Энеолит дәуірінде алғаш рет мыстан пышақтар, түйреуіштер және инелер жасала бастайды.Мыстан жасалған шоттың немесе басқа да құралдардың тастан жасалған шапқыға қарағанда жұмыс істеу тиімділігі бірнеше есе артты. Мыстан жасалған құралдар тиімділігі нашар тас құралдарды жаппай ығыстырып шығара бастады. Мыс қалыптардың ойлап табылуы құралдарды көбейтіп шығаруға мүмкіндік берді. Мыстан жасалған өткір жүзді құралдардың пайда болуынан қармақ сияқты бұрын белгісіз болған құралдар да ойлап табылды. Металлдың адам мен қоғам өміріне ене бастауы энеолит дәуірінің басты ерекшелігі болып табылатын.Мал шаруашылығы дамыған аймақтарға энеолит кезеңі үлкен өзгерістер алып келді. Бұл дәуірде климат ылғалды еді. Сол себепті де мұндай табиғи орта сүтқоректі жануарлардың, әсіресе жылқы малының көбеюіне жағдай жасады. Бұрын бір жерден екінші жерге жиі қоныс аударатын аңшы тайпалар өздерінің көшу аумақтарын қысқартып, бір орында ұзақ уақыт тұрақтай бастады. Аң аулау алқаптарының босауы мал санының одан ары ұлғаюына әкелді. Ал энеолит тұрғындары төрт түлік малды, қолға үйретіп, анағұрлым үлкен аумақтарда шаруашылықтың бір түрі мен шұғылдана бастады. Осыдан олардың неолит кездегіден бөлек өздер бес мәдениеттері пайда болды.Қоныстар әдетте Торғай, Терісаққан, Тобыл, Обаған, Шағалалы сияқты шағын дала өзендерінің биік алаптарында орналасқан. Олардың көлемдері 2-3 гектардан 15 гектарға дейін жетеді. Бұл қоныстардың ішінде жақсы зерттелгені – Ботай қонысы. Ол шамамен б.з.б. ХХІҮ-ХХІІ ғасырлараралығында 200 жылдай өмір сүрген. Қазірге дейін 158 тұрғын үйдің орны табылған. Қоныстың тұрғын үйлері тығыз орналасып, бір-бірімен жалғасатын өзінше бір кварталдарды құраған. Бұлардың біреуінде 30-ға дейін үйлер болған.Қоныстар әдетте Торғай, Терісаққан, Тобыл, Обаған, Шағалалы сияқты шағын дала өзендерінің биік алаптарында орналасқан. Олардың көлемдері 2-3 гектардан 15 гектарға дейін жетеді. Бұл қоныстардың ішінде жақсы зерттелгені – Ботай қонысы. Ол шамамен б.з.б. ХХІҮ-ХХІІ ғасырлар аралығында 200 жылдай өмір сүрген. Қазіргедейін 158 тұрғын үйдің орны табылған. Қоныстың тұрғын үйлері тығыз орналасып, бір-бірімен жалғасатын өзінше бір кварталдарды құраған. Бұлардың біреуінде 30-ға дейін үйлер болған.Тарихи үдерістің дамуында энеолиттен кейінгі жалғасатын қола кезеңі Қазақстан тарихында орыналған көптеген ерекшеліктерімен сипатталады.Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Қола дәуірінің хронологиясы - б.з.б. ІІ-І мың жылдықтар. Мысты-тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Еуразияда қола өндіру тәсілім еңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болды.Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды. Алдымен бұл ерекшелік қола металлургиясымен байланысты. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлерінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады. Кейінгі ерекшелік шаруашылықты қамтиды. Біздің заманымыздан бұрынғы II мыңжылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық.Еуразия халықтарының шаруашылығында мал өсіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б.з.б. II мың жылдықтың аяғында –I мыңжылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді.Егіншілік орташа дәрежеде дамыды. Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай-ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажететті, мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың рөлін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады.Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты болды. Жеке семьялар оқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.