15 сәуір. Махаббат туралы көркем ойлар Махаббат туралы қалам тербемеген ақын-жазушы жоқ шығар. Әркім бір-біріне ұқсамайтын әдемі ойлар айтады. Олай болса, сол кісілердің сөздеріне құлақ түріп көрелік



жүктеу 27.71 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі27.71 Kb.
15 сәуір. Махаббат туралы көркем ойлар

Махаббат туралы қалам тербемеген ақын-жазушы жоқ шығар. Әркім бір-біріне ұқсамайтын әдемі ойлар айтады. Олай болса, сол кісілердің сөздеріне құлақ түріп көрелік.

♥ Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,
   Көзбен көр де, ішпен біл. Абай

♥ Махаббатта бір-ақ формула бар, ол – тұрақтылық. Ә. Нұршайықов

♥ Менің дінім - махаббат. О. Сүлейменов

♥ Махаббат жоқ жерде болашақ та жоқ. І. Есенберлин

♥ Сайып келгенде әр адам – өз махаббатының бағбаны. Солып қалмауы үшін қай гүлге қашан су құю керектігін бұлжытпай білетін бағбан тәрізді адам өз махаббатының үнемі жайқалып тұруына тынбастан жағдай жасап тұруы тиіс. Ә. Нұршайықов

♥ Қайырымды, асқақ, күшті және жүрекке жылы нәрсе атаулының бәрін махаббат тудырады. Ф.Э.Дзержинский

♥ Сүйікті болу – бай болудан артық, өйткені сүйікті болу – бақытты болу деген сөз. К. Тилье

♥ Достық пен махаббат – екі ұлы сезім адамды мүлде өзгертіп жібереді. Жан Поль

♥ Адам аң да емес, періште де емес: айуанша да, қиялдап та емес, адамша сүюге тиіс. В.Г. Белинский

♥ Адамның ақылы жеткен асқан парасаттылық – әйелді сүйе біліп, оның жан сұлулығына табыну. Жер бетіндегі сұлулық атаулының бәрі әйелге деген сүйіспеншіліктен туған. М. Горький

♥ Махаббат дегеніміз – қажеттілік пен сезімнің ұласуы. О. Бальзак

♥ Жек көрудегі сияқты, махаббатта да азап, рақат, қуаныш, қайғы, қорқақтық пен батылдық, тіпті, ыза мен өшпенділік секілді әр алуан сезімдер ұштасып жатады. К. Д. Ушинский



♥ Адам қалауының үш қайнары бар, олар: жан, сана және тән. Жан қалауынан достық, сана қалауынан сыйлау, тән қалауынан құмарлық туады. Осы үшеуінің қосылуынан махаббат пайда болады. («Шабдал бұтақтары» кітабынан)

♥ Біз біреуге сүйікті болу жолында күресеміз, оның себебі өзімізді сүюдің тағы бір себепкерін табу. Дени Дидро

♥ Өзін-өзі ұстай білу, өзін-өзі тәртіпке сала білу – құлдық емес, олар махаббатқа да қажет. В.И. Ленин

♥ Махаббат құдіреті – жер жүзіндегі күллі ізгілік, тазалық, риясыздық атаулының қайнар көзі. Ж. Сталь

♥ Махаббат – адам жанын бағындыру үшін керек бірден-бір құрал. К. Д. Ушинский

♥ Махаббатта да майдандағыдай әркімнің өз тағдыры бар. Т. Драйзер

♥ Азап пен мехнатты адал махаббат жеңеді. Ф. Шиллер

♥ Махаббат жалғыз да, ал оның жалған түрі мыңдап саналады. Ф. Ларошфуко

♥ Махаббаттың құдіреттілігі соншалық, ол біздің өмірімізді де қайта жасай алады. Ф. М. Достоевский

♥ Махаббатқа жетпейді өлең-жырдың өресі,

   Махаббаттың өзі ғой өлеңдердің төресі. А. С. Пушкин



♥ Махаббат атаулының қай-қайсысы да баста емес, жүректе болғанда ғана – ақиқат әрі тамаша. В.Г. Белинский

♥ Жүректің өз заңдары бар, бірақ, олар толық жүйелі кодекс құрастыра қоятындай заңдар емес. В.Г. Белинский

♥ Өлім үрейінен сүйіспеншілік күштірек. У. Шекспир

♥ Жек көре білмеген сүйе де білмейді. М. Горький

♥ Қорқақ махаббатқа қабілетсіз, махаббат – ер жүректің үрдісі. М. Ганди



♥ Махаббатта қорқыныш жоқ, толысқан махаббат үшін қорқыныш түк емес. А.А. Блок

♥ Ешқашан достық та, махаббат та іздемеген адам сол екеуін де жоғалтқан адамнан гөрі мың есе сорлы. Жан Поль


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет