3.Математиканы оқытудағы нақтылау.
Математикада жалпылау деп М жиынының элементтерін қарастырудан N жиынына өту, N жиынының өзіне тән ішкі жиыны болатын және М жиынымен изоморфты 1 N жиынын қарастыру, ал нақтылау, керісінше екінші жиынның элементтерін қарастырудан бірінші жиынның элементтерін қарастыруға көшу деп түсініледі. Оқушыларға жалпылау мен нақтылаудың мәнін түсіндіру үшін оны теориялық жиын тұрғысынан қарастырудың дербес жағдайына көшу керек. Айталық, М – N жиынының ішкі жиыны болсын, онда М-нен N-ге өту жалпылау, ал керісінше болса нақтылау болады. Нақтылау кезінде берілген жиынның элементтерін қарастырудан оның ішкі жиынының элементтеріне көшу жүзеге асырылатын болса, онда берілген жиынның элементтері үшін тағайындалған барлық қасиеттер, оның ішкі жиынының элементтерінің қасиеттері болады. Жалпылау мен нақтылауға оқытып үйрету үшін мүмкін болатын барлық жағдайларды қарастыру керек. Ол мектеп математика курсында ұғымдарды қалыптастыру, есептер шығару, кейбір тақырыптар мен бөлімдерді қайталау кезінде жүзеге асырылады. Жалпылау мен нақтылауға оқушыларды үйрету мақсаты және жүйелі түрде жүргізіліп отырылуы тиіс.
Нақтылауда – не айнымалы тұрақтымен алмастырылады немесе зерттелінетін объектіге қандай да бір шектеу қойылады.
4.Математиканы оқытуда жаңа ақпараттар технологиялары мен компьютерді пайдалану.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын математика пәні сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Мұндай мүмкіндіктерді қазіргі кездегі бар және жаңадан қалыптасып келе жатқан электрондық оқыту құралдары бере алады.
Осы келтірілген ережеге сай электрондық оқыту құралдарын (ЭОҚ) компьютерлік техника көмегімен өңделіп көрсетілетін, кез-келген электрондық тасымалдаушыда немесе компьютер желісінде жарияланған, білімнің сәйкес ғылыми-практикалық саласынан оқушыларға білімді, біліктілік пен дағдыларды шығармашылық тұрғыда белсенді меңгеруді қамтамасыз ететін осы сала бойынша жүйеленген материалдардан тұратын графикалық, мәтіндік, цифрлық, сөздік, музыкалық, бейне, фото және басқа да ақпараттар жиынтығы ретінде анықтауға болады.
Сонымен, математика бойынша электрондық оқыту құралдарын жасау үдерісінде мұғалім қандай рөл атқармасын, оның мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жасауға қажет мәселелерді жеткілікті кәсіби деңгейде шеше алатындай білім мен дағдылары болуы тиіс. Алайда, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы математика саласы маманын педагогтық кәсіби қызметке дайындаудың қазіргі жүйесінде болашақ мұғалімдер өз пәні бойынша электрондық құралдар жасаудың негізін оқып-үйренуден тыс қалмағандары дұрыс. Осы айтылғандардың бәрі оқыту саласы мамандарына мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жасау мен пайдалануды оқытудың қажеттігін білдіреді.
МОИТ-тан қосып жазсаңдар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |