135 шешімімен бекітілді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да пулдарды құру және тұрғын үйді бөлу ережесі



Дата05.07.2016
өлшемі209.11 Kb.
#180707
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 04 шілдедегі

135 шешімімен бекітілді


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да пулдарды құру және тұрғын үйді бөлу ережесі


1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да пулдарды құру және тұрғын үйді бөлу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) аясындағы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жұмысының негізгі ережелеріне регламент белгілеу мақсатында әзірленді.

2. Ереже:

- І топтың қатысушылары бойынша төлем қабілетін растау және тұрғын үйді іске асыру тәртібін;

- тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулдарын құрудың, ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаты үшін баспана» шағын бағыты бойынша (ІІ топ) тұрғын үйді бөлу және іске асыру рәсімінің тәртібі мен талаптарын;

- ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасылар үшін баспана» шағын бағыты бойынша (ІІІ топ) өтініш берушілер – жас отбасылардың төлем қабілетін бағалау және тұрғын үйді іске асыру тәртібі мен талаптарын анықтайды.

3. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:


    1. Жалдамалы тұрғын үй – Бағдарламаны іске асыру мақсатында салынатын тұрғын үй;

    2. Банк – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және оның филиалдары;

    3. Өтініш беруші – Бағдарламаға қатысуға өтініш берген, 18 жасқа толған Банк салымшысы;

    4. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулдарын құру комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) – тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулын құру жұмысын ұйымдастыру мен бақылауды жүзеге асыратын филиалдың алқалық органы;

    5. ЖАО – облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органы;

    6. Құрылыс объектісі – құрылыс жобасында қарастырылған барлық құрал-жабдықтарын, инженерлік байланыстарын, көмекші әрі қосымша құрылыстар және құрылғыларын қоса алғанда салынып жатқан немесе салынған ғимарат (бірнеше ғимарат);

    7. Пәтерлер пулы – ЖАО-мен ынтымақтастық туралы бір Келісім шеңберіндегі бір құрылыс Нысанының бір үйінде немесе бірнеше үйінде орналасқан, бөлмелердің санына байланысты шектелген, құрылыс Нысанындағы белгілі бір түрдегі пәтерлердің тізбесі;

    8. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулы – Комиссия бекіткен құрылыс нысанындағы әрбір пәтерлер пулы бойынша тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар тізімі;

    9. Іске асырылатын тұрғын үй – Бағдарламаны іске асыру мақсатында тұрғызылатын тұрғын үй;

10) Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушылар – 18 жасқа толған, Банк талаптарын орындап (балл жинау және төлем қабілетін растау бойынша), тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына енгізілген, салынған тұрғын үйді жинаған тұрғын үй құрылыс жинағы, тұрғын үй заемын, аралық тұрғын үй/алдын ала тұрғын үй заемдарын (Банкте қаражат жеткілікті болған кезде) алу есебінен және өзінің меншікті қаражаты есебінен сатып алу арқылы, сондай-ақ кейіннен сатып алумен тұрғын үйді жалдау арқылы Бағдарламаға қатысатын өтініш берушілер;

  1. Бағдарлама қатысушысы – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асырылатын бағыттар бойынша Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген Банк салымшысы.

4. Бағдарламаның «ҚТҚЖБ желісі бойынша баспана» бағыты бойынша негізгі шағын бағыттары:

  • халықтың бүкіл санаты үшін баспана;

  • жас отбасылар үшін баспана.

«Халықтың бүкіл санаты үшін баспана» шағын бағыты бойынша қатысушылар мынадай топтарға бөлінеді:

  1. I топ: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 67-бабы 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көзделген тұлғалар санаты;

2) II топ: тұлғалардың барлық санаты.

«Жас отбасылар үшін баспана» шағын бағыты бойынша қатысушылар – ІІІ топтағы тұлғалар.

Тұрғын үй сатып алу мен жалдаушылар пулына қатысуға өтініштерді І топтың өтініш берушілерінен ЖАО, ІІ топтың қатысушыларынан Банк қабылдайды. ІІІ топтың өтініш берушілерінен өтініштерді ЖАО қабылдайды.

Өтініш беруші Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысуға біреуден артық емес өтініш бере алады, бұрын қайтарып алған өтініштері ескерілмейді.

Банктің салымшылары ғана тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асырылатын бағыт бойынша Бағдарлама қатысушылары бола алады.
2-тарау. «Халықтың бүкіл санаты үшін баспана»

шағын бағыты бойынша тұрғын үйді іске асыру тәртібі
2.1. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушыларға қойылатын талаптар


  1. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулы қатысушыларының тұрғын үйді сатып алуы:

- жиналған жинақ, тұрғын үй, алдын ала тұрғын үй, аралық тұрғын үй заемдары және меншікті қаражат есебінен;

- артынан сатып алумен тұрғын үйді жалдау арқылы жиналған жинақ және тұрғын үй заемдары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

6. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушыларға (ІІ топ) қойылатын негізгі талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы не оралман мәртебесі;

2) Астана және Алматы қалаларындағы баспананы алғысы келетін Өтініш берушілер үшін аталған қалаларда соңғы 2 (екі) жылда тіркеуде болу;

3) Өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке томаған балалары), сондай-ақ өтініште көрсетіліп, отбасы құрамына енгізілген басқа отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында баспанасының немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйінің болмауы;

4) Өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке томаған балалары), сондай-ақ өтініште көрсетіліп, отбасы құрамына енгізілген басқа отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 (бес) жыл ішінде меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иелігінен шығару немесе тұрғын үй-жайды ауыстыру арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлату деректерінің болмауы;

5) Банк талаптарына сай заемға қызмет көрсету немесе тұрғын үй жалдау кезеңінде тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау үшін төлем қабілетін растау.

Кейіннен сатып алумен жалдау арқылы тұрғын үй алатын өтініш берушілер Ереженің осы тармағында көрсетілген талаптарға қоса өтініш беру алдындағы соңғы ең кемі 3 ай үшін отбасының ай сайынғы жиынтық табысының көлемін (зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы мен басқа да аударымдар шегерілген) ең төменгі күнкөрістің 15 еседен артық емес көлемі шегінде растауы тиіс.

7. І, ІІ топтың қатысушылары арасында бөлінбеген тұрғын үй болған жағдайда, төмендігелерге рұқсат етіледі:



  1. Ереженің 6-тармағының 2) тармақшасындағы талаптарға сай емес Астана және Алматы қалаларында тұрғын үй сатып алуға немесе кейіннен сатып алумен жалдауға үмкітер тұлғалардың Бағдарламаға қатысуы;

Ереженің 6-тармағының 3), 4) тармақшаларындағы талаптарға сай емес басқа өңірлерде тұрғын үй сатып алуға немесе кейіннен сатып алумен жалдауға үмкітер тұлғалардың Бағдарламаға қатысуы.
2.2. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулын құру тәртібі


  1. Банк нақты құрылыс объектісі бойынша ЖАО-мен ынтымақтастық туалы келісімде көрсетілген құрылыс аяқталатын күнге дейін 6 (алты) айдан ерте емес мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік және орыс тілдерінде Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысуға өтініштер қабылдау туралы хабарландыру орналастырады.

  2. Әрбір құрылыс объектісі бойынша тұрғын үй сатып алушылар мен жалдаушылар пулына қатысуға өтініштерді қабылдауды Банк хабарландыруда көрсетілген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде жүзеге асырады. ЖАО-мен ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген мерзімде құрылысты аяқтаудың және/немесе құрылыс объектісін пайдалануға берудің мүмкін еместігін объективті растау болған кезде әрбір құрылыс объектісі бойынша өтініштер қабылдау мерзімі Банктің қалауына орай ұзартылуы мүмкін.

Өтініштерді қабылдау басталғанға дейін Комиссия пәтердің бөлмелер санына қарай пулдар бойынша пәтерлерді бөле отырып, құрылыс объектісіндегі пулдардың санын анықтайды. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйлерді сату мәселелерін регламенттейтін Банктің ішкі құжаттарында қарастырылған тәртіппен жалпы ауданына қарай пәтерлер пулының санын анықтауға болады.

  1. 2 (екі) ай өткен соң Өтініш берушілер саны жеткіліксіз болған жағдайда, Банк пулға қатысуға өтініштер қабылдауды тоқтатып, одан кейінгі балл санау, төлем қабілетін бағалау және т.б. рәсімдерді белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

  2. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысуға өтініш берушілердің тізіміне қосу үшін салымшы Банкке Құрылыс жобаларын іске асыру ережесінде көзделген нысан бойынша өтінішті жеке басты куәландыратын құжат көшірмесімен бірге береді.

Салымшы Банктің интернет-ресурсында Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысуға электрондық өтініш бере алады.

  1. Өтінішке дербес нөмір беріледі, ол бойынша одан әрі сәйкестендіру жүзеге асырылады.

Өтініштерді тіркеу мен оған дербес нөмір беру тәртібі Құрылыс жобаларын іске асыру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

13. Өтініштер қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банк әр пул бойынша өтініш берушілердің тізімін жасайды.

Ереженің №1 қосымшасына сәйкес, өтініш берушілердің өтініштерін қабылдау аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күніндегі жағдай бойынша балл есептеу жүргізіледі.

Балл есептелгеннен кейін тұрғын үйлерді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулы бойынша өтініш берушілердің тізімі «максимальды маңыздан минимальды маңызға қарай» қағидаты бойынша (жиналған баллдың сомасы) құрылып, Комиссия бекітуге тиіс.

Жеке нөмері мен есептелген балл саны көрсетілген, бекітілген өтініш берушілердің тізімі Банктің интернет-ресурсында орналасады. Өтінішке берілген жеке нөмер бойынша Өтініш беруші өзіне қанша балл тигенін Банктің интернет-ресурсынан көре алады.


  1. Жиналған балл санына сай пулдағы пәтер санына қарай Комиссия Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысуға төлем қабілетін растауы тиіс өтініш берушілер санын анықтайды.

  2. Есептелген балл саны бар өтініш берушілердің бекітілген тізімімен бірге Банктің интернет-ресурсына төлем қабілетін растауы тиіс Өтініш берушілерге арналған Банкке интернет-ресурста көрсетілген күннен бастап бір ай ішінде өтініш берушінің төлем қабілетін бағалауға қажет құжаттарды өткізу керектігі туралы ақпарат орналастырылады.

Өтініш беруші Банкке төлем қабілетін бағалауға қажет құжаттарды беру мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш білдірген жағдайда, мерзім Банктің шешімі бойынша 10 (он) жұмыс күнінен артық емес мерзімге ұзартылуы мүмкін. Төлем қабілетін бағалауға қажет құжаттарды беру мерзімін қайтадан ұзартуға болмайды.

  1. Өтініш берушілердің құжаттарын төлем қабілетін бағалаудан өтуі үшін қабылдау, қарастыру Банктің ішкі кредит саясаты мен басқа да ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Тұрғын үй сатып алу үшін төлем қабілетін растамаған өтініш берушілер бойынша артынан сатып алумен тұрғын үй жалдау үшін төлем қабілетін бағалау жүргізіледі.

  3. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қосу үшін басымдылық мынадай ретпен анықталады:

1) заемдар, жиналған тұрғын үй құрылыс жинағы және меншікті қаражат есебінен тұрғын үй сатып алушылар;

2) артынан сатып алумен тұрғын үй жалдаушылар.

Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушылар арасынан жоғарыда көрсетілген топтар ішінде пәтер таңдау (қабаты, орналасуы) бойынша басымдылыққа балл сомасы жоғарырақ Өтініш берушілер ие болады.

18-1. Өтініш берушілердің баллдары бірдей болған жағдайда, тұрғын үй құрылыс жинақ туралы шарттың қайсысы бұрын жасалса, соған басымдық беріледі.

Балл саны мен тұрғын үй құрылыс жинақ туралы шарттың жасалу күні де сәйкес келсе, онда басымдықты кімге беруді Комиссия анықтайтын болады.

19. Тұрғын Төлем қабілетін растаған өтініш берушілер тізімін Комиссия Банктің ішкі құжатында көзделген тәртіппен бекітеді және пәтер бөлінетін күн мен орын туралы ақпаратпен бірге Банктің интернет-ресурсына орналастырылады.

Тұрғын үй төлем қабілетін растаған өтініш берушілер тізімі бекітілген соң Банк белгілеген мерзім ішінде бөлінеді.
2.3. Тұрғын үйді бөлу және Бағдарлама қатысушысы мәртебесін беру тәртібі
20. Тұрғын үйді бөлу рәсімі Банктің интернет-ресурсы арқылы қашықтан қолжетімділік тәсілімен немесе клиент Банкке өтініш жасаған кезде жүргізілуі мүмкін.

Пәтер таңдаған кезде тиісті талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін клиенттерге бөлінетін Құрылыс объектісі бойынша пәтерлердің жоспары беріледі.

Пәтер таңдаған кезде (қабаттылығы, орналасуы) неғұрлым көп балл жинаған Өтініш берушілер басымдыққа ие болады.

Тұрғын үйді бөлу рәсімін жүргізудің толыққанды тетігі Банктің ішкі құжатымен реттеледі.

21. Өтініш берушілер арасында пәтерлер бөлінген соң Банк тұрғын үй құрылыс жинақ шартына Бағдарлама қатысушысының мәртебесін беру туралы қосымша келісім жасайды.

Тұрғын үй жалдаушылармен тұрғын үй құрылыс жинақ шартына кейіннен сатып алумен тұрғын үй жалдау талаптары бар қосымша келісім жасалады.

Қосымша келісім жасалған соң жалдаушы жарналар жинау бойынша төлемдер салмаған жағдайға тұрғын үй құрылыс жинақ жинау бойынша ай сайынғы жарнаның 6 еселік көлемінде кепілдік жарна салуы тиіс.

Кепілдік жарна көлеміне тең не одан артық көлемде жиналған тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы болған кезде кепілдік жарна салудың қажеті жоқ.

Бөлінбей қалған пәтерлер ЖАО-ға беріледі.
2.4. Жалдау шарттарын және тұрғын үйді сатып алу-сату шарттарын рәсімдеу тәртібі

22. Төлем қабілетін қайта бағалау Банктің ішкі құжаттарында көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Өтініш беруші Банкке төлем қабілетін бағалауға қажет құжаттарды беру мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш білдірген жағдайда, мерзім Банктің шешімі бойынша 10 (он) жұмыс күнінен артық емес мерзімге ұзартылуы мүмкін. Төлем қабілетін бағалауға қажет құжаттарды беру мерзімін қайтадан ұзартуға болмайды.

Кейіннен сатып алумен жалдаушылар үшін төлем қабілетін қайтадан растау қажет емес.



  1. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылардың және тұрғын үйді жалға алушылардың ақырғы тізімді Іске асырылатын тұрғын үйде пәтерлерді бөлумен Комиссия бекітеді және Банк Іске асырылатын тұрғын үйдің пайдалануға берілуі туралы хабарлама алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей оны ЖАО-ға жібереді.

  2. Банк берген Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылардың және тұрғын үйді жалға алушылардың тізіміне сай ЖАО Ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген мерзімде мыналарды жүзеге асырады:

- тұрғын үйді сатып алу-сату шарттарын жасау және Банкке уәкілетті мемлекеттік органда тіркелген Іске асырылатын тұрғын үйдегі пәтерге құқық белгілеуші және басқа құжаттарды беру;

- тұрғын үйді жалдау шарттарын жасау және Банкке уәкілетті мемлекеттік органда тіркелген жасалған тұрғын үйді жалдау шарттарының көшірмелерін беру.



  1. Жалдамалы тұрғын үйді сатып алуға тұрғын үй заемын алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау талаптары орындалған соң және Банктен тиісті ақпарат алынғаннан кейін ЖАО сатып алу-сату шарттарын рәсімдеуді және қол қоюды, оларды уәкілетті мемлекеттік органда тіркеуді және тұрғын үйді жалдау жолымен сатып алушы қатысушылар бойынша банктік заем және кепіл шарттарын рәсімдеу үшін оларды Банкке беруді қамтамасыз етеді.

  2. Банк ЖАО-дан уәкілетті мемлекеттік органда тіркелген тұрғын үйге құқық белгілеуші және басқа құжаттарды алған соң Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылар оларды заем алуға қажетті құжаттар пакетімен бірге Банкке береді.

  3. Кредиттік өтінімдерді қабылдауды, қарастыруды және заем беруді Банк Қазақстан Республикасының 07.12.2000 жылғы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Заңына, ішкі кредиттік саясатқа және заем беру мәселелерін реттейтін Банктің басқа ішкі құжаттарына сәйкес іске асырады.

Іске асырылатын тұрғын үйде пәтер сатып алуға заемдарды қамтамасыз етуге Банк міндетті түрде Бағдарлама шеңберінде сатып алынған тұрғын үйді қабылдайды және кепілзаттық қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, Банк талаптарына сәйкес қосымша кепіл беріледі.

  1. Іске асырылатын тұрғын үйде пәтер сатып алуға берілген заем(-дар), жиналған жинақ және меншікті қаражат сомасын Банк пәтер құнының шегінде ЖАО-мен ынтымақтастық туралы келісімде немесе тұрғын үйді сатып алу-сату шартында көрсетілген ЖАО шотына тұрғын үй төлемінің шотына аударады.


2.5. Өтініш берушілер тізіміндегі өтініш берушіні шығару және ауыстыру тәртібі мен талаптары


  1. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушы сатып алу-сату шартын не жалдау шартын жасған сәтке дейін Бағдарлама қатысушысы мәртебесін беру туралы қосымша келісімнің күшін жою және бас тарту туралы өтініш беру арқылы Бағдарламаға қатысудан бас тарта алады. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушыны басқа Өтніш берушіге ауыстыру Комиссия шешімі бойынша тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысуға өтініш берушілер тізімі бойынша келесі өтініш берушілер қатарынан, ал олар болмаған кезде бөлінбеген/босаған пәтерлер ЖАО-ға беріледі.

  2. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушы тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша құқықтары мен міндеттемелерін үшінші тұлғаға берген не тұрғын үй құрылыс жинақ шартын бұзуға өтініш берген жағдайда, Бағдарламаға қатысушы мәртебесі беріле отырып жасалған қосымша келісімнің автоматты түрде күші жойылды деп саналады.

  3. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулдарына қатысу үшін мәлімделген тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының құқықтарын жұбайына (зайыбына) ата-аналарына, балаларына, туған әрі туысқан аға-інілеріне және әпке-қарындастарына/сіңлілеріне берген және белгіленген тәртіппен төлем қабілетін растаған және олар Бағдарлама талаптарына сәйкес болған кездерді қоспағанда Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысу құқығы үшінші тұлғаларға берілмейді.

31-1. Комиссия берілген балдарымен өтініш берушілер тізімін бекіткен соң берілген балдардың азаюына апаратын Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысу талаптарын өзгертуге рұқсат етілмейді.

  1. Тұрғын үйді жалға алып жатқан тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысушы кеңес етілген графикке сәйкес тұрғын үй құрылыс жинақ туралы шарт бойынша 3 (үш) айдың ішінде салым жарнасын салмаса, онда Комиссия шешімі бойынша оны қатысушылар тізімінен алып тастап, тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу тізімінде көрсетілген басқа бір Өтініш берушіге ауыстыруға Банктің құқығы бар.

  2. Жалдау шарты жасалған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде салымға жарналар болмаған және Бағдарлама қатысушысын ауыстыруды талап ететін басқа өзгерістер болған жағдайда қатысушыны ауыстыру мынадай тәртіппен жасалады:

- Банк ЖАО-ға салым жарнасының салынбағаны туралы ақпарат жібереді, соның негізінде ЖАО жалға алушыны пәтерден шығару туралы шешім қабылдап, пәтерден шығару шараларын жүзеге асырады. Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың Пулына қатысушыны ауыстыруды тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың Пулына қатысуға өтініш берушілердің тізімінде көрсетілген жалға алушылардың арасынан Банк жүргізеді, олар жоқ болса, ЖАО І топтың ішінен үміткерлерді анықтайды;

- ЖАО-дан шығару туралы және тұрған ай саны туралы ақпарат алған соң Банк қатысушының кепілді жарнасынан және/немесе жинаған тұрғын үй құрылыс жинағынан Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулы қатысушысының жалдамалы тұрғын үйде нақты тұрғаны үшін өтемақыны ЖАО-ға аударады. Өтемақы сомасы жалдау шарты жасалған күннен бастап тұрған әрбір ай үшін 8 жыл ішінде жинақ жинаудың стандарт талаптарында есептелген салымға ай сайынғы жарнаның бір еселік мөлшері көлемінде есептеледі (Банк жалдаушы жалдамалы тұрғын үйден ерікті түрде шыққан жағдайда да нақты тұрғаны үшін өтемақыны аударады).

Келесі жалдаушы үшін тұрғын үй құнын ЖАО алдыңғы жалдаушыдан алған нақты тұрғаны үшін өтемақының көлеміне азайтады.


  1. Пулдағы пәтер саны Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушылар санынан артық болған жағдайда (Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулынан қатысушыны шығару, Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысудан бас тарту себептері бойынша не басқа себептер бойынша), Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушыларды қосымша іріктеу Банктің интернет-ресурсына қосымша іріктеу туралы ақпарат жарияланған соң Комиссия шешімі негізінде жүзеге асырылады.


2.6. Құрылысты аяқтаудың және (немесе) құрылыс объектісін пайдалануға берудің мүмкін болмауына апарып соқтыратын жағдайлар орын алған кездегі жұмыс тәртібі
34-1. Құрылысты аяқтаудың және (немесе) құрылыс объектісін пайдалануға берудің мүмкін еместігі туралы, оны ауыстыру ұсынысы бар ЖАО хатының негізінде Банк бұл ұсыныспен келіссе, Банктің интернет-ресурсына тиісті хабарландыру орналастырып, Тұрғын үй сатып алушылар мен жалдаушылар пулына қатысушыларға қосымша өтініштер беру арқылы құрылыс объектісін ауыстыруды рәсімдеу туралы хабарлама жібереді. Қосымша өтініштер қабылдау мерзімі – хабарландыруда көрсетілген күннен бастап 3 (үш) айға дейін.

34-2. Тұрғын үй сатып алушылар мен жалдаушылар пулына қатысушы пул бойынша құрылыс объектісін ауыстыруға келісім туралы қосымша өтініш береді.

34-3. Қосымша өтініштер қабылдау мерзімі аяқталған соң Банк ЖАО-мен Ынтымақтастық туралы келісімге құрылыс объектісін ауыстыру туралы қосымша келісім жасайды.

Жаңа құрылыс объектісі бойынша бөлу бұрын берілген балл бойынша жасалады.

34-4. Банктің ауыстырылған объекті бойынша пулға қатысушымен одан кейінгі құқықтық қатынастары тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді іске асыру мәселелеріне регламент белгілейтін Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.
2.7. І топтың қатысушыларына тұрғын үйді іске асыру тәртібі
34-4. ЖАО Бағдарлама талаптарына сай І топтың өтініш берушілерінен өтініштер қабылдап, өтініш берушілердің алдын ала тізімін жасайды және оларды төлем қабілетін растау үшін Банкке жібереді.

34-5. Банк ЖАО жолдамалары негізінде Өтініш берушілердің заем алуға және кейіннен сатып алумен тұрғын үй жалдауға төлем қабілетін бағалайды.

Бағдарламаға қатысу үшін төлем қабілетін бағалау кредит беру талабы мен тәртібіне регламент белгілейтін Банктің ішкі кредит саясатына және басқа да ішкі құжаттарына сәйкес жасалады. Тұрғын үй сатып алу үшін төлем қабілетін растамаған өтініш берушілер бойынша кейіннен сатып алумен тұрғын үй жалдау үшін төлем қабілетін бағалау жүргізіледі.

34-6. Банк берген төлем қабілетін бағалаудан өту туралы хабарламалар негізінде ЖАО Өтініш берушілердің ақырғы тізімін жасап, олардың арасында пәтерлерді бөледі және көрсетілген тізімді Банкке береді. Бұл ақпарат негізінде Банк Ереженің 21-тармағында көзделген тәртіппен Өтініш берушілермен тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына Бағдарлама қатысушысының мәртебесін беру туралы қосымша келісімдер жасайды.

34-7. Құрылыс аяқталған соң ЖАО Ереженің 24-тармағында көзделген тәртіппен тұрғын үй сатып алу-сату шарттарын, жалдау шарттарын рәсімдейді. Одан кейінгі рәсімдер Ереженің 25-28 тармақтарына сәйкес жасалады.

34-8. Тұрғын үй жалдаушылар бойынша Банк жалдау шарты жасалған күннен бастап салымға жарналардың түсуіне ай сайын мониторинг жүргізеді. Жалдаушы ұсынылған кестеге сәйкес тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша 3 (үш) ай ішінде салымға жарналар салмаса, Банк берген ақпарат негізінде ЖАО жалдаушыны шығару туралы шешім қабылдап, жалдаушыны пәтерден шығару шараларын жасайды. Одан әрі ЖАО шығарылған жалдаушыны ауыстырады.

34-9. ЖАО-дан шығару туралы және тұрған ай саны туралы ақпарат алған соң Банк қатысушының кепілдік жарнасынан және/немесе жиналған тұрғын үй құрылыс жинағынан Бағдарлама қатысушысының жалдамалы тұрғын үйде нақты тұрғаны үшін өтемақыны ЖАО-ға аударады. Өтемақы сомасы жалдау шарты жасалған күннен бастап 8 жыл ішінде жинақ жинаудың стандарт талаптарында есептелген ай сайынғы салымға жарнаның бір еселік көлемінде әр тұрған ай үшін есептеледі (Банк нақты тұрғаны үшін өтемақыны Бағдарлама қатысушысы жалдамалы тұрғын үйден өз еркімен шыққан жағдайда да аударады).

Келесі Бағдарлама қатысушысы үшін тұрғын үй құнын ЖАО алдыңғы Бағдарлама қатысушысының нақты тұрғаны үшін алған өтемақы көлеміне азайтады.

34-10. ЖАО І топтың қатысушылары арасында бөлмеген пәтерлер Банкке беріледі. Банктің көрсетілген пәтерлерді бөлу рәсімдеріне Банктің ішкі құжаттары регламент белгілейді.
3-тарау. «Жас отбасыларына арналған баспана» шағын бағыты бойынша тұрғын үйді іске асыру тәртібі


  1. «Жас отбасыларына арналған баспана» бағыты бойынша тұрғын үйді сатып алу кейіннен сатып алумен жалға алу арқылы жүзеге асырылады.

  2. Бағдарламаға қатысу үшін Бағдарламаға қатысуға үміткер төлем қабілеттілігіне бағалау жүргізу үшін Банкке ЖАО жолдамасын береді.

Бағдарламаға қатысу үшін төлем қабілеттілігін бағалау ішкі кредиттік саясатқа және кредит беру талаптары мен тәртібін реттейтін Банктің басқа ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Төлем қабілеттілігін бағалаудан өткені туралы Банк берген хабарламалар негізінде ЖАО Өтініш берушілер тізімін құрастырады және оларды Банкке береді. Аталған ақпарат негізінде Банк Өтініш берушілермен Бағдарлама қатысушысы мәртебесі берілгені туралы тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының қосымша келісімдерін жасайды. Бағдарлама қатысушысы мәртебесі берілгені туралы қосымша келісімдер жасаған кезде Бағдарлама қатысушысы жарналарды жинақтау бойынша төлемдерді салмау жағдайына тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау бойынша ай сайынғы жарнаның 6 еселенген мөлшерінде кепілдік жарна төлейді. Кепілдік жарна көлеміне тең не одан артық көлемде жиналған тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы болған кезде кепілдік жарна салудың қажеті жоқ.

  2. Тұрғын үй пайдалануға берілген соң Бағдарлама қатысушысы кепілдік жарнаны төлегені туралы растамамен тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының қосымша келісімін берген кезде Банк Бағдарлама қатысушыларымен жалдау шарттарын жасайды, оларды мыналар көзделеді:

- жалға алушылардың 8 жылдан артық емес кезеңге нөлдік мөлшерлеме бойынша жалдамалық төлемді (коммуналдық қызметтерге ақы төлеу: электр жарығы, су, жылу, тұрғын үйді күтіп ұстауға мақсатты шығыстар және т.б.) төлеуі;

- жалдамалы тұрғын үйді сатып алу үшін жалға алу шартын жасаған күннен бастап 8 жылға дейінгі мерзім ішінде тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинау міндеттемесі;



- ЖАО жалға алушыныны және оның отбасы мүшелерін жалдамалы тұрғын үйден шығару тәртібі.

  1. Жалдау шарты жасаған кезде Бағдарлама қатысушысы тұрғын үй құрылыс жинақ шартында белгіленген жинақтау мерзімі ішінде тұрғын үй құрылыс жинақтарына жарналар жинақтауды іске асыруға міндеттенеді.

  2. Банк жалдау шарттары жасалған күннен бастап салымға жарналардың түсуіне ай сайын мониторинг жүргізеді. Салымға 3 (үш) ай ішінде жарналар салынбаған жағдайда, Банктің ақпараты негізінде ЖАО жалға алушыныны жалдамалы тұрғын үйден шығару туралы шешім қабылдайды, жалға алушыныны пәтерден шығару рәсімін жүргізеді. Әрі қарай ЖАО қысқа мерзімде шығарылған қатысушыны ауыстыруды іске асырады.

  3. Шығару туралы және нақты тұрған ай саны туралы ЖАО-дан ақпарат алған соң Банк ЖАО-ға қатысушының жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтарынан және/немесе кепілдік жарнадан Бағдарлама қатысушысының жалдамалы тұрғын үйде нақты тұрғаны үшін өтемақыны аударады. Өтемақы сомасы жалдау шарты жасалған күннен бастап тұрған әрбір ай үшін 8 жыл ішінде ақша жинақтаудың стандарты талаптарында есептелген салымға ай сайынғы жарнаның бір еселенген мөлшерінде есептеледі (сондай-ақ Бағдарлама қатысушысы жалдамалы тұрғын үйден өз еркімен шыққан жағдайда да Банктің нақты тұрғаны үшін өтемақыны аударуы солай іске асырылады).

Бағдарламаның одан кейінгі қатысушысы үшін тұрғын үй құнын ЖАО Бағдарламаның алдыңғы қатысушысынан нақты тұрғаны үшін алынған өтемақы мөлшерінде төмендететін болады.

  1. Банк жіберген тұрғын үйді жалға алушылар тізімі негізінде жалдамалы тұрғын үйді сатып алуға тұрғын үй заемын алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау талаптары орындалған соң ЖАО Бағдарлама қатысушыларымен сатып алу-сату шарттарын рәсімдеуді және қол қоюды, олардың уәкілетті мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуін және банктік заем және кепіл шарттарын жасау үшін оларды Банкке беруді қамтамасыз етеді.

  2. Кредиттік өтінімдерді қабылдауды, қарастыруды және заем беруді Банк Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Заңына, ішкі кредиттік саясатқа және заем беру мәселелерін реттейтін Банктің басқа ішкі құжаттарына сәйкес іске асырады.

Іске асырылатын тұрғын үйде пәтер сатып алуға заемдарды қамтамасыз етуге Банк міндетті түрде Бағдарлама шеңберінде сатып алынған тұрғын үйді қабылдайды.

  1. Іске асырылатын тұрғын үйде пәтер сатып алуға берілген заем(-дар), жиналған жинақ және меншікті қаражат сомасын Банк пәтер құнының шегінде ЖАО-мен ынтымақтастық туралы келісімде немесе тұрғын үйді сатып алу-сату шартында көрсетілген ЖАО шотына тұрғын үй төлемінің шотына аударады.


4-тарау. Қорытынды ережелер


  1. Ережеде аталмаған және оған қайшы келмейтін Бағдарламаны іске асыру жұмыстарының тәртібі мен талаптары Банктің ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.

  2. Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (04.07.2012ж. №135 хаттама) жаңа редакциядағы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да пулдарды құру және тұрғын үйді бөлу ережесі күшіне енгенге дейін Банкке өтініш берген 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының қатысушылары «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының қатысушыларына теңестіріледі және солар үшін көзделген талаптарда қызмет көрсетіледі.

Тұрғын үй жалдаушылар бөлігінде пул құру бойынша процедуралар, сондай-ақ Ереженің 17-тармағының, 18-тармағының 2-тармақшасының іс-әрекеті 2013 жылғы 01 қаңтардан бастап төлем қабілеті бағаланатын Өтініш берушілерге қолданылады.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да

Пулдарды құру және тұрғын үйді бөлу ережесінің

1 Қосымшасы


Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға баллды есептеу тәртібі
1. Жалпы балл мынадай формула бойынша есептеледі.
ЖБ = БК * МҚК /1000 +ЖМ*10
ЖБ – жалпы балл;

БК – бағалау көрсеткіші;

МҚК – жинақтың минималды қажетті көлемін жинақтау Бағдарламаға қатысушы ТҚЖ шарты бойынша жинақталған ақшаның минимальды қажетті көлемінің белгіленген мәніне тең қабылданады;

ЖМ – толық айдағы ТҚЖ шарты бойынша іс жүзіндегі жинақтау мерзімі.


2. ТҚЖ туралы бірнеше шарт есебінен тұрғын үй алу жоспарланып отырған жағдайда, ТҚЖ туралы барлық қатысушы шарт бойынша мынадай формулада жалпы балл (ЖБ) есептелінеді:

ЖБ = (БК1 * МҚК 1/1000) + (БК 2 * МРС2/1000) + … (БК n * МҚК n/1000) + ЖМ*10
Бұл жерде ЖМ ТҚЖ туралы шарттың бірінің деректі жинақтауының максимальды мерзімі бойынша анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет