126 ҚазҰУ хабаршысы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата28.03.2023
өлшемі0.84 Mb.
#471287
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
1269-1-2447-1-10-20151014

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
127 
жүр, тұр, отыр, жат. Ал өткен шаққа етіс-
тіктің -ды -ді, -ты, -ті жұрнағы арқылы жіктел-
ген түрін келтірсе, келер шаққа -ар тұлғалы 
етістіктің жіктелген болымды, болымсыз түр-
лерін жатқызады. 
Етістіктің көсемше, есімше түрлерінде етіс-
тікке тән рай, шақ, жақ категорияларын, жеке-
ше, көпше түрлерін көрсетеді. Үнемді, үнемсіз 
көсемшелердің рай түріне жіктелу үлгісін ұсы-
нады. Ғалым көсемшенің күрделі және анали-
тикалық формалы етістік құрамында кездесетін-
дігін байқайды. Есімшені үш топқа бөліп, олар-
дың: осы шақтық есімше, өткен шақты есімше, 
ұйғарынды есімше деген түрлерін көрсетеді. [2, 
236-238; 245-251 бб.]. 
А. Байтұрсыновтың қазақ тілін зерттеуші 
басқа ғалымдардан артықшылығы – тілдің типо-
логиялық ерекшелігін біліп, тілдік тұлғаларды 
дұрыс ажырата білуі мен қазақ тіл білімі ғы-
лымына қатысты терминдерді ана тілімізде 
беруі. 
Қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негі-
зін қалаушылардың бірі, көрнекті ғалым Құдай-
берген Қуанұлы Жұбанов етістіктің үш шағын 
және олардың мағыналық топтарын көрсетеді. 
Өткен шақты тоғыз түрге бөледі: айғақ өңді өт-
кен шақ, аулақ өңді мойындау өңді, күмән өңді, 
айғақ баяғылық, аулақ баяғылық, әдетше баяғы-
лық, опық баяғылық, арман баяғылық, [3, 388- 
389 бб.] негізінен -п тұлғалы көсемше және -ған 
тұлғалы есімше арқылы, -ушы, -атын тұлғалары 
арқылы жасалатынын мысалдар арқылы көрсе-
теді.
Ал келер шақтың а) кесімді келер шақ, ә) бол-
жалды келер шақ, в) мақсатты келер шақ, г) ті-
лекті келер шақ деген төрт түрін береді. Қазіргі 
грамматикаларда Қ. Жұбанов көрсеткен өткен 
шақ пен келер шақ бірдей жүретін “сенімсіз төл 
шақ: жазса игі еді” рай категориясында қара-
лады. Осы шақты дағдылы осы шақ (қазір 
ауыспалы осы шақ), дәл осы шақ (қазір нақ осы 
шақ) деп бөледі. Отыр, тұр, жатыр, жүр етіс-
тіктерінің морфологиялық түрленуіндегі айыр-
машылықтары және семантикалық белгілерінің 
әр түрлі болуына ғалым назар аударып, дәл осы 
шақты (нақ осы шақ) білдірудегі мағына реңк-
теріне айрықша тоқталады. Атап айтар болсақ, 
отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің осы шақ 
көрсеткіштері екені; көмекші етістік қызметінде 
болуы; шақ, жақ қосымшаларын қабылдауы; екі 
райдың (ашық рай, бұйрық рай) көрсеткіші 
болуы; қимылдың өту сипаты мағынасын біл-
діруге қабілеттілігі айтылады.
Н. Сауранбаев шақты ашық райдың ішінде 
қарастырып, өткен шақты: ескі өткен шақ, же-
дел өткен шақ, бұрын өткен шақ, тыянақсыз өт-
кен шақ деп 4 мағыналық топқа, осы шақты: 
ауыспалы, нақтылы осы шақ деп екіге, келер 
шақты: шексіз келер шақ, шекті келер шақ, 
мақсатты келер шақ деп топтастырады [4, 130-
134 бб.]. 
Шақ категориясы жайлы жазылған моногра-
фиялық еңбек – Т. Қордабаевтың “Қазіргі қазақ 
тіліндегі шақ категориясы” [5] деп аталатын 
зерттеуі. Ғалым түркі тілдеріндегі шақ катего-
риясының зерттелу тарихынан бастап, қазіргі 
қазақ тіліндегі шақ категориясы жайын жүйелі 
түрде, ғылыми тұрғыда баяндайды. Автор етіс-
тік шақтарын, оның мағыналық түрлерін бы-
лайша топтастырады. 
1. Өткен шақ (айғақты, айғақсыз); 
2. Осы шақ (нақ осы шақ, жалпы осы шақ, 
ауыспалы осы шақ); 
1. Келер шақ (сенімді келер шақ, сенімсіз ке-
лер шақ). 
Т. Қордабаев қалып етістіктерін мағыналық 
ерекшеліктеріне қарап, “жатыр”, “жүр” етістік-
терін жалпы осы шақ деп, “тұр”, “отыр” етіс-
тіктерін нақ осы шақ деп атаса дұрыс болар еді 
дейді. Бұларды бөлудегі көрсеткіш етіп, “жа-
тыр”, “жүр” етістіктерінің ұзаққа созылатын іс-
әрекеттерді білдіруі ғана емес, іс-әрекеттердің 
арасында үзілістердің болуын, дәл сөйлеу үстін-
де ол әрекеттердің болып жатпауын негізге 
алады. Бұдан Т. Қордабаев ойларының Қ. Жұ-
банов пікірімен келісетінін аңғаруға болады. 
Ы. Маманов еңбегінде [6, 156 б.] шақ фор-
маларының мағыналық ерекшеліктерін былай 
көрсеткен: өткен шақты – жедел өткен шақ, бұ-
рынғы өткен шақ, ежелгі өткен шақ, дағдылы өткен 
шақ, қатысты өткен шақ деп бес түрге бөліп, 
олардың арасындағы айырмашылық – әртүрлі 
мезгілдік мағына білдіруінде емес, әрқайсысы-
на тән өзіндік семантикасында екендігін дәлел-
дейді.
Келер шақтың үш түрін көрсетеді: ауыспалы 
келер шақ (жаз+а+мын); болжалды келер шақ 
(жаз+ар+мын); ниет келер шақ (жаз+бақ+пын). 
Ы. Маманов етістіктің осы шағының арнайы 
грамматикалық морфемасы жоқ, осы шақ қалып 
етістіктеріне және созылыңқы сыйпатқа жіктік 
жалғауы тікелей жалғану арқылы жасалады деп 
нақ осы шақ формасын және ауыспалы осы 
шақты береді. 
1967 жылғы академиялық грамматикада өт-
кен шақ – жедел, бұрынғы, ауыспалы, осы шақ – 
нақ, ауыспалы осы шақ, келер шақ – болжал- 
ды, сенімді (кіргелі отырмыз), ауыспалы ке- 
лер шақ болып мағыналық топтарға ажыраты- 
лады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет