13-билет Дәлелдеу. Математикалық дәлелдеу түрлері


Есеп шығаруды ұйымдастыру



бет2/18
Дата17.04.2024
өлшемі244.06 Kb.
#499100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
13-18 билет

2.Есеп шығаруды ұйымдастыру.
Есеп шығаруға бағыт, бағдар беретін ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге (Баймұзанов Б.Б. Едубаев С. Колягин Ю.М., Пойа Д., т.б.) шолу жасай отырып, озық тәжірибелі мұғалімдердің еңбектеріне сүйене келе, қандай да болмасын есепті шығаруды негізгі төрт кезеңге бөлуге болады: 1) есептің шарты мен талабын терең түсіну; 2) есепті шығарудың жоспарын құру; 3) жоспарды жүзеге асыру; 4) есепті тиянақтау. Көрсетілген кезеңдерге байланысты негізгі мәселелер төңірегінде кеңес берелік. 1. Есепті дұрыс түсініп алмай, оны әрі қарай жалғастыру мүмкін емес. Есеп шығаруға асығудың керегі жоқ. Шығаруға кіріспес бұрын оның мазмұнына талдау жасап не берілгенін, нені іздеу керек екендігін анықтау керек. Бұл тұста ұқыпты сызылған сызба немесе сүлбелердің көмегі зор. Егер есептің берілген немесе ізделінді элементтері белгіленбеген болса, онда ыңғайлы белгілеулер енгізу керек. Есеп бір жақты анықталмаған ба, соны тексеру қажет. Мүмкіндігінше есеп шартында артық мәселелер, қайшылықтар бар ма, соларды тиянақты түрде анықтау керек. 2. Есеп шығарудың жоспарын құру, шешуші кезең болып табылады. Есеп шығарудың жоспары дұрыс құрылғанда ғана, есеп қатесіз шығарылады. Жоспар құру ұзақ және күрделі болуы мүмкін. Сондықтан, оқушыға есеп шығарудың негізгі “кілтін” ұсынатын идеяларға байланысты сұрақтар мен ақыл-кеңестер жүйелі түрде құралғаны орынды: а) Осы сияқты есеп бұрын кездесті ме? Ол жағдайда қалай еді, шығарылатын есепте қалай? Егер шығарылмайтын есепке ұқсас есеп бұрын-соңды кездескен болса, онда есеп жоспарын құру онша қиындық келтірмейді. Көбінесе берілген есепке жақын есеп кездесе бермейді. Бұл жағдайда: ә) Шығарылатын есепке ұқсастау, соған келтіруге болатындай есепті ойластыр. Ондай есеп табыла қалса, онда есеп жоспарын құру да жеңілдейді. (Берілген есепті шығару жолын бұрыннан белгілі есепке келтіру жеткілікті). б) Есепке жақындайтын бұрыннан белгілі есеп табылмаса ше? Бұндай жағдайда: “Есепті басқаша оқы” деген кеңес берілуі мүмкін. Яғни, есептің шартындағы ұғымдардың анықтамасын пайдалану, оның қасиеттерін еске алу немесе есеп шарты мен талабын математикалық тілге көшіру қажет болады (бұл жағдай мәселе есептер шығару кезінде кездеседі). в) Жоспар құру кезінде: “Есептің берілгендерінің барлығы дерлік қолданылды ма?” деген сұрақ жиі-жиі қойылып отырылғаны жөн. г) “Есеп шарты мен ізденілдісін түрлендіруге тырыс” деген кеңес те көп пайдасын тигізеді. Есеп шарты немесе талабын түрлендіру, “тонын айналдыру” есеп жоспарын құруды тездетудің бірден-бір кепілі. Тепе-тең түрлендіру есептің берілгені арқылы оның белгісізіне жетуге жол ашады. Мысалы, теңдеулер (теңсіздіктер) немесе олардың жүйесін шешкенде, мәндес теңдеулер (теңсіздіктер) немесе олардың жүйесіне көшу шешімдерін табуға көп жеңілдік жасайды. д) Есеп жоспарын құру тіптен қиындап бара жатса, тағы бір кеңес көмектесуі мүмкін: “Есептің бір бөлігін ғана шығаруға тырыс”. Мысалы, “Берілген радиусы бойынша, берілген түзу мен шеңберге жанасатын шеңбер сыз”. Әуелі берілген түзумен немесе берілген шеңбермен ғана жанасатын шеңбер салу жоспарын жасап алып, екі шешімді біріктіре отырып, берілген есепті шығару жоспарын құруға болады. Бұдан есепті жай, қарапайым есептерге бөліп алып қарастыру да көп жеңілдік тудыратындығы туындалады. е) Кей жағдайда есепті қарапайым жағдай үшін шығару жолын тауып алып, оны жалпы жағдайға ауыстыру мүмкіндігін ойластырған жөн. з) Есеп шығарудың жоспары оның жалпы қаңқасын құрайды. Мәреге дұрыс жету үшін құрылған жоспарды мүлтіксіз жүзеге асыру керек. Ол үшін әрбір жасалған қадам мұқият тексерілуі керек, толық негізделіп отыруы шарт. Неге олай болады? Не себептен? деген сұрақтарға тиянақты дәлел қатар жүргізілуі тиіс. 3. Жоспар жүзеге асырылған соң, онымен тынып қалмай есеп шығару үрдісін тағы да ой елегінен өткізу керек. Міндетті түрде нәтиже мен шығару жолы тексеріледі. Онымен қоса: “Есепті басқаша шығару жолы бар ма?”, “Нәтижені басқаша қалай алуға болады?” т.б. сұрақтарға жауап ізделінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет