«18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттiк қызметтi мекенжайларының тiзбесi осы «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар



бет1/8
Дата02.07.2016
өлшемі0.95 Mb.
#172246
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
2011 жылғы 7 сәуiрдегi  
№ 394 қаулысымен   
бекiтiлген        

«18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi мекенжайларының тiзбесi осы «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi – стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi. Тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi орган болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттiк қызмет алу үшiн кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiне (бұдан әрi – ауылдық округтiң әкiмi) жүгiнедi.


      Сондай-ақ мемлекеттiк қызмет баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – орталық) арқылы көрсетiледi. Орталық мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекiтiлген Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесiнiң 2-тарауы негiзiнде ұсынылады.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, уәкiлеттi органның, ауылдық округ әкiмiнiң, орталықтың стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады, сондай-ақ нөмiрлерi осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң телефоны арқылы алуға болады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi өтiнiш берушiге 18 жасқа дейiнгi балаларға жәрдемақы тағайындау туралы қағаз жеткiзгiштегi хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға: 18 жасқа дейiнгi балалары бар, отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлiк себетi құнынан төмен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға (бұдан әрi – тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
      уәкiлеттi органға – он жұмыс күнi iшiнде;
      тұрғылықты жерi бойынша ауылдық округ әкiмiне – күнтiзбелiк отыз күннен аспайды;
      орталыққа – күнтiзбелiк он күн iшiнде (мемлекеттiк қызметке құжат қабылдау және беру (нәтиже) күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң жол берiлетiн ең көп уақыты бiр тұтынушыға қызмет көрсетуге уәкiлеттi органда, ауылдық округтiң әкiмi 15 минуттан, орталықта 30 минуттан есептегенде кезектегi адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет тұтынушыға қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең көп уақыты уәкiлеттi органда, ауылдық округтiң әкiмi 15 минуттан аспайды, орталықта – 30 минут.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Уәкiлеттi органның немесе ауылдық округ әкiмiнiң жұмыс кестесi: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады.
      Орталықтың жұмыс кестесi: күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз, орталық филиалдары мен өкiлдiктерiнде – демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз «электронды» кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерiмен ақпараттық стендiлер бар, мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген уәкiлеттi органның немесе ауылдық округ әкiмiнiң үй-жайында;
      залда анықтама бюросы, кресло, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерiмен ақпараттық стендiлер орналастырылған, мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген орталықтың үй-жайында көрсетiледi.
      Уәкiлеттi органның, ауылдық округ әкiмiнiң және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiк, оның iшiнде өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келедi, үй-жай режимi – еркiн.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет алу үшiн мынадай құжаттарды тапсырады:


      1) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгiнiң (куәлiктерiнiң) көшiрмесi (көшiрмелерi);
      3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      4) отбасының тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi (азаматтарды тiркеу кiтапшасының көшiрмесi не мекенжай бюросының анықтамасы не ауылдық округ әкiмiнiң анықтамасы);
      5) белгiленген үлгiдегi отбасының құрамы туралы мәлiметтер;
      6) белгiленген үлгiдегi отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтер;
      7) асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) тиiстi органның асырап алу немесе баланы қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алу туралы шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн ұсынады.
      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады. Балаларға арналған жәрдемақыны алу құқығы тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.
      Ата-анасының бiреуi, қорғаншылары немесе қамқоршылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiшпен баруға басқа адамдарға өкiлеттiк беруге құқылы.
      12. Уәкiлеттi органда және ауылдық округ әкiмiнде өтiнiштердiң нысандары күту залындағы арнайы тағанда не құжат қабылдайтын қызметкерде болады.
      Орталықта бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда орналасады.
      13. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн қажеттi өтiнiштiң толтырылған нысаны мен басқа да құжаттар заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органның жауапты адамына немесе тұрғылықты жерi бойынша ауылдық округтiң әкiмiне тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмiрi туралы мәлiметтер уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi ақпараты орналастырылған стендiсiнде орналастырылған.
      Мемлекеттiк қызмет орталық арқылы көрсетiлгенде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда «терезелердiң» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
      14. Барлық қажеттi құжаттар тапсырылғаннан кейiн тұтынушыға:
      1) уәкiлеттi органда немесе ауылдық округтiң әкiмiнде – мемлекеттiк қызметтi тiркеу және алу күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген, құжаттардың тапсырылғанын растайтын талон берiледi;
      2) орталықта:
      өтiнiштiң нөмiрi және қабылданған күнi;
      сұралатын мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;
      құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      15. 18 жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама беру:
      уәкiлеттi органға немесе ауылдық округтiң әкiмiне жеке өтiнiш жасағанда не пошталық хабарлама арқылы;
      орталыққа өтiнiш бергенде қолхат негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде «терезе» арқылы күн сайын жүзеге асырылады.
      16. Уәкiлеттi орган:
      1) егер әкесi немесе анасы (асырап алушылар) бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылар) жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, әскерде қызметiн өткермейтiн және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелмеген болса;
      2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлiк себетiнiң белгiленген құнынан асып түскен жағдайда жәрдемақы тағайындаудан бас тартады.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсетудi тоқтату үшiн мыналар негiздеме болып табылады:
      1) баланың қайтыс болуы;
      2) баланы толық мемлекет қарауына алу;
      3) өтiнiш берушiнiң жәрдемақыны заңсыз тағайындауға әкеп соқтыратын жалған мәлiметтердi беруi;
      4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгiленген жағдайларда ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу, асырап алуды заңсыз деп тану немесе жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өздерiнiң мiндеттерiн орындаудан босату немесе шеттету.
      Мемлекеттiк қызметтi орталық арқылы көрсеткен кезде уәкiлеттi орган жоғарыда аталған себептер бойынша бас тарту себебiн жазбаша дәлелдейдi және құжаттар пакетiн алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде қайтарады және кейiннен тұтынушыға беру үшiн орталыққа жiбередi.
      Құжаттардың ресiмделуiнде қателер анықталған кезде, осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетiн толық ұсынбаған және құжаттар дұрыс ресiмделмеген жағдайда құжаттар пакетiн алған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде қайтарады және кейiннен тұтынушыға беру үшiн орталыққа жiбередi.
      Мемлекеттiк қызметтi тоқтата тұру үшiн негiздемелер көзделмеген.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның, ауылдық округ әкiмiнiң және орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпараттың берiлуiн, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Уәкiлеттi органның, ауылдық округ әкiмiнiң және орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданудың тәртiбiн түсiндiретiн және шағымды дайындауда жәрдем көрсететiн мемлекеттiк органдардың атаулары, олардың заңды мекенжайлары, электронды поштасының мекенжайлары, телефон нөмiрлерi осы стандартқа 1, 4, 5-қосымшаларда көрсетiлген.


      Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданудың тәртiбi осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметтерiнiң телефондары бойынша түсiндiрiледi.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесi, телефондары, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 5-қосымшада көрсетiлген аталған мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкiлеттi орган басшысының атына берiледi.
      22. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым кабинет нөмiрi уәкiлеттi органның, облыс әкiмi аппаратының, орталықтың стендiсiнде көрсетiлген уәкiлеттi органның, облыс әкiмi аппаратының, орталық басшысының атына немесе ауылдық округ әкiмiне берiледi. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, облыс әкiмi аппаратының және орталықтың телефоны мен мекенжайы осы стандартқа 1, 2, 6-қосымшаларда көрсетiлген.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға өтiнiш берушi қол қоюға тиiс. Шағым бергенде әрекетiне шағым жасалатын субъектiнiң атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш және талап беру себебi көрсетiледi.
      25. Жазбаша шағым берген тұтынушыға жауап алу күнi және уақыты, шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесi, № 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, интернет-ресурс: www.enbek.gov.kz.

«18 жасқа дейiнгi балалары бар   


отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар 
тағайындау» мемлекеттiк қызмет  
стандартына 1-қосымша        

Уәкiлеттi органдардың тiзбесi

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi

Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электронды поштаның мекенжайы)

Телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 81 akkol_ozsp@mail.ru

8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесi, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесi, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесi, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесi, 19 bulandy_rozsp@mail.ru

8-71646 2-14-26




6

Егiндiкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 6 egindykol_ozsp@mail.ru

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшiлдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Еңбекшiлдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесi, 64 oz_sp.enbek@bk.ru

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесi, 87 eremzsp@mail.ru

8-71633 2-37-44

9

Есiл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Есiл ауданы, Есiл қаласы, Қонаев көшесi, 5 esil_sobes@mail.ru sobes@kokshetau.online. кz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Достық көшесi, 3 soc_zahita_21@kokshetau.online.kz socasp@mail.ru

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесi, 32 rusz_irk@kokshetau. оnline.kz

8-71648 9-17-02

12

Зерендi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Зерендi ауданы, Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 64 sobes_zer_08@mail.ru

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесi, 9 kszn@kokshetau.online.kz

8-71637 2-11-83




14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Ленин көшесi, 117 Sondyktau_OZSP @kokshetau.online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15 otdelakmol@mail.ru

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Шортанды ауданы, Шортанды кентi, Абылайхан көшесi, 22 shortsobes@mail.ru

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесi, 24 soczachita@ kokshetau. оnline.kz

8-71636 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Степногор қаласы, 4-шағын аудан soc_progr@mail.ru

8-71645 6-26-33 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Көкшетау қаласы, Локомативная көшесi, 9 а Sobes_kokshe@kokshetau.оnline.kz

8-71623 1-92-76 1-92-78

Ақтөбе облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi

Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электронды поштаның мекенжайы)

Телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Әйтеке би ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесi, 10 aitekebi_ozisp@mail.ru

8-71339 2-12-18 2-14-69

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда,аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Алға ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Алға ауданы, Алға қаласы, Сейфуллин көшесi, 17 alga_zanytos@mail.ru

8-71337 3-11-52 3-14-07

3

Байғанин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Байғанин ауданы, Байғанин кентi, Қонаев көшесi, 37 aset2306@mail.ru

8-71345 2-25-73 2-24-33

4

Ырғыз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ырғыз ауданы, Ырғыз кентi, Әбiлхайыр хан көшесi, 52 irgizsobez@mail.ru

8-71343 2-14-81 2-16-50

5

Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Патсайы көшесi, 11а kargala_zzsp@mail.ru

8-71342 2-22-98 2-27-31

6

Қобда ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Қобда ауданы, Қобда кентi, Әбiлхайыр хан көшесi, 47 hobda6161@mail.ru hobda_sobes@mail.ru

8-71341 2-13-24 2-10-06

7

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесi, 38 kazaevanatalja@mail.ru

8-71331 2-16-37 2-28-15

8

Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Шынтасов көшесi, 2 zhamald@mail.ru

8-71333 3-62-02 3-68-62

9

Темiр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Темiр ауданы, Шұбарқұдық кентi, Байғанин көшесi 13 temir-sobes@mail.ru

8-71346 2-30-93 2-22-95

10

Ойыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесi, 69s_nauyrizbaev@mail.ru

8-71332 2-19-42 2-19-45

11

Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Жеңiс даңғылы, 4 hromtay_s@mail.ru

8-71336 2-16-57 2-18-63

12

Шалқар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Үргенiшбаев көшесi,13 shalkarsobes77@yandex.ru

8-71335 2-30-11 2-15-77

13

Ақтөбе қ. жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030000, Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көшесi, 289 А

87132
51-22-49, 51-64-18


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет