4.Математиканы оқытуда жаңа ақпараттар технологиялары мен компьютерді пайдалану.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын математика пәні сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Мұндай мүмкіндіктерді қазіргі кездегі бар және жаңадан қалыптасып келе жатқан электрондық оқыту құралдары бере алады.
Осы келтірілген ережеге сай электрондық оқыту құралдарын (ЭОҚ) компьютерлік техника көмегімен өңделіп көрсетілетін, кез-келген электрондық тасымалдаушыда немесе компьютер желісінде жарияланған, білімнің сәйкес ғылыми-практикалық саласынан оқушыларға білімді, біліктілік пен дағдыларды шығармашылық тұрғыда белсенді меңгеруді қамтамасыз ететін осы сала бойынша жүйеленген материалдардан тұратын графикалық, мәтіндік, цифрлық, сөздік, музыкалық, бейне, фото және басқа да ақпараттар жиынтығы ретінде анықтауға болады.
Сонымен, математика бойынша электрондық оқыту құралдарын жасау үдерісінде мұғалім қандай рөл атқармасын, оның мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жасауға қажет мәселелерді жеткілікті кәсіби деңгейде шеше алатындай білім мен дағдылары болуы тиіс. Алайда, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы математика саласы маманын педагогтық кәсіби қызметке дайындаудың қазіргі жүйесінде болашақ мұғалімдер өз пәні бойынша электрондық құралдар жасаудың негізін оқып-үйренуден тыс қалмағандары дұрыс. Осы айтылғандардың бәрі оқыту саласы мамандарына мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жасау мен пайдалануды оқытудың қажеттігін білдіреді.
МОИТ-тан қосып жазсаңдар болады.
14-билет
1.Математикалық ойқорытулар.
Ойлаудың негізгі формаларының бірі - ойқорыту. Ойқорытулар арқылы біз жер асты қыртыстары мен космостық кеңістікті зерттейміз, планеталардың, жердің жасанды серіктерінің, космостық кемелердің қозғалысын бақылап отырамыз, өткен тарихымызға үңіліп, белгілі бір қорытындыларға келеміз немесе болашаққа болжамдар жасаймыз т.б. Оқушыларды ойқорытулар жасау мен дұрыс қорытынды шығаруға үйрету - мектептегі барлық пәндерді оқытудағы басты педагогикалық мәслелердің бірі. Мұнда математика пәнінің маңызы ерекше. Себебі математикадағы жаңа білімдерді алу мен оларды игеру барысының әрбір қадамы сайын ойқорытулар жасау және қорытынды шығарып отыруға тура келеді. Ойқорыту - бір-бірімен мағыналық байланыста болатын, бір немесе бірнеше пайымдар негізінде жаңа пайым (қорытынды пайым) алынатын ойлау формасы. Мұндағы пайда болған жаңа пайым да берілген пайымдармен қандай да бір мағыналық байланыста болады. Берілген пайым сілтеме (тиянақ), ал пайда болған пайым қорытынды немесе салдар деп аталады. Жалпы жағдайда ойқорыту деп АІ, А2, ..., Ап, В сөйлерімдері беріліп, В сөйлемі А1 А2,..., Аn; сөйлемдерінің салдары болатындығын білдіретін мақұлдау түсініледі. Мұндай жағдайдағы А1, А2, ...,Аn – сілтемелер (тиянақтар), В - қорытынды. Ойқорытуды мына түрде өрнектеп көрсетуге болады: B A A An , ,..., 1 2 Мұндағы горизонталь түзу сызық сілтемені (тиянақты) қорытындыдан ажыратып тұрады және «олай болса» деген сөзді алмастырады. Егер ойқорыту бір ғана пайым нәтижесінде жасалатын болса, онда ол тікелей, егер бірнеше пайымдар нәтижесінде ойқорытулар жүргізілетін болса орағыта ойқорыту деп аталынады. Орағыта ойқорыту индуктивті, дедуктивті және аналогия бойынша ойқорытулар болып бөлінеді. Тікелей ойқорытудың ең қарапайым түрі берілген пайымның ақиқаттығын теріске шығару арқылы белгілі бір қорытындыға келу. Ол үшін терістеудің мағынасы қандай, егер берілген пайымды жалған десек, онда қандай ұйғарымға келуге болады т.б. сұрактарға жауап беруге тура келеді. Бізге 37845 санының 9-ға бөлінетін немесе бөлінбейтінін анықтау керек болсын. Ол үшін натурал санның 9-ға бөлінгіштік қасиетін еске түсіреміз. «Егер натурал санның цифрларының косындысы 9-ға бөлінсе онда ол сан 9-ға бөлінеді». 37845 санының цифрларының қосындысы 3+7+8+4+5=27 саны 9-ға еселі. Осы ұйғарымдарға сүйене отырып мынадай пайымдау жасаймыз. «Егер натурал санның цифрларының қосындысы 9- ға еселі болса, ол сан 9-ға бөлінеді. 37845 санның цифрларының қосындысы 27 саны 9-ға еселі, олай болса 37845 саны 9-ға бөлінеді». Бұл сияқты пайымдаулар нәтижесіндегі ойқорыту дедуктивтік ой қорыту делінеді. Дедуктивтік ойқорыту процесіндегі нақтылы деректер жалпы ережелерге келтіріліп, ол жалпы ережелерден берілген нақтылы деректерге қатысты қорытынды шығарылады. Кез келген дедуктивтік ойқорыту кемінде екі пайымның салдары болады. Дедуктивтік ойқорыту кезінде сілтемелер дұрыс болып, логикалық ережелер сақталатын болса, онда одан шығатын салдар да дұрыс болады. Жалпы алғанда дедуктивтік ой қорытудың үш түрі жиі кездеседі: 1. Жалпыдан жалпылығы одан кемдеуге немесе дербеске көшу, 2. Бір жалпылықтан сол жалпылық бойынша қорытынды шығару, 3. Жекеден дербеске.
Достарыңызбен бөлісу: |