1931 жылы 16 тамыз. Алматы



Дата26.02.2016
өлшемі178.94 Kb.
#26877
„ҚАУЛЫ
1931 жылы 16 тамыз. Алматы.
Мен, ОППП ОГПУ-дің 3 бөлімінің КССР-дегі өкілі Лаптев астыртын ұйым құрған қазақ ұлшылдарының үстінен қозғалған № 2370 іс бойынша ҚІК-нің 58-7, 58-11 және 59 баптарымен қамауға алынған Тынышбаев Мұқаметжанның, Қожамқұлов Наширдың, Қордабаев Рамазанның, Серікқанов Нәрібектің, Сұлтанқұлов Насырдың,Мұсаев Шынәлидің, Ахметов Ілиястың, Қадырбаев Сейиазымның, Досмұхамедов Халелдің, Ақбаев Жақыптың, Мурзин Мұхтардың, Ақбаев Әбдіхамидтің, Сүлеев Біләлдің, Кемеңгеров Қошмағамбеттің, Омаров Әшімнің, Қашқымбаев Исаның, Ермеков Әлімқанның, Бұралқиев Мұстафаның, Әуезов Мұхтардың, Күдерин Жұмақанның, Меңгелин Алдабергеннің, Кенесарин Әзімханның, Досмұхамедов Жаһаншаның, Мұхаметшин Сейдахметтің, Омаров Уәлиханның, Ысқақов Джаниялдың, Қожықов Қоңырқожаның, Мұңайтбасов Әбдірахманның, Тілеулин Жұмағалидың, Үмбетбаев Алдабергеннің тергеу ісі ОПК-тің 616 бабында көрсетілген уақыттан асып кеткенін еп.ац отырып, жоғарыдағы ұйымға қатысы бар жаңа айыпкерлердің іске тартылуына және соған орай қалыптысқан жағдайға байланысты тергеу жұмысын аяқтап үлгеру мүмкін емес болғандықтан да:

№2370 іс бойынша тергеуге тартылған жоғарыдағы айыпкерлерді 1932 жылдың қараша айына дейін қамауда ұстауға Қаулы етемін. Бұ жөнінде тергеу жұмысын бақылайтын ОГПУ-дің аймақтық прокурорына хабарланды. 3 бөлімнің өкілі Лаптев.

Келісемін: ОПП ОГПУ-дің бастығы Хоростяк.

БЕКІТЕМІН: Кастев, Мариновский (Үштіктің мүшелерінің қолдары анық танылмады – Т.Ж.).

ҚАУЛЫ

29 қазан, 31 жыл. Алматы қ.



ПП ОГПУ-дің ерекше бөлімінің ерекше өкілі Попов.

№ 23-70 іс бойынша жауапқа тартылған: Меңгелин Алдабергеннің, Кенесарин Әзімханның, Исаев Абылдың, Қашқынбаев Исаның, Бүркітов Кенжеғұлдың, Сәрсенбаев Дәлелдің, Ақаев Серікбайдың, Қожықов Қоңырқожаның, Қияқов Жүністің, Токин Хамиттің, Түркібаев Иістібектің, Әлімқанов Фазылқазының, Ақбаев Кәмілмұраттың, Нұрымов Ғаббастың, Қадырбаев Құшлмұқамедтің, Ордабаев Рамазанның, Сұлтанқұлов Досмұхамедтің, Итугенов (?) Садықтың сотқа тарту үшін айғақтардың жеткіліксіз болғандықтан да ОПК-ның 202 бабына сәйкес Қаулы етемін:

Қылмыстарын дәлелдейтін нақты айғақтардың жеткіліксіздігіне байланысты аталған айыпкерлердің тергеу ісі тоқтатылсын. Бұл жөнінде Тергеу жұмысын бақылайтын ОГПУ-дің аймақтық прокурорына хабарланды.

ООП-тің өкілі Попов.

Келісемін. Бастық үшін Молохов”.

20 сәуір. 32 жыл. ПП ОГПУ-дің Қазақстандағы өкілетті өкілдерінің №11 отырысының қаулысы.



  1. №2370 іс бойынша Тынышбаев Мұхаметжан, Досмұхамедов Халел, Досмұхамедов Жаһанша ҚК-нің 58-10,58-7,58-11,59-03 баптары бойынша, Үмбетбаев Алдаберген ҚК 59-07, 11 баптары бойынша, Мурзин Мұхтар 59-7,11 баптары бойынша, Мұңайтбасов Әбдірахман 58-4,58-7,11 баптар бойынша, Кемеңгеров Қошмұхамед, Бұралқиев Мұстафа 58-10,11 баптар бойынша, Күдерин Жұмақан, Қожамқұлов Әшім 58-11 бабы бойынша, Ақбаев Әбілхамит 58-11,59-з ьартары бойынша, Ақбаев Жақып 58-10,59-3 баптары, Қадырбаев Сеиазым 58-7,11, 59-3, Омаров Әшім 58-7,10,11 бап, Тілеулин Жұмағали 58-2, Ермеков Әлімхан, Әуезов Мұхтар 58-7,10,11 баптар бойынша, Омаров Уәлихан, Сүлеев Біләл 58-11, Ысқақов Даниял 58-10,11 баптары бойынша айыптары тыңдалып, Қаулы етілді:

Тынышбаев Мұхаметжан, Досмұхамедов Халел, Досмұхамедов Жаһанша, Үмбетбаев Алдаберген, Мурзин Мұхтар, Мұңайтбасов Әбдірахман, Кемеңгеров Қошмұхамед, Бұралқиев Мұстафа, Күдерин Жұмақан, Қожамқұлов Әшім, Ақбаев Әбілхамит, Ақбаев Жақып, Қадырбаев Сеиазы, Омаров Әшім, Тілеулин Жұмағали 5 жылға кесіліп, коцлагерьге жэіберілсін. Мерзімдері: Тынышбаевтің мерзімі 30-жылдың 3 тамызынан,Досмағамбетов Халелдің, Мурзин Мұхтардың, Ақбаев А.,Ақбаев Ж., Қадырбаев С.,Омаров Ә. Мерзімдері 30-жылдың 14 қыркүйегінен, Досмұхамедов Жаһаншаның мерзімі 31 жылдың 31 қазанынан, Үмбетбаев А. Мерзімі 31-жылдың 3 шілдесінен, Мұңайтбасов А. 31-жжылдың 23 сәуірінен, Кемеңгеров Қ., Бұралқиев М., Күдерин Ж., Қожамқұлов А. Мерзімі 30 жылдың 7 қазанынан, Тілеулин Ж. Мерзімі 30 жылдың 2 тамызынан бастап есептелсін. Ермеков Әлімхан мен Әуезов Мұхтар 30 жылдың 8 қазанынан бастап 3 жыл бас бостандығынан айырылсын. Е;рмеков пен Әуезовке шартты кесім берілсін. Омаров Уәлихан, Сүлеев Біләл, Ысқақов Даниял түрмеден босатылсын. (Қолы). «Бақылауға алынсын» - деген тағы бір қол бар.

1 том, 457 бет. Қамауға алынғандардың тергеу мерзімін ұзарту туралы. 20 қараша, 1930 жыл. Алматы.

ПП ОГПУ-дің ерекше бөлімінің 1-бөлімшесінің бастығы:

Тергеу жүргіз ісі туралы УПК-нің 116 бабына сәйкес №2370 іс бойынша УК-тің 58-7,58-11,59-3 баптарымен қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық ұйымын құрғаны үшін азаматтар: 1. Тынышбаев Мұхаметжанның, 2.Мурзин Мұхтардың, 3.Мырзабаев Рамазанның, 4.Ақбаев Әбілхамиттың, 5.Ақбаев Мұраттың, 6.Омаров Әшімнің, 7. Қадырбаев Сейтазымның, 8. Омаров Ғаббастың, 9. Сұлтанқұлов Атбасардың,10. Ыбыраев Абылдың, 11.Сырттанов Дәрібектің, 12. Токин Хамиттың, 13.Досмұхамедов Халелдің, 14. Мұсаев Шынәлидің, 15. Ақаев Серікбайдың, 16. Ахметов Ілиястың, 17. Ермеков Әлімханның, 18.Қожамқұлов Наширдың, 19.Күдерин Жұмақанның, 20. Қадырбаев Қалмақанның, 21. Ақбаев Жақыптың, 22. Қашқынбаев Исаның, 23. Мамырбердин Алдабектің, 24.Бұралқиев Мұстафаның, 25. Досмұхамедов Жаһаншаның, 26. Әуезов Мұхтардың, 27. Сүлеев Біләлдің, 28. Кемеңгеров Қошмұхамедтің, 29. Кенесарин Әзімханның, 30. Өтегенов Садықтың үстінен қозғалған істі мерзімінде аяқтаудың мүмкін еместігіне және куәларды шақырып, барлық оқиғаны анықтау керектігіне байланысты Қаулы етемін:

№2370 іс бойынша жоғарыдағы жауапқа тартылғандарды тергеу түрмесінде ұстауды 1932 жылдың бірінші қаңтарына дейін созу туралы СССР ИКОМ-на ұсыныс жасалсын. Тәртіп сақтау орындарындағы тергеудің жүргізілуін бақылайтын прокурорға хабарланды.

ОО ерекше бөлімінің бастығы - (Попов)

Келісілді - ОО бастығының орынбасары - Волохов).

Бекітілді - тергеу бөлімінің бастығ - (Пирогов).

Тергеу ісі Мәскеуге жөнелтілгенннен кейінгі 1932 жылғы 27 ақпандағы қорытынды Қаулы:

„Мен, ОО ОГПУ-дің 4 бөлімінің бастығының көмекшісі Балминский (Балшинский-?-Т.Ж.) 58-7,58-11, 59-3 баптар бойынша Ә.Ермеков бастатқан, барлығы 20 адамның №121027 тергеу ісін еп. шығып Қаулы қабылдадым:

1.Конрреволюциялық әрекеттер жасады дае айыпқа тартылғандардың тергеу ісіндегі айғақтардың барлығы да 18-20 жылдардың арасын қамтиды.

2. Соңғы жылдарғақатысты жүргізілген тергеуісіндегі айғақтар айыпталушылардың ұлтшыл көзқарасын ғана білдіреді.

3. Түрікшілдердің бандысына қатысты ұйымдастыру-жетекшілік әрекеттері мүлдем көрсетілмеген.

Баяндалған жайды негізге ала отырып: істі ОГПУ-дің Қазақстандағы бөліміне қайтаруды және істі қайтадан тергеуге жіберіп, тиісті шаралар жүргізу туралы шешім қабылдадым.

ОГПУ-дің 4 бөлімінің бастығы (қолы)

Бекітемін. ОГПУ-дің бастығының орынбасары (Кряхов).

Бұл қаулыға қоса Халық комиссарлар кеңесінің жанындағы Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың атынан мынадай ілеспе бұйрығы жолданған:

„КПП ОГПУ-дің Қазақстандағы өкілі жол. Каруцкийге. Алматы.

Ермеков және басқалардың контрреволюциялық әрекеттері туралы (Мәскеуден – Т.Ж.) қайтарылған істі қадағалап тексергенде мыналар анықталды:

1. Конрреволюциялық әрекеттер жасады еп. айыпқа тартылғандардың тергеу ісіндегі айғақтардың барлығы да 18-20 жылдардың арасын қамтиды.

2. Соңғы жылдарға қатысты жүргізілген тергеуісіндегі айғақтар ары дегенде айыпталушылардың өзарасында айтылатын ұлтшыл көзқарасын ғана білдіреді.

3. Айыпталушылардың түрікшілдік қозғалысты ұйымдастырудағы және жетекшілік етудегі әрекеттері мүлдем дәлелденбеген.

Сондықтан да іске тартылған айыпталушылар түрмеден босатылсын, оларды қылмысты іс бойынша тергеу тоқтатылсын. Босатылғандар тыңшылық қызметке тартылсын. Босатылғандардың соңына тыңшы қойылып, жасалған жоспар бойынша олардың ұлтшыл-контрреволюциялық әрекеттеріне баса көңіл бөлініп, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып бақылау астына алынсын.

ОО ОГПУ-дің бастығының орынбасары (Дьяков).

ОО-нің 4 бөлімі бастығының көмекшісі (Паволицкий)”.

Алаш ардагерлерінің тағдыры қандай еп.а, қандай қолдан өткенін, 1928 жылдың қазан айынан басталып 1932 жылдың сәуір айында аяқталған „қылмыстық істің” барлық болмысын көрсету аңғарту мақсатында бір-бірін қайталайтындай көрінетін, бірақ әр қайсысының „өзіндік орыны бар” құжаттарды қауым назарына ұсынуды жөн көрдік. 3 томның 205 бетінде тергеу ісі материалдарының Мәскеуден қайтарылғаны туралы:

„ПП ОГПУ-дің Қазақстан бойынша өкіліне. Алматы қаласы.

Ермеков Әлімханды, Досмұхамедов Жаһаншаны, Домұхамедов Халелді, Күдерин Жұмақанды, Қожамқұлов Наширды, Ақбаев Әбділхамитты, Ақбаев Жақыпты, Әуезов Мұхтарды, Қадырбаев Сейазымды, Сүлейменов Біләлды, Тынышбаев Мұқаметжанды, Мурзин Мұхтарды, Бұралқиев Мұстафаны, Кемеңгеров Қошмұхамедті, Ысқақов Даниалды, Мұңайтбасов Әбдірахманды, Тілеулин Жұмағалиды, Үмбетбаев Алдабергенді, Омаров Уәлиханды жауапқа еп. №2107 істі ОГПУ-дің коллегиясының 32 жылғы 3 наурыз күнгі қаулысына сәйкес қосымша тергеуге жіберіп отырмын.

Қосымша: 5 томнан тұратын тергеу ісі. 32-жылғы 2 наурыз күнгі ОГПУ-дің қатынасы.

ОГПУ-дің бастығының көмекшісі (Звукин)

2 бөлімнің бастығының көмекшісі (Минускин-?)” – деген қатынас бар.
Кейбір айыпталушылардың үстінен жүргізілген тергеу ісін тоқтату туралы Қаулы:

1931жыл, 29 қазан. Алматы қ.

ПП ОГПУ-дің КАССР бойынша ерекше бөлімнің төтенше өкілі Попов:

№2370 іс бойынша тергеуге алынған мына азаматтардың: Мангелдин Алдабектің, Кенесарин Әзімханның, Исаев Әбілдің, Қашқынбаев Исаның, Бүркітов Кенжеғұлдың, Сәрсенов Дәлелдің, Ақаев Серікбайдың, Қоджиков Қоңырқожаның, Қияқов Жүністің, Тоқин Халидтың, Түркебаев Еспердің, Алимханов Фазыл – Ағзамның, Ақбаев Қажымұраттың, Нұрымов Ғаббастың, Қадырбаев Қалмұқамедтің, Ордабаев Рамазанның, Сұлтанқұлов Досмұхамедтің, Өтегенов Садықтың үстінен қозғалған істе сотқа тапсыруға жеткілікті айғақтар болмағандықтан да Қаулы етемін:

Жинақталған айғақтардың жеткіліксіздігіне байланысты бұл адамдардың үстінен жүргізілген тергеу ісі тоқталсын, бұл туралы ГПУ мекемелеріндегі тергеу ісін бақылайтын прокурорға хабарлансын.

ПП ОГПУ –дің ерешет өкілі – Попов.

«Келісемін» ОО ПП бөлім бастығы – Волохов». 3 – том – 119 бет.

3-томның 163- бетінде аса маңызды қатынас қағазы бар. Онда үш жылдан астам уақытқа созылған тергеу ісінің аяқталғанын білдіретін мағлұмат берілген. Онда:



« ОГПУ-дің 1924-жылғы №172 бұйрығына сәйкес бұл тергеу ісі соттан тыс қаралуы үшін ОГПУ коллегиясының жанындағы ерекше бөлімнің қарамағына жіберілуі тиіс

Анықтама: Осы ісбойынша тұтқындалғандардың барлығы Алматы қаласындағы түрмеде қамақта отыр және көрсетілген іс ОГПУ коллегиясының қарамағына жолданды.

ПП ОГПУ-дің ҚССР-дегі ереше бөлімінің бастығы – Хворостян.

Төтенше өкілі – Попов.

«Келісемін»: ПП ОГПУ –дің жанындағы прокурор ...(қолы танылмады).

21/ХІІ -31».



Сонымен «Алашорда ісінің» тергеуі толық аяқталып, соғыс жағдайында қолданылатын әскери –дала сотының үлгісіндегі «үштіктің» қарамағына жіберілген. Ал тергеу хаттамалары «өте құпия» деген бұрыштамамен қауіпсіздік мекемесінің мұрағатына жолданған. Сөйтіп, алды үш жылдан астам тергеу қысымын көрген жиыны 71 алаш азаматы қазақ үшін үш миллионға жуық адамынан айырылған ең қасіретті 1932 жылдың – ашаршылық пен азаптың табалдырығын аттады. Түрмеден шығарда тергеушінің Әлімхан Ермековке айтқан сөзі мен Ә.Ермековтің оған берген жауабы осы арада еске түседі.

Олардың бұдан кейінгі тағдыры мәскеулік жазалау мекемелерінің ырқына көшті. Осы арада сәл ғана тыныс алып, шолақ өрт сияқты шолақ қана ойлануға мүмкіндік алғымыз келеді. Енді сұрақ: осы үштіктің коллегиясы тектергеу ісінің айғақтары бойынша дербес үкім шығаруға құқықты болды ма? Әлде «Саяси басқарма» болғандықтан да коллегияның қаулысы Орталық комитеттің бөлімдеріне жіберіліп, арнайы партиялық кеңесте қаралып, мақұлданатын мүмкіндігі боды ма? Үкім шығаруға партия, үкімет, сот қызметкерлерінің ықпалы жүрді ме? Әрине, Қазақстанда бұл істі «айналымға түсіріп», бұранданы бұрап не босатып отырған Голощекиннің өзі болатын. Ал іс Мәскеудің қарамағына көшкенде олардың екпіні басылып қалғаны М.Дулатовтың түрмедегі «қолхатынан» аңғарылады. Сондай –ақ өте түсініксіз әрі тосын шешімдердің қабылдануына қарағанда үштіктің үкіміне сыртқы тегеуірінді бір күш әсер еткен. Әрине, олар Сталин мен Голощекиннің қас-қабағына қарап баспақтап амалдады. Қазақстанда жаппай ашаршылық жүріп жатқан тұста Голощекиннің қаққан қазығының түбі босап келе жатқан. Мәскеуде «Алашорда» қозғалысы мен оның қайраткерлерін білетін, осы тергеу ісіне жақсы жағынан болсын, мейлі жазалау тұрғысында болсын, «кеңес бере алатындай» кім бар еді? Сол тұстағы қалыптасқан саяси жағдайға, партия мен мемлекет құрылымындағы жіктелу жүлгесіне, жазалау шараларының науқандық сыпатына, кеңес және алаш қайраткерлерінің өзара қарым-қатынасына, жалпы сол тұстағы тарихи –психологиялық барлығудан (стресске) мағлұмат беретін, кейіннен жарыққа шыға бастаған құпия құжаттардың мазмұнына назар салсақ, тура сол 1931-1932 жылдары кеңес өкіметінің айылы сәл босаң тартқан. Жазалау машинасы іске қосылып кеткендіктен оның бетін қайтару мүмкін емес еді. Алайда үштіктің ату жазасын жаппай қолдануы азайып, жоғары жазаны шоғырландырылған лагерьлерге ауыстыруға бет алғаны байқалады. Міне, осы босаңсыған «қас –қабақты» кімдер пайдалануы мүмкін? Әрине, ең бірінші «Кене» – Ежов еске түседі. Ол Семейде губкомда жүргенде – М.Дулатов, Х.Ғаббасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Орынборда қызмет еткенде – А.Байтұрсынов, С.Сәдуақасов, Қызылорда – Ә.Ермеков, С.Қожанов, С.Мыңбаев сияқты қазақ қызметкерлері оны «коммунист –колонизатор» ретінде әшкерелеп, ығыстырған еді. Әсіресе, Семей губкомын таратқан С.Сәдуақасовқа ерекшу тісін басып жүрген. Мәскеудегі орталық комитеттің қарамағына барып, құқық мекемелері дәргейіне көшкен соң «Алашордашыларды» желеу етіп «майданға еркін араласқан». Оған «Алаш ісіне» қатыстылар үштіктің үкімімен сотталып жатқан кезде Днепропетровскіден Кремльге «қызмет бабымен» шақырылып», таңертең аман –есен кіріп, кешке табытқа салынып шыққан, «кәсіптік улану» деп диагноз қойылған С.Сәдуақасовтың өлімі де күдік тудырады. Жұртты күдіктендірмес үшін М.Калинин сияқты «Кремльдің қаңбақ шалын» жерлеу рәсіміне қатыстырған. Бұл туралы С.Мұқановтың естелігінде нақты шындық айтылған. Әсіресе, Ежовпен ежелден ерегесі бар Х.Ғаббасов пен Ж.Аймауытовтың өзгелерден ерекшелініп атылып кетуінің өзі сондай күмән тудырады. Ал барынша жақтырмай қараған, 1924 –1925 жылдардағы жер межелеу кезіндегі комиссия төрағасы ретінде қатысып, солтүстік облыстарды екінші рет Ресейдің құрамына кіргізуге ұмтылысының алдын кескен С.Сәдуақасов пен Ә.Ермеков және Түркістандық Қожанов бастаған қайраткерлер Ежов үшін «басмашы» ғана болатын. Тергеудің үкіміне ықпал жасай алатын екінші адам Тұрар Рысқұлов еді. Өзінің «саяси бағдарын Сталиннің ырқына ықтап анықтайтын» (өз сөзі) саясаткердің Сталинге құпия түрде жазған жасырын мәлімдемелеріндегі:а) Алашордашылардың соңына тыңшы қоюды, ә) олардың З.Валидовпен астасқан жасырын ұйымдарын (өзін ақтай отырып) әшкерелеуді,б) Қожановты саяси сақнадан шеттетуді, в) байларды тәргілеу мен колхоздастыруды тездетуді, г) Қазақстандағы партия мүшелерін тазалауды ерекше «жергілікті ерекшелікті ескере отырып қатаң жүргізуді», д) өзінің З.Валидовпен таныс екенін, Сұлтанғалиевпен хат алысқанын, Қазақстандағы қазақ қызметкерлерінің ұлтшылдық әрекеттерін дер кезінде «орталық комитетке, Сталин жолдастың жеке өзіне хабарламағанына» қатты өкінетінін, оған кездейсоқ оқиға ретінде қарауды өтінген «қолданба хаттары» әр қилы ойға жетелейді.

Т.Рысқұловты саяси-жазалау науқанынан тыс қалды, таза ұлтшылдық бағыт ұстанды, ашаршылық тұсында қазақ халқының мүддесін қорғап хат жазды (нағында ол Голощекиннің орнынан алынуын негіздеген партиялық тапсырма болатын және ашаршылық өтіп кеткеннен кейін жазылды. Ашаршылықты «абыроймен жүргізген» Ораз Исаевтің мәлімдемесі негізінде жазылған еді) – деген сияқты үгіт-насихаттық басылымдар нақты тарихи шындықтың бетін бүркеп кеткен жайлардың да бар екенін ескеруіміз керек. Өйткені мұнда бірдің, мыңның емес, миллиондардың тағдыр тауқыметі жатыр. Үшінші адам, ОГПУ-дің коллегиясы қарсаңында Орталық комитеттің арнайы бөлімдерінде қабылдауда болған Смағұл Сәдуақасов. Тергеу барысына қарағанда тұтқындалғандардың барлығынасұрақ да С.Сәдуақасов пен С.Қожановтың астыртын ұйымға қатысын дәйектейтін сқрақтар берілген. Мүмкін, С.Сәдуақасов осы іске байланысты Кремльге шақырылған шығар. Бұл да кездейсоқ пікір бола қоймас. Әрине, солардың сыртында Ә.Бөкейханов та демін ішіне алып жүрді. Ә.Ермековтің «міндетті түрде Сталиннің қабылдауына кіріңіз» деуі алаш көсемінің жеке басының мүмкіндігін танытады. Оның өз басын арандатудан алып шығуы, шын мәнінде, «Алашорда» өмір сүрген кездегі кеңес өкіметіне қарсы күресін саяси айып ретінде тағуға мүмкіндік бермеген. Бұл да Ә.Бөкейхановтың Құнанбай айтқан « күресемін десең бопсаға шыда» - деген тәмсілін танытады. Сондай-ақ тергеу аяқталардың алдында ғана 20 адам «қылмысы дәлелденбегені үшін», «айғақтардың жеткіліксіздігінен» бостандыққа шығарылады. Солардың ішінде тергеуде берген қорытындылары өте тиянақты, бар қылмысын мойындаған Иса Қашқынбаев та бар. Бұған пәлен деп жіп тақпасақ та, қаперге ала кетуге тура келеді. Мұның алдында И.Қашқынбаевтің «салпаңқұлақ» екендігі туралы таратылған қауесетті де назардан тыс қалдыруға болмас. Сонымен үштіктің үкімі шықты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет