4.Математиканы тереңдетіп оқыту.
Ғылым мен техниканы математикаландыру кезеңінде, халық шаруашылығына математикадан жан-жақты дайындалған, қабілетті жастар көптеп қажет болды. Осы себепті, Республикамызда математикалық мектептер мен сыныптар, кешкі және сырттай оқытылатын математикалық мектептер, мектеп-интернаттар, «Назарбаев зияткеолік мектебі», О.А. Жәутіков атындаңы Республикалық физика математика мектеп», “Дарын”, “Болашақ” математикалық мектептер жұиас істеуде. Математикалық сыныптарға, әдетте, математикаға қабілетті немесе математикаға қызығушылығы жоғары деп танылған оқушылар қабылданады. Қабылдау әңгіме немесе тест түрінде өткізіледі. Оқу кезеңінде бағдарламаны меңгере алмаған оқушылар, әдеттегі сыныптарына ауысуына болады және олардың орнын оқу жылының кез келген уақытында басқа оқушылармен толықтырылады. Математикалық мектептер (сыныптар) Білім министрлігі бекіткен оқу жоспарымен жұмыс істейді. Тереңдетіліп оқытылатын математика бағдарламаларын да Білім министрлігі бекітеді. Ал басқа пәндер жалпы білім беретін мектеп бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Математикалық сыныптар негізінен екі сатыға бөлінеді: 1 саты – VIII-IX сыныптар, 2 саты – X-XI сыныптар. 1 сатыда математиканы оқыту кейбір қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып жалпы білім беретін мектептер оқулығын пайдалану арқылы жүргізіледі. 2 сатыда оқу материалдары тереңдетіледі және кейбірі кеңейтіледі, оқытылған теориялардың практикалық қосымшалары мен таныстыру өрісі ұлғаяды. Қиындығы жоғарғы мазмұндағы есептер көптеп шығарылады. Оқыту міндетті түрде, арнайы оқулық бойынша жүргізіледі, сонымен қоса қосымша әдебиеттер кеңінен қолданылады. Қарапайым сыныптармен салыстырғанда математикалық сыныптарда жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері бар: 1) Математиканы оқыту үшін әр түрлі әдебиеттер пайдалану керек. Көптеген тиімді, пайдалы материалдарды әр түрлі журналдардан, математикалық кітаптардан табуға болады. Көп жағдайда әр сабаққа мұғалім “Тапсырмалары бар парақтар” дайындайды. Мұндай парақтар бір тақырып бойынша бірнеше есептер жүйесінен тұрады, ол әрбір оқушыда болуы керек. 2) Оқыту әдістері мен бақылау әр түрлі тәсілдермен жүргізіледі. Оқытудың дәріс, семинар, өз бетімен жұмыс, жекелеген оқушылармен жүргізілетін жұмыстар т.б. түрлері кеңінен қолданылады. Оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау кәдімгі сыныптардағыдай әдістермен жүргізіледі. Онымен қоса, оқушылардан сынақтар қабылдау формасы да жиі қолданылады. Сынақ кезінде теориялық мәселелер сұралынып, негізгі курс бойынша және қосымша есптер шығарулары тексеріледі. 3) Оқу жылының соңында оқушылар келесі сыныпқа өту үшін жазбаша жұмыс жазады. Математикалық сыныптардағы жазбаша жұмыстар мазмұны, әдеттегі сыныптарға қарағанда әлдеқайда күрделі болады. 4) Математикалық сыныптарда мамандыққа бағдарлау талабы кеңірек қойылады. Математикалық сыныптарда оқушыларға мамандыққа бағдар беруде математикалық модель, алгоритм ұғымдарының рөлі өте зор. Ол ұғымдар арқылы математиканың танымдағы орны және оның практикада қолданылуын терең жеткізеді. 5) Математикалық сыныптарда математиканың даму тарихына және методологиясына байланысты төңірегіндегі мәселелерге көбірек көңіл бөдінеді. Мысалы, “Аксиоматикалық әдістің пайда болуы және оның математикадағы рөлі”, “Табиғаттану ғылымдары мен математика арасындағы байланыс”, “Негізгі математикалық ұғымдардың шығу тарихынан” т.б. тақырыптарда дәріс, семинар сабақтарын өткізу оқыту бағдарламасында қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |