133 «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің



жүктеу 20.44 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі20.44 Kb.


Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы

2012 жылғы 14 мамыр

133



«Қызылорда облысының жастар

саясаты мәселелері басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің

2013-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспарын бекіту

туралы» Қызылорда облысы

әкімдігінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы

739 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы 12 сессиясының №61 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы 704 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қызылорда облысының әкімдігінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі №100 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2013-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы №739 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2013-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«7. Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінде:

«7.1. Бюджеттік бағдарламалар» бөлімшесінде:

«283 001 Жергілікті деңгейде жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының:

«2013 жыл» бағанындағы:

«бюджет шығыстарының көлемі» жолындағы «114440» деген сандар «113801» деген сандармен ауыстырылсын;

«283 003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының:

«2013 жыл» бағанындағы:

«бюджет шығыстарының көлемі» жолындағы «138» деген сандар «1056» деген сандармен ауыстырылсын;

«7.2. Бюджет шығыстарының жиынтығы» бөлімшесінде:

«2013 жыл» бағанындағы:

«Бюджет шығыстарының Барлығы:» жолындағы «198992» деген сандар «199271» деген сандармен ауыстырылсын;

«Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» жолындағы «198992» деген сандар «199271» деген сандармен ауыстырылсын;

«283 001 Жергілікті деңгейде жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметтер» жолындағы «114440» деген сандар «113801» деген сандармен ауыстырылсын;

«283 003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» жолындағы «138» деген сандар «1056» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Әлназароваға жүктелсін.



3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.

Қызылорда облысының

әкімі Қ. Көшербаев




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет