1458 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекіту туралы»



Дата24.02.2016
өлшемі36.5 Kb.
#11860



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы

1458 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 681-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiнде:

14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) уәкiлеттi органның аумақтық органында жыл сайын тіркеліп және аң аулау құқығына рұқсат берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік бажды төлеп, аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгiсi бар аңшылық куәлігi;»;

15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) уәкiлеттi органның аумақтық органында жыл сайын тіркеліп және аң аулау құқығына рұқсат берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік бажды төлеп, аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгiсi бар аңшылық куәлігi;»;

18-тармақтың 2) тармақшасында «суда жүзетiн жабайы құстардан» деген сөздер «құстардан» деген сөзбен ауыстырылсын;

24-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) уәкiлеттi органның аумақтық органында жыл сайын тіркеліп және аң аулау құқығына рұқсат берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік бажды төлеп, аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгiсi бар аңшылық куәлігiнсіз;»;

көрсетілген ережеге қосымшада:

мына:  



«Суыр (боз суыр немесе дала суыры)

15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейiн







Суыр (ұзын құйрықты немесе қызыл, сұр немесе алтайлық-тянь-шаньдық)

1 шiлдеден бастап ұйқыға жатқанға дейiн







Бөдене, кептер (дыркептep, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептер (кәдiмгi, үлкен), шалшықшы (қызғыш, күжiркей, шаушалшық, тауқұдірет, ауылдық тауқұдiретi, маңқы, тау маңқысы, орман маңқысы, үлкен шалшықшы, қасқа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi шырғалақ)

20 тамыз - 30 қараша дейін (аң аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 шiлдеден бастап ұшып кеткенге дейiн бөдене аулау, солтүстiк аймақта 15 шiлдеден бастап, ұшып кеткенге дейiн шалшықшыларды аулау)







Маймаққаз (қара жемсаулы және қызыл жемсаулы), қаз (ақмаңдайлы, қырманқаз, сұр) қарашақаз, үйрек (барылдауық, отүйрек, сарыалақаз, қырылдақ шүрегей, ысылдақ шүрегей, даурықпа шүрегей, бозүйрек, сарыайдар үйрек, қылқұйрық, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуiр, қызыл бас сүңгуiр, көк сүңгуiр, айдарсыз сүңгуiр, айдарлы сүңгуір, ұшқыр үйрек, сусылдақ, қара тұрпан, айдарлы үйрек, секпілтас бейнарық, бейнарық, кiшi бейнарық), қасқалдақ

20 тамыз – 15 желтоқсан аталық үйректерді көктемгі аулауға

1 наурыз - 15 мамыр кезеңiне

15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледі








Құр, жылқышы

1 қыркүйек - 30 қараша аталықтарын көктемгі аулауға 1 наурыз - 30 сәуiр кезеңінде 15 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi







Сібіp тау ешкісі, ciбip елiгi

1 қыркүйек - 31 желтоқсан аталығына 1 тамыздан бастап» деген жолдар







мынадай редакцияда жазылсын:





«Суырлар*

15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейiн







Шалшықшылар, жылқышы

1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін (аталық жылқышыны көктемгі аулауға 1 наурыз- 30 сәуір кезеңінде15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)







Бөдене, кептер, түркептер

20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 шiлдеден бастап ұшып кеткенге дейiн бөдене аулау)







Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақ

1 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін (аталық үйректерді көктемгі аулауға 1 наурыз – 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледі)







Құр

1 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейін (аталық құрларды көктемгі аулауға 1 наурыз - 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледі)







Сібір елігі

20 қыркүйектен бастап

31 желтоқсанға дейін

(аталығына 1 тамыздан бастап)








Сібір тау ешкісі

1 қыркүйектен бастап

31 желтоқсанға дейін

(аталығына 1 тамыздан бастап)»;








мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

«Ескертпе* - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа».



2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет