TRY

KZT 95.61

10 JPY

KZT 1.79

1 EUR

KZT 197.75

1 AUD

KZT 147.75

1 KGS

KZT 3.11

1 UZS

KZT 0.09







1 GBP

KZT 235.31

1 CAD

KZT 148.41

1 RUB

KZT 4.93

100 KRW

KZT 13.22







Отписаться от рассылки





Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:

newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz

Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010



й


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет