12 – тақырып «Түсімдер бойынша ҚР жергілікті және республикалық бюджеттерінің кассалық орындалуы» Дәрістің мақсаты



Дата17.07.2016
өлшемі84.32 Kb.
12 – тақырып «Түсімдер бойынша ҚР жергілікті және республикалық бюджеттерінің кассалық орындалуы»
Дәрістің мақсаты: Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалу тәртібі, олардың кассалық қызмет көрсетуі тәртібін білу. Міндеттемелер бойынша жиынтық жоспарды құру және енгізу, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын құру, қолма-қол бақылау шоттары мен мемлекеттік мекемелер шоттарын ашу, енгізу және жабу тәртібін ұғып білу.
Дәріс жоспары (1 сағ)
. ҚР республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуы.

2. Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалу тәртібі, олардың кассалық қызмет көрсетуі.


1. ҚР республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуы.
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-қимыл тәртібін айқындайды.

Қолма-қол ақшаны алуды мемлекеттік мекемелер банктің чектері бойынша және (немесе) корпоративтік төлем карточкаларын қолдана отырып жүзеге асырады және тізілімі мен мөлшерін бюджеттік атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жол беріледі.

Осы Ереженің 203-тармағында көзделген ақшаны банк кассасынан чектер бойынша қолма-қол ақша алу үшін мемлекеттік мекеме банкті өзі дербес таңдайды. Мемлекеттiк мекеме, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi және банк кассалық қызмет көрсетуге осы Ереженің 83-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шарт жасасады.

Қосымша аумақтық қазынашылық бөлiмшесi және банк Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес чектерді пайдалану туралы шарт жасасады.

Чек кітапшаларын банкте мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасы мемлекеттiк мекеменiң басшысы немесе ол өкілеттiк берген тұлғаның сенiмхаты негiзiнде қол қою арқылы сатып алады.

Сатып алынған чек кітапшаларын мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасы оларды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне тіркеу үшін ұсынады.

Банк чектер бойынша мемлекеттiк мекемеге берiлген қолма-қол ақшаны есепке алуды жүргiзу үшiн республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн жеке тиiстi баланс шотында банкiшiлiк шоттар ашады.

Банкте ашылған банкiшiлiк шоттардың ерекшелiгi әрбiр операциялық күннiң аяғында банкiшiлiк шоттардың қалдықтары нөл болуы тиiс.

Мемлекеттiк мекемелер банк кассасынан қолма-қол ақша алуына аумақтық қазынашылық бөлiмшесi банкке қойылған қолдар мен мөр бедері үлгiлерi бар құжатты екi данада банкке бередi. Қойылған қолдар мен мөр бедерінің үлгiлерi бар құжат Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi белгiлеген нысан бойынша және тәртiппен ресiмделедi.

2. Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалу тәртібі, олардың кассалық қызмет көрсетуі.
Мемлекеттiк мекеме чектер бойынша қолма-қол ақша алғанға дейiн бiр жұмыс күнi бұрын аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің
84-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкте алған қолма-қол ақшаны қалпына келтiруге арналған төлеуге берiлетiн шотты, банк қызметтерiне төлемдi, чектi, қолма-қол ақша алуға арналған өтiнiмдi қоса бере отырып, төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiн бередi.

Төлеуге берiлетiн шоттар шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша жеке берiледi. 

Чек мемлекеттiк мекеменiң лауазымды тұлғасына және банктiң кассасынан қолма-қол ақша алуға арналған төлеуге берiлетiн шоттардың жалпы сомасына ресiмделедi. Чек мемлекеттiк мекеменiң қолдарын қоймай-ақ және мөр бедерінсіз берiледi. 

Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнiң лауазымды тұлғалары қол қойған және елтаңбалы мөрдiң таңбасымен бекiтiлген мемлекеттiк мекемелердiң чектерi кассалық қызмет көрсетуге арналған шартта белгiленген мерзiмде банкке берiледi.

Чектер банкке осы Ереженің 85-қосымшасына сәйкес 5-55 нысан бойынша мемлекеттiк мекемелердiң қолма-қол ақшаны алуға арналған чектердiң тiзiлiмiмен бiрге республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер бойынша жеке және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер бойынша жеке берiледi. 

Қолма-қол ақшаны берудi банк мемлекеттiк мекемелердiң қолма-қол ақша алуға арналған чектердiң тiзiлiмi және атына чек берiлген мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғаға тiкелей чек түскеннен кейiн келесi жұмыс күнiне банк жүргiзедi.

Банк кассалық қызмет көрсетуге арналған шартта белгiленген мерзiмде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 86-қосымшасына сәйкес нысанда төленген чектердiң тiзiлiмiн бередi.

Корпоративтік төлем карточкаларын қолдана отырып, бюджет ақшасы есебінен есептесулерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме карт-шот ашады, бұл ретте республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға, жергiлiктi бюджеттi бағдарламалар әкiмшiсi – бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға қолдаухат бередi.

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қолдаухаты мемлекеттік мекеменің атауы мен кодын, бюджет түрін және шығыстар бағының мақсаттарын, оған сәйкес ол қалыптасқан немесе қайта ұйымдастырлған нормативтік құқықтық актіні қамтуы тиіс.

Бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң қолдаухаты келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде мемлекеттiк мекемеге карт-шотты ашуға осы Ереженің 87-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада рұқсат бередi.

Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бас тарту себебі көрсетіле отырып, жазбаша хабарлама жіберіледі.

Мемлекеттiк мекеме банкпен карт-шот ашуға осы Ереженің


88-қосымшасына сәйкес нысан бойынша корпоративтік төлем карточкаларын беру және оларға қызмет көрсету туралы шарт жасасады және ҚР ҰБ-нiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген құжаттарды бередi.

Алынған корпоративтiк төлем карточкалары осы Ереженің 


89-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекемеде тiркеу журналында тiркеледi және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен анықталған уәкiлеттi тұлғаларға (бұдан әрi – есеп беретiн тұлға) қол қойып берiледi.

Корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып жүргiзiлетін төлемдер карт-шоттағы ақша сомасы шегінде жүзеге асырылады.

Карт-шотты толықтыру мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жеке жоспарларымен бекiтiлген сомалар шегiнде төлеуге берiлетiн шот негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзiмде және тәртiппен сауда чектерiн, слиптердi және чектерді және (немесе) корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып жүргiзiлген төлемдердi растау болып табылатын басқа да құжаттарды қоса бере отырып, чек бойынша және (немесе) карт-шоттан ақшаны пайдаланғаны туралы аванстық есеп бередi.


Дәріс жоспары (1 сағ)


  1. Міндеттемелер бойынша жиынтық жоспарды құру және енгізу, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын құру тәртібі.

  2. Қолма-қол бақылау шоттары мен мемлекеттік мекемелер шоттарын ашу, енгізу және жабу тәртібі.




  1. Міндеттемелер бойынша жиынтық жоспарды құру және енгізу, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын құру тәртібі.

Ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін карт-шоттағы ақшаның пайдаланылмаған қалдықтары және/немесе есеп беретін тұлға корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып алған пайдаланылмаған қолма-қол ақша мемлекеттік мекеменің тиісті шотына тиісінше қалпына келтірілуге тиіс. Бұл ретте егер бюджет ақшасы ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін қалпына келтірілмеген болса, келесі қаржы жылының бірінші үш жұмыс күнінде бюджет ақшасының қайтарылатын сомасын мемлекеттік мекеме (мемлекеттік мекеменің есеп беруші тұлғасы) тиісті бюджет кірісіне аударуы тиіс. Басқа қаржы көздерінен ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін тиісті шотқа аударылмаған ақшаларының пайдаланылмаған қалдықтарының қайтарылатын сомасы келесі қаржы жылының бірінші үш жұмыс күнінде тиісті шотқа қалпына келтірілуге тиіс.

Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау тәртібін бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган анықтайды.

  сұрақ.. Міндеттемелер бойынша жиынтық жоспарды құру және енгізу, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын құру тәртібі. Қолма-қол бақылау шоттары мен мемлекеттік мекемелер шоттарын ашу, енгізу және жабу тәртібі.




  1. Бюджеттің атқарылуы үшін қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерін:

мемлекеттік мекемелер – мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі – міндеттемелер бойынша жеке жоспар) және мемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі – төлемдер бойынша жеке жоспар); 

бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспары); 

бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган – түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлейді. 

Қаржыландырудың жеке жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың бекітілген паспорттарына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі - ҚР ББС), Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі – Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Ережеде белгіленген тәртіппен әзірленеді.

Қаржыландырудың жеке жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлшек қалдықсыз бүтін сандармен мың теңгемен қалыптастырылады.

Қолма-қол ақшаның бақылау шоттары (бұдан әрі – ҚБШ) мына:

республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді есептеумен және республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізумен;

мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызмттерді) өткізуден түсетін ақшаны есептеумен және олардың есебінен шығыстарды жүргізумен;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына аударумен;

олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес алған мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны есептеумен және жұмсаумен;

тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға белгілі бір жағдайлар басталған кезде олардың қайтарамдылық негізінде не аудару шарттарында жеке және (немесе) заңды тұлғалар мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны аударумен;

бюджеттік ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргізуге пайдаланумен байланысты операцияларды есептеуге арналған.




  1. Қолма-қол бақылау шоттары мен мемлекеттік мекемелер шоттарын ашу, енгізу және жабу тәртібі.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің түсімдерін есептеу мен республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрі – тиісті бюджеттердің ҚБШ) бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ашылады.

Тиісті бюджеттің ҚБШ түрлері:

республикалық бюджеттің ҚБШ;

облыстық бюджеттердің ҚБШ;

республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ҚБШ;



аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің ҚБШ.

Тиісті бюджеттердің ҚБШ-сынан түсімдер және жүргізілген төлемдер мен ақша аударымдары бойынша операциялар ҚР ББС және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет