13-билет Дәлелдеу. Математикалық дәлелдеу түрлері


Математиканы оқытудың формалары



бет6/18
Дата17.04.2024
өлшемі244.06 Kb.
#499100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
13-18 билет

3.Математиканы оқытудың формалары.
Математиканы оқыту формасы деп – оқу үрдісін ұйымдастыру тәсілдерін түсінеміз олар ең әуелі сынып-сабақ, сынып-топ лабораториялық және практикалық сияқты жалпы формалар, басқа формалар ішінен оқытудың проблемалық формасын, оқытудың дифференциалданған формасын, техникалық құрал-жабдықты кеңінен қолдану жағдайларында өтетін оқу формасын бөліп айтуға болады. Мысалы, Дәстүрлі әдістерге ең алдымен сөзбен баяндаудың және дайын білімді түсіндірудің догматикалық әдістері жатады (мұғалімнің әңгімесі мен дәрісі). Бұл әдістерде белсенді рөл айтушы мұғалімде болады да, оқушыларға ұйып тыңдаушы міндеті қалады. Математиканы оқытуға және математиканы оқыту әдістеріне қойылатын қазіргі талаптар оқытушы мен оқушының әңгіме, дәріс үстінде қарым-қатынастарына маңызды өзгерістер, жаңалықтар енгізу міндетін қойып отыр. Мұндағы басты мақсат, оқушыларды әрекетсіз тыңдаушы, сондықтан да мұғалімнің оқу әңгімесі мен дәрісі шәкірттерді бейтарап қалдырмай, оларды айтылып отырған мағлұматтарға, фактілерге, жаңалықтарға қызу тартып отыруы қажет. Проблемалық оқыту шығармашылық (творчестволық), тапқыр (эвристикалық) ойлауға сүйенеді. Мұндай ойлау әсіресе стандартты емес есептерді шешуде қажет болады. Сонымен бірге проблемалық әдіс математикалық теорияны оқып, үйренуде аса тиімді. Сондықтан да проблемалық әдіс болашақта орта мектепте математиканы оқытудың негізгі әдістерінің бірі болуға тиіс. Проблемалық оқыту теориясы көптеген педагогтар еңбектерінде (М.И.Махмутов, А.М.Матюшхин, В.Оконь т.б.) терең зерттеле бастады. Бұл теорияның ең басты ұғымдары “проблема” (оқулық) және “проблемалық жағдай” (ситуация) ұғымдары болып табылады. Проблемалық жағдай оқушыны жаңа білім алуға итермелейтін ойлау әрекетіне бастайды, оған жағдай туғызады. Оқулықтағы математикалық есептер мынадай екі жағдайда проблемалық жағда йға душар етеді: 1) егер оның шарты мен талабының арасына ойлау субъектісі болып саналатын оқушы адам тұрса; 2) ол адам бұл есепті қалай шешуді білмесе.
4.Бейіналды дайындық және бейіндік оқыту.
12 жылдық білім берудегі негізгі мақсаты - оқытудың жоғары сатысында бейіндік оқыту. Бейімдік оқыту - оқушының қабілеті мен икемділігіне, қызығуына қарай оқу процесінің ұйымдастыру және оның мазмұнына өзгерістер енгізу арқылы оқытуды саралау мен жекелеу, жоғары сынып оқушыларының кәсіптік қызығушылығын туғызу, оқуды жалғастыру ниетін жүзеге асыруына жағдай жасау құралы. Бейімдік оқыту оқу процесін тұлғалық-бағытталықты жүзеге асыруға арналған. Математикадан бейіндік оқытудың негізгі міндеттері:
1. Математикалыық білім мен біліктіліктерді тереңдету.
2. Логикалық ойлау мен кеңістіктік елестетуін дамыту.
3. Математиканың қолданбалық мүмкіндіктері туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.
4. Математиканың даму тарихынан мәліметтер беру. Жоғарғы сыныптардағы бейіндік оқыту дегеніміз оқыту үдерісін саралау және жекелеуді жүзеге асыратын құралы. Бейіндік (арнайы) оқыту кезінде мыналар іс-жүзіне асырылуы керек. - оқушының болашақ мамандығын дұрыс таңдауына мүмкіндік туғызу; - оқушының қабілеті, икемділігі және қызығушылығына қарай оқытуды ұйымдастыру; - оқушының оқуын әрі қарай жалғастыру ниетін жүзеге асыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың кәсіптік қызығушылығын туғызу; - жоғарғы оқу орындарындағы мен мектепте оқыту оқу процесін ұйымдастыру арасындағы алшақтықты жою.
Бейіндік оқытуға мынадай талаптар қойылады: 1)Мектеп математика курсы мен жоғары оқу орындарында оқытылатын математика курсының мазмұндары арасындағы алшақтықты жақындату; 2)Оқу үдерісін ұйымдастырудағы алшатықтарды болдырмау: мектепте - сабақ; ЖОО - лекция, парактикалық сабатар; білімді есепке алу және бағалаудығы: мектепте күнделікті тексеру –ЖОО сессия кезінде-емтихан, есепк алу, курстық және дипломдық жұмыс. 3) Мектептегі және ЖОО матемтикалық танымның алшақтығын азайту үшін: - мектепте математика курсын теориялық жағынан тереңірек оқыту; - жиын теориясы мен логикалыық символдарды кең түрде қолдану; 4) Оқу материялдарын бяндудағы қатаңдық (математика курсын құрудың аксиоматикалық) негізін түсіну.
Бейіндік оқыту негізінен мынадай үш бағыттан тұрады: - базалық оқу; - бейімдік оқу; - таңдау (элетивті) курстары.
Қазіргі кездегі жалпы орта білім стандарты бойынша бейімдік оқу 3 бағытта жүзеге асырылу көзделген: 1. Жаратылыстану-математика. 2. Қоғамдық-гуманитарлық. 3. Технологиялық.
Бейіндік мектеп жүйесідегі маңызды және міндетті бөліктерді бірі таңдау курстары. Оқушылар оқу үдерісінде ұсынылған 5-6 курстың ішінен 3 курсты таңдап алуы керек. Ұсынылған курстар оқушы таңдауынан артық болуы тиіс. Базалық, бейімдік, таңдау курстарының ара қатынасы 50 : 30 : 20 болады. Бейімдік деңгейде оқытылатын пәндердің оқу бағдарламасы мемлекеттік білім станлдартына сәйкес болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет