1992 жылы туған жас жігіттердің,сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін



Дата27.06.2016
өлшемі56.02 Kb.
#160663
1992 жылы  туған жас жігіттердің,сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының  шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің  тіркелуін
 өткiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жалғы 08 шілдедегі «Әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 17 бабына сәйкес, Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне 1992 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің сапалы және дер кезінде тіркелуін өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бұқар жырау ауданының Корғаныс істері жөніндегі бөлімінің негізінде 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуі өткізілсін.

2.Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін мынадай құрамда комиссия бекiтiлсiн:

Өмiрбек Ыбырайұлы Әбiлов Бұқар жырау ауданының

Корғаныс істері жөніндегі

бөлімінің бастығы,

комиссия төрағасы

Асхат Сағадиұлы Әли аудан әкiмiнiң орынбасары,

комиссия төрағасының

орынбасары

Комиссия мүшелерi:

Жасұлан Оразгұлұлы Жаппасов аудандық iшкi iстер Басқармасы 

бастығының орынбасары,

полиция подполковнигі 

Мұрат Әлімұлы Байғожин медициналық персоналдың

жұмысын басқарушы дәрiгер,

медициналық комиссияның 

төрағасы

Айгүл Қайырқызы Әбілдина аудандық орталық аурухананың 

медбикесі, комиссия хатшысы

Медициналық комиссия мүшелерi:

Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев дәрiгер-хирург

Сағдат Қабиұлы Какенов дәрігер-терапевт

Зура Қайырбекқызы Жұмақаева дәрiгер – невропатолог

Сара Сартайқызы Сембаева дәрiгер – офтальмолог

Сәкен Ескендiрұлы Барлыбаев дәрiгер-стоматолог

Роза Нұрғалиқызы Жұмақаева дәрiгер дермато-венеролог

Зәмзәгүл Жұмағұлова дәрiгер – психиатр

Бақтыбай Айтмұханбетов дәрігер-рентгенолог

Ертай Шерікбай дәрігер-отоларинголог

3.Заңның 44 бабының 4 тармағына сәйкес азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу бойынша комиссия мүшелеріне, комиссия жұмысына қатысатын медицина қызметкерлеріне осы міндеттерді орындау уақытында жұмыс орны, қызметi және еңбекақысы сақталады.

4.Комиссия төрағасы (Өмiрбек Ыбырайұлы Әбiлов (келісім бойынша) комиссияның отырысы толық емес құрамда өткiзiлуiн болдырмасын және шақыру учаскесінде жас жігіттерді тіркеудің сапалы өткiзiлуiн ұйымдастыру жөніндегі Заңның орындалуын қатаң қамтамасыз етсiн.

5. Селолық округтер және кенттер әкiмдерi:

1) құлақтандыру ұйымдастырсын және 1992 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің белгіленген мерзімде қажетті құжаттармен Бұқар жырау ауданының Корғаныс істері жөніндегі бөліміне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

2)тіркелу өткiзу кезеңiне техникалық жұмысты ұйымдастыруға село және кенттер әкiмдерi аппараттарының есеп және брондау жөніндегі мамандары тартылсын.

3)жас жігіттерді тасымалдау кезінде техникалық жарамды автотранспортпен қамтамасыз етілсін, көлік жүргізушілермен техника қауіпсіздігін сақтау жөнінде нұсқаулық өткізілсін. 

6.Қазынашылық мемлекеттік коммуналдық «Аудандық медициналық бірлестік» кәсіпорынының директоры (Болат Мұздыбайұлы Мұздыбаев (Қарағанды облысы денсаулық сақтау Департаментімен келісім бойынша):

1)Ботақара және Ғабиден Мұстафин кенттерінің ауруханаларында 1992

жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің кеуде талшығы флюорографиясынан өткізілуін, электрокардиограмма, анализдар тапсыруын ұйымдастырсын;

2)1992 жылы туған жас жігіттерді, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттерді тексеру үшін табан флюорографиясына рентгенопленкалардың және электрокардиограмма өткізу үшін қағаздың резерві жасалсын; 

3) Ботақара және Ғабиден Мұстафин кенттерінің стационарында қосымша тексеру және тіркеуден өтіп жүргенде анықталған ауруларды емдеу үшін төсек орнының резерві болсын. 

7.Аудандық ішкі істер басқармасының бастығы (Серік Сағынбайұлы Алиев (келісім бойынша):

1) Бұқар жырау ауданының Корғаныс істері жөніндегі бөліміне 1992 жылы туған жас жігіттерге, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттерге қатысты тергеу немесе алдын-ала тексеріс жөнінде мәлімет ұсынсын, сонымен қатар тіркеуден бас тартып жүрген жігіттерге іздеу салсын;

2) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тіркеу комиссиясы мерзімінде аудан орталығының учаскелік инспекторлар санынан кезекшілік құрылсын;

3)Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне жас жігіттерді жеткізу кезінде автотранспортты ілестіру қамтамасыз етілсін. 

8.Аудандық қаржы бөлiмi (Баян Райханқызы Муталяпова) Заңның 44 бабына сәйкес, смета бойынша, тіркеуден өту шараларына байланысты іс-шараларға қаржы бөлсін.

9.Меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдар мен кәсіпорындар және оқу орындарының басшылары жас жігіттерді оқудан, еңбекақысы сақталуымен жұмыстан босатсын, тіркеуден өту мерзімі мен уақыты жөнінде құлақтандырсын.

10. Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Өмiрбек Ыбырайұлы Әбiлов) осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты аудан әкiмi аппаратына 2009 жылдың 10 сәуіріне дейін ұсынсын.

11.Бұқар жырау аудан әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы №39/1 «1991 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін өткізу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркелу нөмірі 8-11-50, аудандық №5 «Сарыарқа» газетінде 2008 жылдың 2 ақпанында жарияланған)

12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсiн.

13. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.



Аудан әкімі Е. НАШАРОВ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет