1-23. Қазақстан Республикасы қазіргі іргелес мемлекеттердің ішінде алға басқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Сіздің ойыңызша, біздің еліміз осындай жетістіктерге қалай жетті.
Қазақстан 1991 жылы егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдады. Қазақстан заманауи, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін үш бірдей жаңғыртуды жүзеге асырды: осы заманғы мемлекетті тұрғызды және нарықтық экономикаға серпіліс жасады, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалады, қоғамдық сананы қайта қалыптастырды. Этникалық, мәдени және діни әралуандылыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған шаңырағына айналды. Азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер диалогының бірегей еуразиялық моделіне айналды.
Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи моделін қалыптастырды. Қазақстандық модель шетелдік инвестицияларды тартудағы мемлекеттің белсенді рөліне негізделеді. Елімізге 160 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ЖІӨ көлемі бойынша әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кірді. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде 51-орынға ие.
Қазақстан бүгінде-өзіндік бет-бейнесі, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекет. Еліміз егемендік пен саяси салмақты нығайту үшін 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Күшті мемлекет өмір сүру саясатымен емес, жоспарлау, ұзақ мерзімді даму және экономикалық өсу саясатымен айналысады. Көптеген елдер қазірдің өзінде 2030-50 жылдардан асып кетуге тырысуда. Сондықтан 2012 жылғы желтоқсанда біздің елімізде әлемдегі жаһандық өзгерістер мен өз жетістіктерін, мүмкіндіктерін ескере отырып, Президент Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша "Қазақстан-2050 "Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" қабылданды. Біздің басты мақсатымыз-2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Бұл стратегияның негізгі бағыттары: мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту; экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу; ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау; жаңа әлеуметтік модельді қалыптастыру, білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйелерін құру; мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру болып табылады.
24. Қылмыстық жауаптылық – өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез-келген қылмысқы тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануға жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұны дегеніміз не.
Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады.Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субьектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп- қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін ( айыптаушылығын) айтамыз.
Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз байланысты.Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді.Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқылық зардабы.
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық құқылық қатынас та жоқ.Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады.Тараптардың арасында қылмыстың субьектісімен (қылмыс жасаған адаммен) мемлекеттің атынан өкілдік алған органдардың арасында тиісінше құқылық қатынастар пайда болады.Қылмыстық құқылық қатынас бір жағынан мемелекет атынан әділ соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан қылымыс істеген субьектінің арасындағы қатынас болып табылады.Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.
Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты:істелген қылмыстың құрамы қандай, кінәнің нысаны, дәржесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болады ма және т.б.Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады.
Қылмыстық құқылық қатынас іс жүргізу құқықылық қатынастармен тығыз байланысты.Өйткені, қылымыстық құқылық қатынас қылымыс істеу фактісіне байланысты болады.Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу,сотта қарау мәселелері қылмыстық іс жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады.Бұл қатынастар субьектімен мемлекеттің оның уәкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады.
Қылмыстық құқылық қатынастар субьектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие болады.Қылмыскер құқықтық қатынастың обьектісі болып танылады.
Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылымыс істеуден сақтандырады және сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскерде мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субьектісі ретінде көрінеді.Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың обьектісі болып қалады.
Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды.Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады.Сот айыптыны кінәлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді.
Қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмысытың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды.қылмысАдамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады.кер тиісті үкімет органының күштеу арқылы ықпал ететін обьектісі ғана емес, белгілібір құқықтардың субьектісі де.Өйткені жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни сакцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады.Сондықтан да қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге әділ соттылықты жүзеге асыруда дарындылықтың кепілі ретінде де көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |