1,2 дәріс. №6 Тақырып. Visual Foxpro ортасында деректер қорын құру. Тақырыбы



бет8/28
Дата19.07.2022
өлшемі1.48 Mb.
#459740
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
SQL тілі
SQL тілі қазіргі уақыттағы МҚБЖ-нің стандартты тілі болып табылады.
SQL – Structured Queries Language сөзінің қысқартылған түрі, аударылғанда сұраныстың құрылымдық тілі дегенді білдіреді. SQL тілі реляциялық типтегі мәліметтермен жұмыс істеуге арналған. Ол реляциялық МҚБЖ пайдаланушы істейтін барлық негізгі мүмкіндіктерді жүзеге асырады, атап айтқанда:
- мәліметтерді ұйымдастыру-мәліметтер қорының құрылымын құру және өзгерту;
- Мәліметтерді оқу;
- Мәліметтерді өңдеу – мәліметтерді қосу, өшіру және өзгерту;
- Мәліметтерге кіру мүмкіндігін басқару - мәліметтерді оқу және өзгерту үшін пайдаланушыға шектеу мүмкіндіктерін беру;
- Мәліметтерді бірге пайдалану - бірнеше пайдаланушылар мәліметтерді жалпы пайдалану;
-Мәліметтердің бүтіндігі- жүйе істен шыққанда немесе басқа жағдайларда бұзылудан мәліметтерді қорғау;

SQL тілі келесі DML, DDL яғни кіру мүмкіндігін басқару, транзакциямен басқару топтарынан тұратын командалар жүйесінен тұрады,


DML (Date Manipulation Language), мәліметтерді өзгерту тілі (язык манипулирования данными)
SELECT – мәліметтерді оқуға сұраныс;
INSERT – МҚ-на жаңа жазбаларды енгізу (қосу);
DELETE – МҚ-нан жазбаларды өшіру;
UPDATE – мәліметтерді өзгерту.
DDL (Date Definition Language), мәліметтерді анықтау тілі (язык определения данных)
CREATE TABLE – жаңа кесте құру, оның құрылымын сипаттау;
DROP TABLE – кестені өшіру;
ALTER TABLE – кесте құрылымын өзгерту;
CREATE VIEW – представлениені құру;
DROP VIEW – представлениені өшіру;
CREATE INDEX – индексті құру;
DROP INDEX – индексті өшіру.
Кіру мүмкіндігін басқару
GRANT – пайдаланушыға шектеу мүмкіндігін беру;
REVOKE – пайдаланушыға шектеу мүмкіндігін алып тастау.
Транзакцияны басқару
COMMIT – транзакцияны аяқтау;
ROLLBACK – транзакцияны алып тастау.

SQL жұмысын келесі схема түрінде көрсетуге болады:



3 сурет
Пайдаланушы не интерактивті режимде, немесе программада SQL сұранысын МҚБЖ-ға жібереді. Нәтижесінде МҚБЖ МҚ-н қарап шығады, мәліметтерді сәйкес түрде өңдеп және сұралып тұрған ақпаратты пайдаланушыға кесте түрінде береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет