1910 жылы Арғынбаев Әбдірахман деген кісінің медресесінен дәріс алады. 1913-1914



бет2/3
Дата30.01.2024
өлшемі30.64 Kb.
#490239
1   2   3
Бейімбет Майлин

«Шұғаның белгісі» — Бейімбеттің көлемді де көркем тұңғыш туындысы, қазаң прозасының татымды үлгілерінің бірі. Повесте ескі қазақ қоғамындағы ең өткір мәселе — әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірін-бірі сүйген екі жастың — Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық халі айтылады. Шұғаның әкесі Есімбек бай қызын кедей жігіті Әбдірахманға бергісі келмей, жастардың кездесуіне тыйым салады. Бұдан кейін түрлі жаланы сылтау етіп, Әбдірахманды жер аудартады. Осындай қатыгез зорлыққа душар болған Шұға қайғыдан, күйіктен қайтыс болады. Повестің мақсаты — жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерді сынау… Жастардың бас азаттығын көксеу, бүған кедергі келтіретін әдеттерді батыл таңбалау — XX ғасыр басындағы демократиялық қазақ әдебиетіндегі басты сарындардың бірі еді. «Шұғаның белгісі» повесінде оқиғалық өрілімдер, кейіпкерлердің мінездемелері, диалогтер, сезім, көңіл күйлері Қасым деген адамның әңгімесі болып беріледі. Мұндай әңгімелеу мәнері халық прозасының қалыпты баяндау тәсіліне жақын. Бірақ қаһармандар мінезі мен әлеуметтік жағдайды талдау шығарманың реалистік жазба әдебиет дәстүрінде жасалғанын көрсетеді. Шұғаның да, Әбдірахманның өздеріне тән және дара сипаттары танылады. Шұға — айтқан сертіне берік, сезімі мөлдір, пәк махаббатты қастер тұтатын жан. Ол өмір күресіне түсіп шыныңпаған, зорлыңңа ңарсы көрсетер дәрмені жоқ, озбырлыққа деген наразылығын ішінде сақтайтын биязы мінезді қыз.
Оның мүндай халі Қасыммен арасындағы төмендегі диалогтерден айқын көрінеді:
«- Жайың қалай, тәуірмісің?
Тәуір емеспін, — деді. Көзіме көзі түсіп кетіп, қамыққандай болды… — Тәуір емеспін. Тәуір болуды тілемеймін де. Сәлем, сәлем айт, — деді. Жылап қоя берді. Жастығының астына тығылған орамалымен көзін сүртті.- Тірі келсе, көресің ғой, бірақ мен…
— …Бәріміз де көреміз. Ажарыңыз тәуір ғой, жазыларсыз, — дедім.
— Жазылып керегі не? Бәрібір мен баңытты бола алмаймын. Әкем аяса, менің дертім жанына батқан соң аяп отыр. Ертең сауықсам, қайта күйсеуден тайынбайды…»
Шұғаның бұл сөздерінен сүйгені Әбдірахманнан айырылуды өмірге деген үміт отының сөнгені деп санайтындығы сезіледі. Жазушы қыздың ішінде қайнаған өртті қарапайым, табиғи тілмен-ақ білдірген. Повесть қаһармандарының бірі — Әбдірахман бейнесі де ескі ңазаңы ауыл арасынан шыңңан көзі ашық, көңілі сәулелі жастардың келбетін танытады. «Шұғаның белгісі» — жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма.
Бейімбет Майлиннің 20-30-жылдарда жазған көптеген әңгімелерінде, хикаят, очерктерінде қазақ байларының егіндік, шабындық жерлерін бөліске салу, мал-мүлкін кәмпескелеу кезінің шытырман шындығы елестейді. Ол қазақ колхоздарының алғашқы кездегі өмір жолдары, еңбекші адамның санасындағы объективтік жағдайлар туғызған өзгерістер жайында аса мәнді шығармалар жазды. Оның ауыл тіршілігінің алуан ңырын елестететін әңгімелері, очерктері, повестері өмір материалын жанжаңты ңамтуымен, шыншылдығымен, адам мінезін даралап көрсетуімен ерекшеленеді. Ол Қазаңстан тарихындағы бетбүрыс заманның — жаппай ұжымдастыру заманының ең ірі жыршысы. Талай ақиқат оқиғалар, характерлер, адамдардың қарым-қатынас, ыңылас сырлары Бейімбет Майлин шығармаларында бүкпесіз, шынайы қалпында елестейді. Оның туындыларынан өмірден ойып алынған іс-әрекеттер, адам мінездері сөйлейді. Суреткердің өмір диалектикасына толы туындылары Қазақстанда социалистік құрылыстың қандай қиындықтарды бастан кешіргенінен мол да анық дерек береді. Оның суреткерлік қуаты «Қара шелек», «Үлбосын», «Даудың басы — Дайрабайдың көк сиыры», «Арыстанбайдың Мүңышы», «Колхоз қорасында» (1930), «Қызыл әскердің үйі» (1931), «Әміржанның әңгімесі» (1932), «Он бес үй» (1933), «Берен» (1935), «Қырманда» (1936) сияқты әңгімелері мен повестерінде, «Азамат Азаматыч» романында айрықша аңғарылады.
Бейімбет Майлин өз шығармашылығында халық өмірінің түрлі торабын қамтыған. Оның шығармалары жазушылық өнер үшін халықпен күшті байланыста болудың, ел өмірін бес саусағындай біліп отырудың қаншалық маңызды шарт екенін айқын танытады. Суреткерлік ең үлкен парыз — заман шындығының жаршысы бола білуі, халық тіршілігін анық, толық бейнелеуі Бейімбет Майлиннің өшпес еңбегі.
Ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесін ол терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімелейді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет