3. Стилистиканың зерттеу нысаны, салалары, тіл білімінің басқа салаларымеи байланысы, алатыи орны
Стилистиканың зерттеу нысаны — лексика-фразеология, грамматика және фонетика қарастыратын тілдік тұлға-бірліктер. Ал басты үғымы — стиль екені белгілі. Бүл түлға-бірліктер қолданылуда әр түрлі стилистикалық бояуға ие болады, оның жиынтығы стилистикалық құралдарды құрайды. Бірақ стиль тілдің стилистикалық бояуға ие емес бейтарап элементтері арқылы да жасалатынын ескерсек, бұл мәселенің әлдеқайда күрделі екенін түсінеміз.
Қазіргі қазақ тілінің стилистикалық құралдары тілдің барлық деңгейлерін қамтиды: фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Тілдің ең бай стилистикалық бейнелі құралдарының қатарына арнайы бейнелеуіш-көріктеуіш құралдары жатады (метафора, метонимия, мақал-мәтел, тұрақты тіркестер, синонимдер).
Тілдік құралдардың стилистикалық жұмсалу мүмкіншіліктері өте кең, әртүрлі фонетикалық құралдардың мүмкіндігі дыбыстардың әр түрлі стильдік мақсатта қолданылу ерекшелігіне байланысты. Мысалы, дыбыстардың мәтін ішіндегі қайталануы (ассонанс, аллитерация), интонация, екпін, оның түрлері т.б.— бай стилистикалық ресурсқа ие фонетикалық құралдар. Сөздердің көп мағыналылығы, олардың ауыспалы мағыналарда, синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарларда жұмсалуы, көнерген, тарихи сөздердің, жаңа сөздердің әр түрлі мақсатта жұмсалуы — бұлардың бәрі лексиканың стилистикалық мүмкіндіктерін көрсетеді. Ал морфологиялық стилистикалық құралдарға сөз таптарының, оларға тән әр түрлі категориялардың стилистикалық мақсатта жұмсалуы жатады. Ғалымдардың пікірінше, синтаксистің стилистикалық мүмкіндігі мол. Өйткені тілдік қарым-қатынас сөйлем, оның әр түрлі мақсаттық түрлері, үлгілері негізінде жасалатыны белгілі. Сондықтан сөйлемнің құрылымдық түрлері, сөйлем мүшелерінің әр түрлі қолданысы, инверсияланып жұмсалуы, жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрлері, синонимдік қатарлары - бұлар бай стилистикалық ресурстардың қатарына жатады. Мұны зерттейтін стилистиканың саласы — тіл құралдарының стилистикасы деп аталынады. Көптеген орыс тілі ғалымдары стилистиканы тіл білімінің аталған салаларымен тығыз байланысты екендігін баса айтады. Мәселен, Г.Винокур «Стилистика изучает язык по всему разрезу его структуры сразу т.е. и звуки и формы... но зато с особой точки зрения» (Изб. работы по русскому языку. М., 1959, с.223) десе, В.Виноградов: «Стилистика общенародного национального языка охватывает все стороны языка: лсксику, грамматику и фонетику» (10)— деп баға береді.
Қарым-қатынастың әр түрлі саласында, пікір алысудың мақсат-міндеттеріне сәйкес, ойдың мазмұнына лайық осы аталған тұлға-бірліктерді таңдау мен ұйымдастырудың жалпыға ортақ принциптері қалыптасады. Бұл жағдай тілдік құралдардың қызмет ету процесінде әр түрлі функционалды стильдердің жасалуын негіздейді. Белгілі бір салада, қарым-қатынастың белгілі бір түрінде осы тілдік құралдардың қызмет ету ерекшеліктеріне қарай функционалды стиль түрлері ажыратыла бастайды. Бүл — функционалды стилистиканың міндетіне жатады. Сөйтіп, стилистиканың салаларына мыналар жатады:
1. Тіл құралдарының стилистикасы.
2. Функционалды стилистика.
3. Көркем әдебиет стилистикасы.
Бұлардың соңғысы өз алдына жеке сала ретінде дамып келеді. Көркем әдебиет стилистикасының отандық ғылымда жеке сала болып қалыптасуы ғалым, академик В.В.Виноградовтың есімімен тығыз байланысты. Негізгі нысаны — көркем әдебиет, оның тілі, стилі.
Достарыңызбен бөлісу: |