№184. 11 қазан Пердебайқызы Ж



Дата23.02.2016
өлшемі14.82 Kb.
#6405
Айқын. - 2014. - №184. – 11 қазан

Пердебайқызы Ж.


Сәкен деп жырлаған жүректер
Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде сұңқар ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл толуына орай «Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім» атты республикалық мүшәйра, мәнерлеп оқу сайысы мен сахналанған қойлым прмьерасы болып өтті.

Естеріңізде болса, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұжымы Ғылыми кеңестің 9 қаңтар 2014 жылғы шешімімен биылғы жылды «Сәкен жылы» деп жариялаған болатын. Оқу ордасының студенттері Сәкендей тұғыры биік тұлғаның мұраларын, шығармашылығын жан-жақты насихаттап, баба рухына тағзым ету мақсатында барлық жастарды осы шараға жұмылдыруға үндеген еді. Осыған орай, жыл бойына университет қабырғасында бір қатар кешенді шаралар өт кізілді.

Мүшәйраның мақсаты республикалық деңгейдегі жастардың басын біріктіріп, патриоттық сезімдерін, азаматтық бел сенділіктерін шыңдау.

Елге танымал ақындарымыздан құралған қазылар алқасы сайысты қорытындылап, үздіктерді анықтады. Жүлделі орындарға ие болған ақындардың өлең дері университет қолдауымен жарық көретін жинаққа енгізілмек. Байқауда Алматы, Атырау, Көкшетау, Шымкент, Астана, т.б қалалардан келген жас ақындар бақ сынасты.



Кеш ары қарай С.Сейфуллиннің лирикалық леңдеріне арналған «Аққулар ұйықтағанда» мәнерлеп оқу сайысымен жалғасты.

Сондай-ақ университеттің «Ақ желкен» студенттік театрында «Жолайрықта» спектаклі қойылды. Сценарийді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ғазиз Ештанаев жазса, қойылымды қойған режиссер Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрының актері Қуандық Қыстақбаев. Сәкен рөлін университеттің Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің студенті Бауыржан Жақсыбаев ойнаса, Мағжан Жұмабаевтың рөлін экономика факультетінің студенті Aлібек Мырзақұлов алып шықты. Кеш соңы көңілді ән-жырға ұласты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет