Косметика өнімдерін емдік, тазалық, сәндік косметикалық бұйымдар деп бөледі. Оларды жоғары сапалы шикізаттардан даярланады. Ондай шикізаттар есебіне майлар және олардың өнімдері, май тәрізді заттар, алифатты спирттер, парафин, әлсіз қышқылдар мен сілтілер, ментол, янтарь және сүт қышқылының эфирлері, ферменттер гормондар т.б. қолданылады. Олар косметикалық қасиеттерді жақсартады. Гигиеналық заттар қатарына лосьондар, сабындар, косметикалық заттарға сусабын, кремдерді жатқызады. Сабын - Табиғи сабынды жасаудың белгілі әдісі
- бар соның ішінде судың температурасы
20-25°C атмосфералық қысымда карбонаттардың немесе гидрокарбонаттардың, сілтілік пен сілтілік жер металдарының , сонымен қатар пайдалы қоспалар дәрілік өсімдіктердің су, май, көмір қышқыл сығындылары және олардың құрғақ ұсақ дисперсті ұнтақтары мен галенді қайнатпасы қолданылады . - Ең пайдалы табиғи сабын Ганда өндірілетін какао мен пальмаядролы майынан жасалған сабын болып табылады. Табиғи сабынды еріген майдан, каустикалық содадан, эфир майларынан, сақардан т.б. жасайды.
- Еріген майдан (сиыр, шошқа т.б.) - өте қатты аппақ сабын алуға болады. Ол көбікке тұрақтылық және жұмсақтық қасиет береді, кокос пен оливко майларымен жақсы сәйкес келеді. Бұл табиғи сабынның классикалық негізгі бөлігі болып табылады.
- Каустикалық сода (натрий гидроксиді) – бұл ақ түсті қатты зат, ұстағанда сабын сияқты. Ол көп мөлшерде жылу шығарып суда жақсы ериді және өте күшті химиялық қосылыс. 1% ерітіндінің рН деңгейі 13. Сабын жасау кезінде майлы фазаға енгізіп, қатты күйдірілген сабын жасау үшін қолданылады.
- Иіс сабын құрамына белгілі бір функцияларды орындайтын әр түрлі ингридиеттерден тұрады.
- 1.Антиоксиданттар. Сабын құрамында жоғары қанықпаған қышқылдардың көп мөлшерде болуы сабынның иілгіштігін және ерігіштігін жоғарлатады, бірақ оның жылдам тотығуына себепші болады. Сондықтан сабын құрамында актиоксиданттар енгізеді. Бұл келесі заттар: көп атомды фенолдар, лецитин, прополис,т окоферолдар, каротиноидтар.
- 2.Толықтырушылар. Пигмент-толықтырушылар ретінде сабынның құрамына титан диоксидін немесе мырыш оксидін енгізеді. Сабынға қаттылық пен кейбір абразивтілікті каолин, ұсақталған құм және пемза береді. Арзандату мақсатында бор, алюминий оксиді, коллоидты кремнезем сияқты минералды толықтырғыштар енгізіледі, оларды алдын ала минералды толықтырғыштарды майлы қышқылдармен модификациялайды.
- 3.Пластификаторлар-байланыстырушылар ретінде полимерлерден крахмал, казеин, соя ұны, полиэтилен оксидтері қолданылады. Сабынның жарықшақтануға тұрақтылығын малеин қышқылы негізінде сополимерлер арттырады.
- 4. Көбік түзуді күшейтетін заттар.Көбік түзу мен жуғыш қабілетті ЭДТА, НТА цитраттарын, амин қышқылдарының тұздарын, адипин және шарап қышқылдарының тұздарын енгізгенде арттырады.
- 5.Диспергаторлар. Иіс сабындардың кермек суда эксплуатациялық қасиеттерін сақтауы үшін олардың құрамына синтетикалық беттік активті заттар –кальций сабынының диспергаторларын қосады. Диспергаторлар ретінде май қышқылдарының моноглицерид және алкиламид сульфаттары т.б.қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |