12 желтоқсан 2013 жыл №16/152



Дата24.02.2016
өлшемі37.36 Kb.
#13378




12 желтоқсан 2013 жыл №16/152




2014-2016 жылдарға арналған

қалалық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №13/188 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 26 желтоқсанда №2323 болып тіркелген) сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:



  1. 2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

  1. кірістер – 16 231 608 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 12 655 686 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 24 013 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 627 562 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 2 924 347 мың теңге;



  1. шығындар – 16 231 608 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.


  1. Салықтық түсімдер бойынша қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей мөлшерде белгіленгені ескерілсін:

төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы – 21,4 пайыз;

әлеуметтік салық – 20,4 пайыз.

3. Бюджет қаражаты есебінен, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілерінің жалақылары мен мөлшерлемелерін салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

4. 2014 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер келесі мөлшерде қарастырылғаны ескерілсін:

669 121 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға;

8 194 мың теңге – негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі химия, физика және биология кабинеттерін жарықтандыруға;

33 494 мың теңге – үш деңгейлік жүйе бойынша біліктіліктен өткен мұғалімдердің еңбекақысын көтеруге;

5 751 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясындағы Жастар тәжірибесіне;

5 657 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде еңбекақыны ішінара субсидиялауға;

5 209 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға;

18 996 мың теңге - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге;

19 377 мың теңге – арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге;

9 000 мың теңге - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыруға.

5. 2014 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен дамытуға арналған, жалпы сомасы – 2 194 161 мың теңге жергілікті инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.

6. Қала әкімдігінің резерві 151 575 мың теңге сомасында бекітілсін.

7. 4 қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған 2014 жылға арналған қалалық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.

8. 5 қосымшаға сәйкес 2014 жылы қалалық бюджеттің орындалу барысында секвесторға жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.

9. 6 қосымшаға сәйкес Өмірзақ ауылы бойынша 2014 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.

10. Қалалық мәслихат аппаратының басшысымен (Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет-ресурста жариялануы қамтамасыз етілсін.

11. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі комиссияға (С.Кутеповқа) жүктелсін.

12. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Қалалық мәслихаттың

хатшысы

Ж. Жолдасбаев М. Молдағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________А. Ким



«12» желтоқсан 2013 жыл



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет