194 негізгі орта мектебіндегі психологиялық педагогикалық қолдау қызметі туралы ережелер Жалпы ережелер


Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мақсаты мен міндеттері



бет2/2
Дата05.12.2022
өлшемі20.98 Kb.
#466529
1   2
психологиялық педагогикалық қолдау қызметі туралы ережелер (1)

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мақсаты мен міндеттері
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мақсаты оқушыларды табысты оқыту мен әлеуметтендіру, оларды барынша дамытуға жағдай туғызуға бағытталған ағарту, диагностикалық және түзету шараларының кешенін жүзеге асыру жолымен білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын
психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруға тарту болып табылады. Бұнда қолдау нысаны білім беру үдерісі, ал қолдау мәні – баланы дамыту жағдайы болып табылады.
3.2. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің міндеттері:
тәрбиеленушінің құқығы мен жеке бас қызығушылықтарын қорғау, олардың оқуы мен психологиялық және дене тұрғысынан дамуын қауіпсіз жағдаймен қамтамасыз ету, психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік мәселелерді шешуде көмектесу және қолдау;
баланың дамуы мен оқуында туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу үшін баланың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін кешенді түрде диагностикалау;
білім беру үдерісінің барлық субъекілерінің арасындағы өзара түсіністік пен өзара әрекеттенуді нығайтуға көмектесу;
оқушылар, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар арасында кеңестік ағарту жұмысын жүргізу.
3.3. Баланы және оның жанұясын қолдау туралы шешім қызметтің барлық мамандарымен бірге, ПМПК-тің тұжырымдамасы мен ұсыныстарының негізінде қабылданады.
3.4. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен және мекемелерімен, оқушыларды
оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыруға көмектесетін әлеуметтік серіктестерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.


Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің негізгі бағыттары
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің негізгі бағыттары:
- психологиялық -әлеуметтік диагностика – оқушылардың бастапқы мүмкіндіктерін, жеке ерекшеліктерін және жеке басының бейімділігін, оқу және тәрбиелеу үдерісіндегі әлеуетті мүмкіндігін, сондай-ақ оқушылардың дамуындағы ауытқушылықтарды, оқудағы, әлеуметтік бейімделудегі қиындықтардың себептерін, мүмкін болатын және іс жүзіндегі әлеуметтік қатер тобын анықтау бойынша зерттеулер жүргізу;
психологиялық түзету жұмысы – оқушылармен түзете дамыту жұмысын жүргізу мен бағдарламаны әзірлеу бойынша педагог-психологтың, әлеуметтік педагогтың, логопед мұғалімнің, дефектолог мұғалімнің, дәрігердің бірлескен жұмысы,әлеуметтік-психологиялық тернингілерді, рөлдік ойындарды, білім беру үдерісіне қатысушылардың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту бойынша педагогикалық ұжым мен ата-аналардың арасындағы топтық дисскуссияларды ұйымдастыру және өткізу;

әрбір жастық кезеңде оқушылардың, тәрбиеленушілердің жеке бастық толық құнды дамуына және өзін-өзі тануына жағдай тудыру, сондай-ақ тұлғалық дамуы мен зерде дамуында мүмкін болатын бұзылыстардың алдын- алу мақсатындағы білім беру үдерісіне қатысушыларды психологиялық-


педагогикалық және медициналық-әлеуметтік тұрғыда ағарту;
білім беру үдерісіне қатысушыларға әр түрлі психологиялық-
педагогикалық және әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша әлеуметтік-педгогикадық және психологиялық кеңес беру; өмірдегі қиын жағдайларды жеңу үшін оқушылар мен ата -аналарға көмектесу; оқушыларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша педагогтарға кеңес беру;
ұйымдық-әдістемелік қызмет – ұйымдық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды (қолдау нәтижелерін талдау және жинақтау,ғылыми зерттеу жұмыстарының материалдарын өңдеу) жүргізу; тәрбиелеу және әлеуметтендіру мәселелері бойынша әдістемелік бірлестіктер, семинар практикумдер, конференциялардың жұмысына қатысу; тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайын есепке ала отырып, оларды сауықтыру бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; инновациялық әдістерді меңгеру бойынша семинарлар, тренингілер мен кеңес жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу; мүмкіндіктері шектеулі балалар туралы мәліметтер қорын қалыптастыру; психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік қолдау бойынша отандық және шетелдік ғылым мен практиканың жетістіктерін зерттеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет