1.Қаржылық менеджменттің мақсаты және міндеттері



бет13/13
Дата22.11.2022
өлшемі49.65 Kb.
#465405
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
f27257c810d4c9f806121709f43f2fc6 1 (3) (копия)

5.Капиталдың құны
1.Капитал құнын бағалау
Капитал құны өзінің активтерінің нарықтық құнын калыпты деңгейде сақтап қалу үшін ұсынатын табыс болып табылады. Қаржы менеджерлерi капитал құнын білу kелeciдей cұрақтар үшін маңызды: капитал салымдары туралы шешімдер қабылдау; капиталдың оңтайлы құрылымын қалыптастыру; ұзақ мерзімді қаржылық лизингтік несиелерді тарту; ескі облигацияларды жаңа облигацияларға ауыстыру; айналым капиталын басқару.
Капиталдың әрбір қалыптасу көзi өзiнiң құнына ие болады. Капиталдың құрамдас бөліктерінің құнын келесідей тәртіппен анықтауға болады:
Кi-салық салынғанға дейiнгi қарыз капиталдың құны;
Kd = Ki (1-t) - салықтан кейінге қарыз капиталдың құны; мұнда t-салық мөлшерлемесі;
Кр- артықшылығы бар акциялардың құны;
Ks - бөлiнбеген табыстың құны (капиталдың iшкi құны);
Ке-қарапайым акциялардың құны (капиталдың сыртқы құны);
Kо- кәсіпорын капиталының жалпы немесе орташа салмақталған құны.
Қарыз капиталдың құны. Қарызға тартылған капиталдың салық салғанға дейiнгi құнын (Ki) есептеуге болады. Бұл үшiн облигациялар бойынша ақша ағындарынан келетiн iшкi табыс мөлшерін (немесе өтеу кезiндегi табысты) есептеу керек. Облигациялардың табыстылығын есептеудің қарапайым формуласы келесідей:
Ki= I+(M-V)/n/(M+V)/2 ;
мұнда I-жылдық пайыздық табыс көлемі; М - облигацияның номиналдық құны; V-облигацияны сатудан түскен табыстың таза нарықтық құны; n- облигацияның мерзiмi (жыл, тоқсан,ай).
Кәсіпорында капитал құнын бағалау үш кезеңмен жүзеге асырылады:
1) кәсіпорынның меншікті капиталының жеке элементтерінің құнын бағалау;
2) кәсіпорынмен тартатын меншікті капиталдың жеке элементтерінің құнын бағалау;
3)кәсіпорынның капиталының орташа өлшенген құнын бағалау.

2.Капиталдың орта өлшемді құны


Капиталдың орташа өлшенген құны – WACC
(Weighted Average Caste of Capital) келесі формула арқылы анықталады:
WACC=∑ (Ki* di)
мұнда
WACC – капитал құны, %;
Ki – i-қаражаттар көзінің бағасы, %;
di – пассивтер құрылымындағы i-ші қаражат көзінің үлес салмағы, коэфф.;
i – қаржыландыру көзінің реттік нөмірі, бір.;
n – кәсіпорын қолданатын қаржыланлдыру көздерінің жалпы саны, бір.
WACC – тің экономикалық маңызы:
Егер де рентабельділік деңгейі капиталдың орташа өлшемді құны көрсеткішінің ағымдағы мәнінен төмен болмаса, кәсіпорын кез келген, оның ішінде инвестициялық сипаттағы шешімдерді де қабылдай алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет