13-билет Дәлелдеу. Математикалық дәлелдеу түрлері



бет13/18
Дата17.04.2024
өлшемі244.06 Kb.
#499100
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
13-18 билет

2.Эвристикалық әдіс.
Оқытудағы эвристикалық әдіс деп әдістемеде негізінен диалогиялық (сұрақ-жауап) формадағы эвристикалық әңгімені түсінеді. Мұнда мұғалім оқушыларға білімді, ұғымды бірден дайын түрінде бермей, өз орнымен қойылған сұрақтар арқылы оларда бұрын қалыптасқан білімдері мен бақылаулары және өмір тәжірибесіне сүйеніп жаңа ұғымдарға, ережелерге, дәлелдеулерге және есептің шешуіне өздерін келтіру керек (бағыштау керек). Эвристикалық әңгіме оқытуда орын алып келген жалаң, жаттау мен догматизмге қарсы бағытталған оқушылардың ізденімпаздығын, олардың өз бетінше ойлау қабілетін арттыруды көздейтін прогрессивтік әдіс болып табылады. Эвристикалық әңгіме қойылатын сұрақтар ішінде оқушылар бірден дайын жауап таба алмайтындай проблемалық сауалдар кездеседі. Бұрын үйретілген мәселелерді еске түсіріп, жаңғыртуға арналған сұрақтар мұнда шешуші рөл атқармайды, олар тек әлі белгісіз тың сұрақтарға жауап беруге, шешуге көмекші болады. Тек өткенді қайталау, жаңғыртуға арналған әңгіме эвристикалық әңгімеге жатады, оны қатехиздік әңгіме дейді. Қазіргі дидактиканың барлық талабын қанағаттандыра отырып, эвристикалық әңгіме оқушыларға сабақ барысында танып білгізудің ең маңызды және тиімді әдістерінің қатарына жатады. Ол қазіргі жағдайда V-IX сыныптарда математикадан жаңа материал өтуде және жаппай есеп шығартуда негізгі әдіс болуы керек. Ол әрине, мұнда басқа оқыту әдістерімен ұштастыра пайдаланылуы тиіс. Бұл тұрғыда алдыңғы қатарлы тиімді әдістер болып табылатын проблемалық-бағдарламалық жаңа әдістер алдыңғы кезекке шығады. Эвристикалық әңгіме синтетикалық әдістерден гөрі аналитикалық әдістермен жақсы үйлеседі. Эвристикалық әңгіме-сұрақтар жүйесі бірсыпыра шарттарды қанағаттандыруы қажет: сұрақтар логикалық жағынан жүйелі қысқа, дәл болуы; екі-ұшты, дүдәмәл болмауы, жауабы оп-оңай болмауы және оқушылардың көпшілігінің жан-жақты ойлауына кең жол алуы т.б. Ал бұған берілетін оқушының жауабы дәл және толық, барлық сыныпқа түсінікті болуы қажет. Жауапқа көп оқушы қатысқаны дұрыс болады. Эвристикалық әдісті қолданудағы бір кемшілік – ол қойылған оқулық проблеманы үйретуде мұғалімнің өзі айту (информациялық) әдісіне қарағанда уақытты көп алады. Сондықтан да оқытушының бұл әдісті сабақ сайын қолдануына мүмкіндігі бола бермейді. Оның үстіне қандай да бір тиімді әдіс болмасын, оны үнемі қолдана беру дұрыс емес, басқа әдістерді алмастырып отыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет