1198 шығарылым – Бейсенбі, 27 қаңтар, 2011 Номер мақаласы



жүктеу 196 Kb.
Дата07.03.2016
өлшемі196 Kb.



1198 шығарылым – Бейсенбі, 27 қаңтар, 2011






  • Номер мақаласы

    • «Әділет» партиясы жаңа саяси тұғырнамасын ұсынды



  • Қазақстанда

    • Назарбаев Обаманы Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды



  • Мұнай-газ секторы

    • ЭДСМ мұнайдың болжамды бағасы 100$ баррель байланысты Қазақстанның экономикалық өсуі бойынша болжамды қайта қарамайды

    • «Шлюмберже» соттың шешімімен Қазақстан бюджетіне 1 млрд.255 млн. теңге төледі

    • Қазақстанда шетелдік мұнай компаниялары $68 млн айыппұл салынған



  • Қаржы және инвестициялар

    • Қазақстанның ВВР өсуі 2010 жылғы 7%-дан 2011 жылы 5,5%-ға дейін бәсеңдейді – ЕҚқДБ

    • Қаржылық жүйені сауықтыру Қазақстан экономикасына «үзіліссіз» қаражат тартылуына ықпал ететін болады – Ж.Бопиева

    • Moody"s Қазақстанның халық банкінің еуробондтарына "Ba3" рейтингін тағайындады, болжам "тұрақты"

    • БТА бұрынғы басшысы Әблязовтың Украинадағы активтері тұтқынға алынды

    • Тікелей инвестициялау қорлары бизнеске 200 млрд. теңге салады

    • Қазақстанның ІВН өсуі 2010 жылғы 7%-дан 2011 жылы 5,5%-ға дейін бәсеңдейді – ЕҚқДБ



  • Транспорт және коммуникациялар

    • Ұялы байланыс операторлары тарифтеу қадамдарын 1 секундқа дейін төмендетуге міндеттелді



  • Аймақтық іскерлік жаңалықтар

    • "Қырғызалтын", "Манас" әуежайы және "Қырғыз Темір Жолуу" бастықтары олигархтарға айналды, ал бюджетке шығындарды көрсетеді - ЖК депутаты

    • Ресей дағдарыспен күрес үшін мемлекеттендіруге бармайды - Д.Медведев



  • Бағалар мен статистика

    • Мұнай мен газ құны

    • Commodities

    • Металл құны

    • Валюта бағамдары

Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz

Номер мақаласы



«Әділет» партиясы жаңа саяси тұғырнамасын ұсынды


Әділет партиясы «Әділеттікке барар жол» деп аталған жаңа саяси тұғырнамасын жариялады. 

Бұрындары әлеуметтік-либералды бағытты ұстанған партия енді әлеуметтік-консервативтік бағыт алды. Жаңа тұғырнамада айтылғандай, партия кешегі күнге байланып қалмаған, әр уақытта маңызы жоғалмайтын құндылықтармен өмір сүретін, жаңаны терістемей, мәңгілікті паш ететін консерватизмді ұстанбақ. «Әділет» партиясы кедейшілікті жою, әлеуметтік тепе-теңдікті қалпына келтіру, зейнетақыны әлемдік стандарттарға жеткізу, қолжетімді баспана, сапалы денсаулық сақтау, білім беру жүйелері, ана мен баланы, қоршаған ортаны қорғау секілді мәселелерге қатысты өз жобаларын ұсынып отыр, деп хабарлайды Хабар агенттігі.


Қазақстанда



Назарбаев Обаманы Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды


Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-ның президенті Барак Обаманы Қазақстанға ресми сапармен келуіге шақырды.

Қазақстан басшысының шақыруын сәрсенбіде мемлекеттік хатшы Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев АҚШ-ның мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтонмен Вашингтондағы кездесуі барысында айтты.

«Мемлекеттік хатшы – ҚР сыртқы істер министрі Саудабаев АҚШ-ның президенті Барак Обамаға Қазақстанға ресми сапармен келуі туралы қазақстандың мемлекет басшысының шақыруын тағы да растады», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінде.

Кездесуде екі жақ ынтымақтастық дамуының ширақ сипатына ризашылық білдірді және 2010 жылдың сәуірінде Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік бойынша Ғаламдық саммит аясында өткен президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обаманың келіссөздерде қол жеткізген келісімдердің уақыты жүзеге асырылуының мағыздылығына да тоқталды.

«Осыған байланысты Саудабаев пен Клинтон «екі мемлекеттің де стратегиялық серіктестікті ары қарай нығайту мен тереңдетуде табандылық көрсететінін» нақтылады», - делінген пресс-релизде.

Екі жақты ынтымақтастық күн тәртібінде кең ауқымды өзекті мәселелер турасында пікір алмасу барысында АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы Қазақстанның таратпау жөніндегі ғаламдық режимді нығайту, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ең бастысы, Ауғанстандағы әлеуметтік-экономикалық реабилитация жөніндегі әлемдік қауымдастықтың күш салуына Астананың дақатысу іс-әрекетіне қатысты салаларда көшбасшылық көрсетуіне ризашылығын білдірді, деп атап көрсетілген баспасөз қызметінде.

Пікір алмасушылар экономикалық ынтымақтастық саласында Қазақстанның ДжСҰ-ны кіру бойынша екіжақты келіссөздік процестердің ілгерілеуі жөнінде атаулы прогрестерді атап көрсетті.

Осы ретте, Клинтон, Қазақстанның адам саудасымен күресуде де күш салуына жоғары баға берді және осы салаға байланысты АҚШ әкімшілігі екіжақты ынтымақтастықты қайта белсендіруге дайын екендігін айтты, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


Мұнай-газ секторы



ЭДСМ мұнайдың болжамды бағасы 100$ баррель байланысты Қазақстанның экономикалық өсуі бойынша болжамды қайта қарамайды


Ирина Нос, ҚазТАГ

ҚР экономикалық даму және сауда министрлігі (ЭДСМ) ОПЕК болжап отырған мұнайдың құны баррелі 100$ болуымен байланысты Қазақстан экономикасының өсуі перспективаларын қайта қарау қажет емес деп есептейді, ЭДСМ макроэкономикалық талдау және болжау департаментінде хабарлады.

«... 2011 жылдан бастап, мұнайдың бағасы психологиялық нүкте бір баррелі 100 долларға таяды, көптеген халықаралық сарапшылардың пікірінше, бұл негізсіз деп саналуда. Қазіргі сәтте (Қазақстанның – ҚазТАГГ) экономикалық өсу бойынша болжамдарды «лемдік эклономикада тұрақтандыру жағдайы орнағанға дейін қайта қарау қажеттілігі жоқ», - деді ЭДСМ макроэкономикалық талдау және болжау департаментінің директоры Сәуле Өмірзақова.

Оның айтуынша, министрлік 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын жасауға кіріскен. «Мүмкін, әлемдік энергетика қорлары нарығында қолайлы өсу динамикасын есепке ала отырып, оптимистік сценарий жасауда мұнайдың жоғары бағасы ескеріліп жасалатын болар», - деп есептейді департамент директоры.

ЭДСМ мәліметтері бойынша, мұнай баррелінің құнының артуы мұнай нарығындағы сұраныстың артуы немесе жеткізудің жетіспеушілігі салдарынан туындаған жоқ, керісінше, тым алыпсатарлық сипатта болып отыр. Осы ретте, ведомствода бұл процестің әлемдік валюта нарығындағы өзгерістерді, «сонымен қатар, таяуда орын алған Аляскадағы аса маңызды құбырлардың бірінен мұнайдың ағуын» білдіреді, деп есептейді».

«Көптеген инвестициялық банктер үстіміздегі жылы мұнайдың бағасының ары қарай өсуін болжайды. Алайда, ОПЕК бағаны өсіруге, немесе түсіруге ұмтылмайды. ОПЕК-тің беделді мүшелерінің бірі Сауд Арабияның мұнай өнеркәсібі министрі Али әл Наимидің мәлімдеуі бойынша, ОПЕК баррельдің құны 70-80 доллар аумағында болуды қалайды делінген», - деп жалғастырды С.Өмірзақова.

Дегенмен, ол бүгінгі энергетика қорлары бағасының ширақ шарықтауын көптеген сарапшылар «әлемдегі экономикалық белсенділіктің жандануының белгісі, сұраныстың артуы және өнеркәсіптік өндіріс қарқынының қайта қалпына келуін білдіреді» деп есептейді.

С.Өмірзақова, ҚР 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жасау сәтінде орташа мерзімді перспективада мұнайдың бағасын халықаралық ұйымдар 75-85/барр. доллар деігейінде болжаған болатын, деп атап көрсетті. Бірақ, республикалық бюджет жобасының негізін жасауда, «әлемдік конъюнктураның өзгермелі факторларын ескеріп», 65/барр. доллар деңгейінде консервативтік болжам алынған болатын, деді. Осы ретте, сарапшы әлемдік мұнай бағасының болжамына қатысты мұнай импорттаушы-елдер және экспорттаушы-елдер деп бөліп қарастырады.

«... Мұнай импорттаушы-елдер, бюджеттің шектік шығындарын есепке алу үшін ең жоғарғы бағаны алады. Экспорттаушы – елдер бағаның төмендеу мүмкіндігі мен бюджет кірісінен өз қауіпсіздердіру үшін епті тәсілдерді пайдаланады», - деп атап өтті департамент басшысы.

ЭДСМ, әдетте, мұнай бағасының төменгі құнымен қатар, ең жоғарғы деңгейін варианттарын да қарастырады.

«Сонымен, біз пессимистік сценарий негізіне, дағдарыс кезінде белгіленген мұнай құнының 35/барр.доллар рекордттық ең төменгі деңгейін алдық. Мұнайдың әлемдік бағасының жоғары болуы жағдайында, бізде дамудың альтернативтік варианты, мұнайдың бағасы 85/барр. доллар деңгейінде болжанатын, оптимистік сценарий де бар», - деп түйіндеді С.Өмірзақова.

Өткен аптада, Bloomberg агенттігіИранның мұнай министрі мен ОПЕК төрағасы Сайед Масуд Мирказеми сілтемесінде, «Азия елдерінде экономиканың өсуі мұнайдың 1 баррелі 100 доллар бағасына дейін жеткізуі, бірақ, өндіруші елдерге ол туралы мазаланбауына болады», деп хабарлаған.

2010 жылдың желтоқсанында ОПЕК-тің бас хатшысы Абдалла әл-Бадри, ОПЕК мұнай бағасының күрт алыпсатарлық баррелі 100 долларға дейін өсуіне қарсы екенін мәлімдеген. Картельге қатысушы-елдер мұнайдың 90 доллар/барр. дейінгі бағасы ең қолайлы деп есептейді, себебі, «нарық шикізатқа толы және қосымша жеткізу мен өндіруді арттырудың еш қажеті жоқ», деп есептейді».

Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) қаңтардағы баяндамасында ОПЕК-ті мұнайдың қазіргі бағасына көңіл бөлуге шақырып, ал мұнай өндірушілерді – таяу айларда мұнайдың бағасы 100 долл/барр. болдырмау туралы шешімдер қабылдауын айтқан.


«Шлюмберже» соттың шешімімен Қазақстан бюджетіне 1 млрд.255 млн. теңге төледі


Салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпталған Атырау облысындағы «Шлюмберже» компаниясы бюджетке 1 млрд. 255 млн. теңге айып төледі. Ол туралы облыстық прокуратура басқармасының бастығы Нұрлан Құлтаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, аймақтағы мұнай жобаларына қатысатын «Шлюмберже» француз компаниясына қарсы ҚР ҚІ 222 бабы «Бюджетке салық төлеуден және (немесе) басқа да міндетті төлемдерден жалтару» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Компанияның бұзулары 2007-2009 жылдары орын алған.

«Шлюмберже» заңгерлері бір жарым жыл бойы сот айыптауын қарсы тұруға тырысты. Бірақ сот қателіктерді анықтаған бақылаушы орган позициясын иеленді.

«Компания бюджетке 1 млрд.255 млн. теңге төледі. Оларға қойылатын талаптар жоқ. Сондықтан да сот істі жапты», - деген ақпарат берді Н.Құлтаев, ҚазАқпарат хабарлайды.


Қазақстанда шетелдік мұнай компаниялары $68 млн айыппұл салынған


Қазақстанда жұмыс істейтін үш ірі шетелдік компаниялар 2010 жылы 10 млрд теңге (68 млн доллар) көлемінде экологиялық айыппұл төледі. Ол туралы ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Жайық-Каспий экологиялық реттеу және бақылау департаменті хабарлады.

Өткен жылы Agip (Италия) 3 млрд.теңге (21 млн долл.) шамасында айыппұл төледі, «ТШО» (АҚШ) – 5 млрд.теңге (34 млн. долл.), ал Karachaganak Petroleum Operating (KPO) компаниясы экологияға зиян келтіргені үшін шамамен 2 млрд.теңге (13 млн.долл.) айып төлеген.

Экологиялық бұзулар қоршаған ортаға эмиссия көлемінен артық қалдықтар тастауға байланысты. Мысалы, КРО белгіленген рұхсаттан тысқары 2463,6 тонна «кәріптас» қауіптілік дәрежесіндегі қалдық шығарған. 2009 жыл ішінде КРО компаниясы рұхсатсыз және белгіленген лимит эмиссиясынан тысқары қоршаған ортаға таратқан қалдықтары «кәріптастық» тізім бойынша – 17 287,1 тоннағ «жасыл» тізім бойынша – 1218,1 тоннаны құраған.

Анықтама: Karachaganak Petroleum Operating (KPO) – Қарашығанақ жобасын жүзеге асыру үшін компаниялар басы қосылған консорциум. Британдық BG и итальяндықEni компаниялары осы жобаның операторлары болып табылады, әрқайсысының 32,5%. Қалған 20% Chevron тиесілі, 15% - "Лукойл"компаниясына қарасты, деп хабарлайды CA-News.


Қаржы және инвестициялар



Қазақстанның ВВР өсуі 2010 жылғы 7%-дан 2011 жылы 5,5%-ға дейін бәсеңдейді – ЕҚқДБ


2011 жылы Қазақстанның ВВР өсуі 2010 жылғы 7%-дан 5,5% дейін бәсеңдей түседі, деп көрсетілген Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің 2011 жылдың қаңтарында аймақтық экономикалық болжамында.

Атап көрсетілгендей, Қазақстанда экономикалық өсу 2009 жылғы 1,2% 2010 жылы 7% дейін қарқынды түрде көтерілген. Оған мұнай өндірудің артуы, сектордағы өсуге 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік ұлттық бағдарламасының көрсеткен қолдауы әсер еткен.

«Алайда, қазақстандық банктері едәір дәрежеде сыртқы қарыз алудан шет қалуы жалғасып, 2010 жылдың 1 желтоқсанында жұмыс істемей тұрған несиелер үлесі 25 пайыздан асып, несиелік шарттар жағдайы бұрынғы деңгейінде тұр. Осыларды ескере отырып, мұнай өндірудің өсуі мен ЖІӨ өсуі 2011 жылы 5,5 пайызда бәсеңдеуіне тура келеді», - деп көрсетілген есепте.

Осыған қарамастан, орташа мерзімді өсу, әсіресе, 2015 жылы Қашаған кен орнының өндірісін бастау жоспарланып отырған кезеңде перспективалар жақсы болмақ. Сонымен қатар, уран, мыс өндіру әлеуетін ұлғайту мен астық өндірісі мүмкіндіктері зор екенін аталған. Айырбастау бағамы тұрақты, бірақ, Ұлттық банк 2011 жылдың науырызында басқарылатын бағамның тоқтатылатыны туралы жариялады, ол айырбас бағамыныңы құбылмалылығын тудырады, дегенмен, инвляцияны 6-8 пайыз мөлшерінде ұстап тұруға көмектеседі.

Еске сала кетейңе, 2010 жылдың қазанында ЕҚқДБ Қазақстанның 2011 жылғы экономикасының өсуін 5,0% деңгейінде, 2010 жылы – 6,0% деңгейінде болжаған еді, деп хабарлайды CBonds.

Қаржылық жүйені сауықтыру Қазақстан экономикасына «үзіліссіз» қаражат тартылуына ықпал ететін болады – Ж.Бопиева


Серік Сәбеков, ҚазАқпарат

Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында қазақстандық банктердің сыртқы қарыздарын қайта қарау жөнінде жүргізілген жұмыстар едәуір әсер береді. Осы туралы «Экономикалық даму институты» АҚ президенті қызметін атқарушы Жәмилә Бопиева агенттік тілшілеріне берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда банктердің сыртқы қарызының 11 миллиард долларға қысқарғанын айтуға болады. Бұл – еліміздің сауда балансына капиталдың сыртқа шығарылуының қысқаруына едәуір әсерін тигізген көрсеткіш, деді Бопиева.

«Негізінен, қаржылық жүйені сауықтырудың осы көрсеткіші, кәсіпорындарды несиелеудің жоғарылауына, экономикаға «үзіліссіз» қаражат кіруіне өз әсерін тигізеді. Сонымен қатар, халықтың қаржылық жүйеге деген сенім деңгейін көтереді, ал ол дегеніміз – біздің экономикамыздың қан тамыр жүйесі болып саналады», - деп қорытты Ж.Бопиева.


Moody"s Қазақстанның халық банкінің еуробондтарына "Ba3" рейтингін тағайындады, болжам "тұрақты"


Moody"s Қазақстанның халық банкінің еуробондтарына "Ba3" рейтингін, болжам «тұрақты» тағайындады. Moody"s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттік Қазақстанның халық банкінің 500 миллион доллар сомадағы биылғы жылдың қаңтарында 7,5%жылдық табысымен таратылған 10 жылға шығарылған еурооблигацияларына "тұрақты" болжамдағы "Ba3" рейтингісін тағайындады.

Еуробондтарға тағайындалған "Ba3" рейтингі, банктің басымдық міндеттері рейтингтеріне сәйкес келеді. Бұл рейтинг Халық банкінің басқа да қамсызданбаған басымдық міндеттемелері рейтингісіне тең.

Агенттік банктің Қазақстан нарығындағы алдыңғы қатарлы позицияларын, сондай-ақ тиімді өтемпаздық деңгейінназарға алған, дегенмен, активтердің төмен сапасына байланысты қауіптерді де ескерген.

144А Ережесі және S Талабына сәйкес шығарылатын Қазақстанның Халық банкінің бұрынғы қамсызданбаған қарызының ғаламдық облигациялары 1 мың долларға тең 200 мың доллар немесе одан да көп көлемдегі номиналға ие.

Шығарылымның бірлескен жетекші менеджерлер және букраннерлері Citi, Deutsche Bank и Halyk Finance болып табылады, деп хабарлайды RosInvest.comBankir.ru. сілтемесінде.

БТА бұрынғы басшысы Әблязовтың Украинадағы активтері тұтқынға алынды


Қазақстандық БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың банк қаражатына сатып алынған активтері Украинада тұтқындалды. Ол туралы Қазақстанның бас прокуратурасының «Әблязов ісі» туралы ақпарат беруін сұраған «Атамекен Одағы» ТЭП кәсіпкерлерінің сұрауына берген жауабында айтылды.

Жауаптың мәтіні Қазақстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің сәрсенбіде жариялаған материалында бар.

«Тексеріліп жатқан қылмыстық іс бойынша Украинаның құқық қорғау органдары Украинадағы БТА Банктің несиелік қарадатына сатып алынған барлық активтер тұтқындалды», - деп көрсетілген құжатта.

«Әблязов ұрлаған банк активтерінің қайтарылуының бәсең қарқыны объективті себептерге байланысты болған. Активтер қазақстандық соттардың арнайы шешімі болуына қарамастан, Қазақстанға қайтарылуын тыс қиындататын оффшорлық компаниялар арқылы сыртқа шығарылған», - дейді ведомствода.

Әблязовқа қатысты қылмыстық іс 2009 жылдың басында мемлекеттің БТА Банк капиталына енуінен кейін қозғалған болатын. Іс қозғалғаннан кейін Әблязов елден қашып, бейресми ақпараттар бойынша Ұлыбританияда жасырынған. «Қазіргі кезде Әблязовты және оның сыбайластарын Қазақстан Республикасына қайтару туралы мәселелер қарастырылуда», - деп хабарлайды бас прокуратура.

Мәскеудің Тверь соты РФ ІІМ жанындағы Тергеу комитетінің өтініші бойынша 2010 жылдың қазанында өте үлкен көлемде алаяқтық жасады деген айыппен Әблязовты сырттай тұтқынға алған болатын. Әблязовтың өзі қудалаушылықты саяси мотивті деп санайды, РИА Новости хабарлайды.


Тікелей инвестициялау қорлары бизнеске 200 млрд. теңге салады


Ғалия Жәнібекова, Business Resource - Profinance.kz

Жақын арадағы 5 жылда қазақстандық бизнес тікелей инвестиция қорлары есебінен 200 млрд.теңге алатын болады. Ол туралы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) басқарма төрағасы Абай Алпамысов Business Resource-ке хабарлады.

«5 жыл ішінде Қазақстанға шамамен 200 млрд.теңге инвестиция тартылуы қажет, 2011 жыл – капиталға жаппай инвестициялау жылы болады деп жоспарлап отырмыз. Қазір сомалық құны шамамен 100 млн. 8-10 инвестиция туралы айтып отырмыз», - деп атап өтті Алпамысов.

Болдамдар бойынша, 2011 жылы тікелей инвестициялау қорларының ролі, қазақстандық компанияларды қаржыландыру көздері ретінде арта тгүсуі қажет. Экономиканың барлық секторлары, негізінен, кепілдік болуы маңызды, ал банк бизнестің жүруіне міндеттеме алмайтын, қарыздық қаржыландыру есебінен дамып келген болатын.

«Банк жүйелерінде проблемалар басталысымен, шикізат құнының күрт төмендеумен байланысты барлық жобалар әлсірей бастады. Сондықтан, негізгі идея – кез-келген жоба қарыздық құралы– ол банктерден алынған несие, займдарболуымен қатар, акционердің өзінің инвестициялары болуы қажет. Қазақстанда осы бөлік өте кіші-гірім болғандықтан, оны ұлғайту қажет», - деп қосты Алпамысов.

Еске сала кетсек, тікелей инвестициялар қорлары қаржыландыруға мұқтаж кәсіпорындар капиталына кіреді, ол дұрыс жолға қойылған соң, біраз уақыттан кейін өз үлесін сатумен айналысады. Осы ретте, қор компанияның дамуына қызығушылық танытады, өйткені, олармен қатар қауіпке жауап береді. Қазіргі кезде ҚКМ 9 қорды инвестициялады, оның 7-і Қазақстанға бағытталған.


Қазақстанның ІВН өсуі 2010 жылғы 7%-дан 2011 жылы 5,5%-ға дейін бәсеңдейді – ЕҚқДБ


2011 жылы Қазақстанның ІВН өсуі 2010 жылғы 7%-дан 5,5% дейін бәсеңдей түседі, деп көрсетілген Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің 2011 жылдың қаңтарында аймақтық экономикалық болжамында.

Атап көрсетілгендей, Қазақстанда экономикалық өсу 2009 жылғы 1,2% 2010 жылы 7% дейін қарқынды түрде көтерілген. Оған мұнай өндірудің артуы, сектордағы өсуге 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік ұлттық бағдарламасының көрсеткен қолдауы әсер еткен.

«Алайда, қазақстандық банктері едәір дәрежеде сыртқы қарыз алудан шет қалуы жалғасып, 2010 жылдың 1 желтоқсанында жұмыс істемей тұрған несиелер үлесі 25 пайыздан асып, несиелік шарттар жағдайы бұрынғы деңгейінде тұр. Осыларды ескере отырып, мұнай өндірудің өсуі мен ЖІӨ өсуі 2011 жылы 5,5 пайызда бәсеңдеуіне тура келеді», - деп көрсетілген есепте.

Осыған қарамастан, орташа мерзімді өсу, әсіресе, 2015 жылы Қашаған кен орнының өндірісін бастау жоспарланып отырған кезеңде перспективалар жақсы болмақ. Сонымен қатар, уран, мыс өндіру әлеуетін ұлғайту мен астық өндірісі мүмкіндіктері зор екенін аталған. Айырбастау бағамы тұрақты, бірақ, Ұлттық банк 2011 жылдың науырызында басқарылатын бағамның тоқтатылатыны туралы жариялады, ол айырбас бағамыныңы құбылмалылығын тудырады, дегенмен, инвляцияны 6-8 пайыз мөлшерінде ұстап тұруға көмектеседі.

Еске сала кетейңе, 2010 жылдың қазанында ЕҚқДБ Қазақстанның 2011 жылғы экономикасының өсуін 5,0% деңгейінде, 2010 жылы – 6,0% деңгейінде болжаған еді, деп хабарлайды CBonds.

Транспорт және коммуникациялар



Ұялы байланыс операторлары тарифтеу қадамдарын 1 секундқа дейін төмендетуге міндеттелді


Қазақстанныңақпарат және байланыс Министрлігі ұялы байланыс операторларын желі және операторлар арасындағы тарифтеу қадамдарын 10 секундтан 1 секундқа дейін төмендетуге міндеттеді. Ол туралы ресми БАҚ жарияланған республиканың ақпарат және байланыс министрінің бұйрығында айтылған, деп хабарлайды Business Rosource.

Сонымен қатар, роумингке қоңырау шалу кезіндегі тарифтек қадамы 60-тан 30 секундқа дейін төмендеп, қосылу үшін төлем мүлдем алынды.

Өткен аптада байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев өзінің блогында «GSM Қазақстан» «Қазақтелеком» ААҚ(Kcell, Activ және Vegaline) жоспардан тыс тематикалық тексеруі туралы ақпарат жариялаған болатын. Тексеру қорытындылары бойынша, «GSM Казахстан» желілері ішінде сыртқа қоңырау шалудың қазіргі бағасын ҚҚС есепке алмағанда 18 теңге көлемінде негізделген деңгейге дейін төмендету қажеттілігі туралы айтылған, сонымен қатар, барлық тарифтік жоспарлар бойынша қосылу төлемдері де алынған.

2010 жылдың жазында Ресейдің Федеральдық монополияға қарсы қызметі мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттегі реседің ірі ұялы байланыс операторлары МТС, «Выпмелком» және «Мегафон» олардың қазақстандық серіктестері «GSM Қазақстан» «Қазақтелеком» ААҚ, «Кар-Тел» және «Мобайл Телеком-Сервис» бағалық бәтуаластығы туралы айыптаған болатын. Қазан айының соңында ҚБА басқармасы аталған операторларға қатысты әкімшілік істер қозғауға байланысты Алматы арнайы сотына тексеру материалдарын жіберген болатын. Бірінші инстанциялы сот шешімі ұялы байланыс операторлары пайдасына шешілген, одан кейін ҚБА өкілдері соттың осы шешімін жоғарғы сот инстанцияларына арызданған болатын, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


Аймақтық іскерлік жаңалықтар



"Қырғызалтын", "Манас" әуежайы және "Қырғыз Темір Жолуу" бастықтары олигархтарға айналды, ал бюджетке шығындарды көрсетеді - ЖК депутаты


2011 жылы мемлекеттік активтер басқару жұмысы бойынша бақылауды күшейту қажет. Ол туралы 27 қаңтарда Жогорку Кенеш отырысында бюджет пен қаржы жөніндегі комитеттің төрағасы Ақылбек Жапаров мәлімдед .

"Манас" Халықаралық әуежайы" ААҚ, "Қырғыз темір жолу" Ұлттық компания" МК және "Қырғызалтын" АҚ сияқты компаниялардың басшыларының, бюджетке жұмыстарының тек шығындық айғақтарын көрсетіп, өздерінің олигархтарға айналып бара жатқанын тоқтату қажет. "Қырғызалтын" ААҚ Президент , 2010 жылы кәсіпорын 100 млн. сом шығынмен аяқталғанын мәлемдеген болатын. Алайда, алтынның бағасы рекордтық көрсеткішке жетіп отыр", - деді ол.

Ол көршілес Қазақстанда жер қойнауы бойынша активтерді басқару мемлекет бюджет табысының 30% құрайды, деп атап өтті, Business АКИpress хабарлайды

Ресей дағдарыспен күрес үшін мемлекеттендіруге бармайды - Д.Медведев


РФ Президент Дмитрий Медведев, дағдарыспен күресу үшін мемлекеттендіруді, экономикалық мәселелерді шешудің ең жаман жолы деп атап, олай жасамайтынын айтты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

"Қарапайым, көб несе, популист к шеш мдер (эконормиканың дағдарыстық мәселелерін шешу үшін) - 100 ішіндегі 90 жағдайы дұрыс емес болып жатады, тіпт ұсынылып жатқандарының ішіндегі ең жаманы болуы да мүмкін", - деді президент Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда.

Дағдарыс кезеңінде, "экономикалық мәселелерд мемлекеттендіру, соның ішінде қаржылық институттарды ұлттандыру көмегімен шешу ыңғайлары" пайда болды, деп атап өтті.

"Шынында да, қаржылық дағдарыс кезінде көптеген елдер осы туралы ойланды және көп мемлекеттер солай жасады, солардың арасында либералдық экономикасы дамыған мемлекеттер де бар. Бізде, менің айтып отырғаным, ресей экономикасы барынша жеткілікт дамыған деуге болмайды, дегенмен, олай жасаудан бас тарттық", - деп нақтылады Д.Медведев.

"Және де мен бұл дұрыс жасалды деп есептеймін. Көптеген жағдайларда дағдарысты шешуде жеке секторлар аясында варианттар табуға болатынына сенімдімін, ал ұзақ мерзімд перспективада - бұл одан да перспективалы болып табылады", - деді президент.

Оның пікірінше, "мәселелерді шешуде стратегиялық, ұзақ мерзімді тәсілдерд қолданған жөн", деп хабарлайды ПРАЙМ-ТАСС.


Бағалар мен статистика




Мұнай мен газ құны
Дата: 27 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Petroleum ($/bbl)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Crude Future

87.31

-.02

-.02

01:58

Dated Brent Spot

97.40

-.25

-.25

02:08

WTI Cushing Spot

87.33

2.19

2.57

01/26

Petroleum (cent/gal)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Heating Oil Future

266.63

-.35

-.13

00:22

Nymex RBOB Gasoline Future

242.74

-.32

-.13

01:20

Natural gas ($/MMBtu)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Henry Hub Future

4.46

-.03

-.62

01:53

Henry Hub Spot

4.40

-.05

-1.12

01/26

New York City Gate Spot

7.19

1.38

23.75

01/26

Commodities
Дата: 27 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Commodity

Price

Change

%Change

Time

COPPER FUTURE (USd/lb.)

430.700

4.000

0.94

02:24

GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)

1345.900

11.400

0.85

02:24

SILVER FUTURE (USD/t oz.)

27.575

0.447

1.65

02:24

Металл құны
Дата: 27 қаңтар, 2011; дерек көзі: Kitco.com

Silver

27.45

-0.16

Platinum

1804.00

-6.00

Palladium

808.00

-5.00

Rhodium

2,400.00

0.00

Валюталар бағамы
Дата: 27 қаңтар, 2011; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

1 USD

KZT 146.8

1 CHF

KZT 155.51

1 CNY

KZT 22.31

1 TRY

KZT 93.49

10 JPY

KZT 1.79

1 EUR

KZT 201.09

1 AUD

KZT 146.61

1 KGS

KZT 3.1

1 UZS

KZT 0.09







1 GBP

KZT 232.25

1 CAD

KZT 147.55

1 RUB

KZT 4.93

100 KRW

KZT 13.15







Отписаться от рассылки





Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:

newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz

Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010



й


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет