12 қалалық кітапхана филиалы



Дата25.02.2016
өлшемі16 Kb.
12 қалалық кітапхана филиалы

№ 12 қалалық кітапхананың құрылған жылы - 1977 жыл.

Шаршы метр 108, 8

Кітапхана Омега ауданында орналасқан. Кітапханамызға 41 дана түрлі газет журнал жаздырылады. Кітапхана әр түрлі топ оқырмандарға қызмет көрсетеді. Олар; жасөспірімдер, ересектер, студенттер, мұғалімдер, дәрігерлер, зейнеткерлер, отбасылар және 9 сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары.

Цымбал Татьяна Владимировна кітапхананың алғашқы қызметкерлерінің бірі. Көп жылдар өмір жолын осы кітапханаға арнаған Т.В. Цымбал № 12 кітапхана филиалында 1976 жылдан бастап жұмыс жасаған.

Кітапханада абонемент және оқу залы қызмет көрсетеді.

Кітапхана меңгерушісі Назарова Гүлбағым Айдынқызы. Кітапханада 1987 жылдан бері жасайды. Гүлбағым Айдынқызы кітапхана саласында 27 жылдан астам жұмыс істейді. Өз ісіне мығым, білікті маман және тәжірибелі басшы ауыз бірлігі жарасқан, еңбекте

шығармашылықпен жұмыстанатын ұжым қалыптастыра білді. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өскелең ұрпақты ұлттық нақышта тәрбиелеуде атқарған жұмыстары үшін М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасы ММ директоры Г.Д.Ақашаеваның Алғыс хатына ие болды.


Бексугирова Роза Бисенбаевна 1984 жылдан бері жұмыс жасайды

Көп жылдар бойы абонемент бөлімінде ұқыпты, каталогтар мен картотекаларды біліктілікпен жүргізген, кітаптардың тазалығы мен жөнделуіне аса қатты көңіл бөліп, өз мамандығының шебері –

Р.Б.Бексугирова қызмет атқарады.

Кітапхананың оқу залында 2012 жылдан бері жас маман Ғабдуллина Гүльжазира Уахитқызы жұмыс жасайды

«Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша С.Мұратбековтың «Жусан иісі» атты әңгімесіне талқылау өткізіліп, алдағы уақытқа шаралар жоспарлануда. Сонымен қатар қайырымдылық айлығында «Жақсылық жан шуағы» тақырыбына зейнеткер оқырмандармен кездесу кеші өткізілді. Жылда 1 маусым балалар мерекесіне арнап, әр жылда аула балаларына арналған мерекелік шаралар өткізіліп тұрады.




Каталог: zkolib -> rus -> nav -> oral
nav -> Қабыршақты ауылдық кітапханасы
nav -> Аудандық кітапхана шежіресі Кітапхана м
nav -> Жарсуат ауылдық кітапханасы
nav -> Қызылағаш ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 271 Кітап берілімі: 5361 дана
oral -> Кітапхана тарихы
oral -> №2 Калалық кітапхана филиалы
oral -> Түрлі сайыстар,ойындар,байқаулар; оқырман конференциясы, әдеби талқылау, дауыстап оқу; ақпаратты шолулар, ұсыныс әңгімелер т с. с өткізіледі
oral -> А. с пушкин атындығы орталық балалар кітапханасы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет