12 жылдық білім беруге өту жағдайында информатика пәнінен оқушыларға ақпаратты ұсыну ағабеков А



жүктеу 49.96 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі49.96 Kb.
ӘӨЖ. 378.016.02:004.9(574)

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ ӨТУ ЖАҒДАЙЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ


Ағабеков А.


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ.
Ғылыми жетекшілері: Алдешов С.Е. – п.ғ.к., доцент, Бүркіт Ә.Қ. – аға оқытушы
Тәуелсіз еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 27.09.2004 жылғы №781 бұйрығында жалпы орта мектептің барлық пән мұғалімдері компьютерлік сауатты болып, сабақта компьютерлік технологияны тиімді пайдаланылуы көзделінген болатын. Егер мұғалім оқушының танымдық іс-әрекетіне, қызметіне әсер еткісі келсе, ол алдымен олардың көру және есту сезімдік мүшелеріне әсер етеді. Сөйтіп, адам ақпараттың көп бөлігін осы анализаторлар көмегімен қабылдайды.

Сонымен адам көру сезімінің көмегімен 180 түрлі түсті қабылдай алады. Түс пен оның қосылыстарының безендіру мүмкіндігі шексіз. Түрлі түстер адамның көңіл-күйіне түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі. Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Түстер комбинациясы да адамға түрліше әсер етеді. Компьютерді қолданғанда оқушылардың түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерінде есте ұстаған абзал. Сонымен бірге құрамында қозғалып тұратын объектілері (анимация) көп оқу материалын қабылдау өте қиын, себебі қозғалып тұрған объект адамның назарын өзіне аударады [1].

Қазіргі кезде информатика пәнін компьютерлік оқытудың нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу аса маңызды орын алады. Бұған себеп оқу үдерісін компьютерлендіру психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің негізгі бағыттарын жан-жақты қамтуы болып табылады.

Зерттеу нәтижелелері көрсетіп отырғанындай, орта мектептің 5,6-сынып Информатикапәндерін оқыту барысында компьютерді қолдану мұғалім мен оқушының қарым-қатынасының жүйесі, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып түрлендіреді және олардың ынталылық сезімінің өсуіне әсер етеді.

Сезімдік жүйелер ағзаның өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Сезімдік жүйелер белгілі райлы ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құралған құрылымдардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі. Адам қоршаған ортадағы ақпаратты бес сезім мүшесімен қабылдайды: Көз, құлақ, мұрын, тіл арқылы дәм сезу, тері арқылы сипап сезу. Төмендегі 1-кестеде адамның бес сезім мүшесі жайлы толық мәлімет берілген.


Сезім мүшелері

Ақпараттарды алу

арналары

Ақпарат түрлері

Көз

Көру

Сурет, анимация, қозғалыс

Құлақ

Есту

Дыбыстық (есту)

Мұрын

Иіс сезу

Иіс

Тіл (ауыз)

Дәм сезу

Дәм

Тері

Сипап сезу

Тактильдік (сезу)

1-кесте. Сезім мүшелері арқылы ақпараттарды қабылдау.

Осылардың ішінде адам баласы көру және есту мүшелері көмегімен ақпараттың едәуір бөлігін қабылдайтындықтан, біз көз арқылы қабылдауға әсер ететін түр–түске сипаттама бере отырып, Информатикапәнін оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру үшін түр-түстің оқушының материалды игеруге тигізер әсерін қарастырдық. Бұл бағытта көптеген елдердің әдіскер-ғалымдары көп жылдардан бері ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы орайда түр-түс тану ғылымына көп еңбек сіңірген белгілі И.Ньютон, А.Ломоносов және т.б. ғалымдардың есімін атап өту керек. Көзбен көруге болатын сан түрлі түстерді бір жүйеге келтіру жолында алғашқы қадамды И.Ньютон жасады.

Сондай-ақ, түс оқушының белсенді эмоциялық реакциясын тудыратын басты ұйымдастырушы кеңістік болып саналады. Көгілдір түс жұмыс қабілетін төмендетеді адам ағзасының физиологиялық функциясын баяулатады. Сия көк түс қызыл мен көгілдір түстердің әсері секілді, адамды шаршатып жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Түстердің мұндай адам психикасына әсері, мынаған байланысты, жекелеген түстер немесе олардың үйлесімдігі оқушыда түстік ассоциация туғызуы мүмкін, ол өмір тәжірибесі, белгілі эмоция немесе кейіпкермен байланысты. Түс неғұрлым қанық болған сайын ол адам бойында белсенді әрі тұрақты әсер туғызады.

Компьютерлік технологияны пайдаланып көрнекіліктерді жасаған уақытта түр-түстердің жоғарыда аталған психологиялық әсерін ескерген жөн. Ақпараттық түсініктерді әртүрлі түр-түстермен бейнеленген ақпараттарды қабылдауға арналған оқытушы бағдарламаларды қолдануға болады. Оқыту құралдарының экономикалық қасиеті – оларды жасаудағы шығын мөлшерімен бағаланады. Оқыту құралдарының психофизиологиялық қасиеті: түр-түсі, кестедегі таңбалар мен әріптердің өлшемі, формасы, бейнелеп көрсетудің анықтылығы, моделді қабылдаудағы шаршатпаулық және т.б. жатады.

Оқыту құралдарының эстетикалық қасиетіне олардың педагогикалық тұрғыдан алғандағы әдемілігі, және т.с. жатады.

Эргономикалық қасиетте екі мәселе ескеріледі:

1) уақыт үнемділігі;

2) оқыту құралын іске қосудағы жылдамдығы, тездігі.

Бұрын белгісіз болған, қарапайым затты тану үшін адам баласына:

-сөзбен сипаттағанда – 2,8 с;

-суретте бейнелегенде – 1,5 с;

-түрлі-түсті фотографияда – 0,9 с;

-кино құралдары арқылы – 0,7 с;

-затты табиғи тұрғыдан көрсеткенде - 0,4 с уақыт қажет екендігі эксперимент жүзінде дәлелденген.

Қазіргі кезде және келешекте де оқытуда компьютерлік технология арқылы көрнекілік принципті жүзеге асыруда ақпаратты визуалді түрде қабылдаудың, динамиканы, түр-түстің орны бөлек.

Қабылдау ойлаусыз жүргізілсе, пайдасыз болады, ал қабылдаусыз ойлауды айтатын болсақ, онда қабылдаусыз ойлаудың ешқандай қажеті жоқ. Бұдан, қабылдау ойлауға тиісті болғандықтан оқушылардың ойлау қабілетін қабылдау арқылы дамыту керек, әрі жетілдіре түскен жөн. Өйткені, визаулдық ойлау ақыл-ойдың қызметі болып табылады. Ақпараттық материалды қабылдауда түр-түстің ролі ерекше. Информатика сабағында визуалды нысанның қасиеттерін оқушылар тез қабылдайды. Мысалы, «үлкен-кіші», «оң-теріс», «тиісті-тиісті емес» және т.б. Көрнекі оқыту мұғалім жұмысының ажырағысыз бөлігі болуы үшін ол көрнекілік принципінің қалыптасу тарихын, осы ұғымның заманауи әрекеттерін, көрнекі оқытудың функцияларын, оның түрлері мен педагогикалық жұмыстарда алынған білімді қолдана білуді игеруі тиіс.
Әдебиеттер

1.Медетбекова Р.Ә. Компьютерлік түр-түстің психологиялық-педагогикалық әсері.



Алматы, 2010. –Б.285-287.

2.Бүркіт Ә.Х. Компьютерлік графика. Шымкент, 2011. –Б.557-558.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет